«Nur Otan» партиясы «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы және «Канвассинг» шарасы шеңберінде
«Nur Otan» партиясы «Ардагерлерді ардақтайық » партиялық жобасы және «Канвассинг» шарасы шеңберінде Жәнібек аудандық мәслихатының депутаты Біржан Қуанәлиевпен «Жәнібек» бастауыш партия ұйымының төрайымы Ляззат Абдулова Жәнібек ауылының тұрғыны зейнеткер Саленов Кенжеғалидің үйінде болып, оның хал-жағдайымен танысты.
Өз сөзінде Біржан Қуанәлиев ауданымызда атқарылып жатырған жұмыстар туралы хабардар етіп, аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бағытында партия тарапынан қолға алынған шаралар жөнінде баяндады. Өз кезегінде Кенжеғали Саленов көрсетіліп жатырған қамқорлыққа шынайы ризашылығын білдіріп, қызмет атқарып жүрген барлық азаматтарға сәттіліктер мен табыстыр тіледі.

