Мазмұнға өту

Жаңа

Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 90 жыл

2012 жылы 15 желтоқсанда Ұлы Отан соғысының ардагері, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, А. А. Фадеев атындағы Бүкілодақтық сыйлықтың лауреаты Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 90 жыл толды. «Әзілхан – біздің республикамыздағы, үлкен одақ көлеміндегі жақсы танылған прозаиктеріміздің бірі. Әзілханның әрбір кітабы, баспадан шыққан әрбір сөзі – біздің халықтың көңіліне, жүрегіне қонып жатқан сөздер, ұялап қалған ойлар» Ғабит Мүсірепов Жақында сүйікті жазушымыздың шығармашылығына арналған интернет-парақша пайда болды. Парақшаның адресі. Әдеби онлайн-мекен туралы Әзілхан атаның немересі Әлия Нұршайықова былай дейді: «Атамыздың 90 жылдығының қарсаңында отбасымыз болып осы датаға әр қайсымыз өз үлесімізді қоса бастадық. Ата-анамыз «Махаббат, қызық мол жылдар»…

7
1
2125

ZHASTAR-BKO.kz «Жыл үздігі-2012» БҚО жастар премиясының иегерлері: http://www.zhastar-bko.kz/index.php/bko-jastar/uzdik-2012/82-uzdik-2012/926-news.html ...

студент жастардың басын бір арнаға тоғыстырған беделді ұйымдардың бірі. Студенттердің мүддесін қорғауды басты мақсат тұтқан ұйым елбасымыздың саясатын жүзеге асыруға өз септігін тигізіп, облысымыздағы маңызды шаралардың ұйымдастырушысына айнала білді. Жастар ұйымдары арасында әрқашанда озық жүретін «Орал»студенттер Альянсы» өзгелерін айтпағанда биылғы жылдың өзінде 2 жазғы лагерь ұйымдастырып үлгерді, оның бірі облыстық «Достық» лагері болса екіншісі парламент депутаты М.Бегентаевтің қатысуымен өткен «Болашақ жастардың қолында» атты республикалық студенттік лагер. Ұйым мүшелері облысымызды республикалық, халықаралық деңгейде танытып жүрсе, ұйым көшбасшысы Салтанат Асқарқызы республикалық Қазақстан студенттер Альянсының «Үздік көшбасшы» номинация иегері. Тек қана студент жастардан құралған…

0
1
803

Әлемнің әр түкпірінен Жаңа Жылдық құттықтаулар

Білім алу мақсатында шетелге аттанған әрбір азамат туған жерін, елін, өз үйін сағынатыны айдан анық. Білімге ұмтылған қазақ жастары сондағы әр түрлі студенттік топтамаларда белсенділік танытып жүр. Мысалы, Сеулдегі отандастарымыз осы жылдың 29 қыркүйегінде құрылтай өткізді. Сонымен қатар, бір-біріне көмектерін аямай, елімізді түрлі көрмелерде әлемге танытып, Қазақстанның мерекелелерін бірге қарсы алуда. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында шетелде оқитын қазақ студенттерінің топтамалары интернет арқылы байланысып, арнайы бір ортақ видеоны дайындады. Видеодан Токио, Дублин, Ванкувер, Стамбул, Анкара, Мәскеу, Санкт-Петербург, Лондон, Альбукерке және Вашингтон студенттерінің еңбектерін тамашалай аламыз. Атап айтқанда, отандастарымызға жолдаған ізгі тілектері мен оқудағы қызықтарынан үзінділері. Жанн…

3
1
5145

Әйгерім Қалаубаева, әнші, тележүргізуші: «Аймақтар аламаны» көрермендердің сүйіп көретін бағдарламасына айналады

- Әйгерім, жақында Тұрсынбек Қабатов екеуіңіз «Аймақтар аламаны» атты жаңа бағдарламаның жүргізушісі болады деген хабар естіп жатырмыз... - Иә, ақпаратыңыз өте дұрыс. Тұрсынбек екеуміз аталған бағдарламаны жүргізбекпіз. Бір ерекшелігі - сайысқа кез келген өнерлі адам келіп қатыса алмайды. Қазақстанның он төрт облысынан іріктелген өнерпаздар ғана қатысады. Он төрт облыс өкілдері қазылар алдында өнер көрсете отырып, ұпай жинайды. Жинаған ұпайлары арқылы іріктеліп, ең соңында бір облыс жеңімпаз атанады. - Бағдарлaманың негізгі тұжырымдамасы қандай? - Жобаның мақсаты - өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу. Әр облыстың тұрғындары жанкүйер болып, жерлестеріне қолдау көрсетеді. Байқау барысында елімізге жаңа есімдер мен жаңа жұлдыздар белгілі болады деген үміттеміз. - Ойынның жалпы ережесі…

1
2
4132

Выпуск 44. Сүгір — Бозінген

Композитор-кюйши Сүгір Әлиұлы (1882-1961) (не путать с Сүгіром Бегендікұлы) был учеником известного кобызиста Ықыласа Дүкенұлы. Музыкальные способности Сүгіра проявились ещё в детстве — с 15 лет он получил известность как исполнитель кюев Тәттімбета. Большое значение для становления композитора имело овладение художественным своеобразием, стилем кюев Ықыласа Дүкенұлы, обычно исполняемых на кобызе и переложенных Сүгіром на домбру. Исполняя их, Сүгір приобрёл популярность в народе, его называли «домбырашы Сүгір». В новом выпуске "Казахской музыки" мы узнаем историю появления кюя «Бозінген» (Белая верблюдица). қазақша үйренейік Друзья, ретвиты, лайки и клики на кнопочки "Facebook", "ВКонтакте" и "Мой Мир" приветствуются. Спасибо! :) При подготовке выпуска были использованы материалы из 1, 2…

-1
4
3084

1986 жылдың желтоқсаны куәгерлер көзімен

«Екпін» журналы атаулы датаға орай материалдар топтамасын ұсынады. Бірінші материалда журналист Қымбат Әбілдақызының берген естелігі болса, бүгінгі кейіпкерлеріміз Берікгүл мен Клара өз естеліктерімен бөлісуде. Берікгүл Әбдіқалықова, психолог: 1986 жылы мен Алматы қаласындағы кітап баспасында жұмыс істеп жүрген болатынмын. Ол кезде небары 20 жаста едім. Сол жылы желтоқсан айында басшылық жастар алаңға шыға бастағанын естіп, жұмыскерлерді сол жаққа милицияға көмектесетін жасақшылар ретінде жіберді. Басында шынымен де жастардікі дұрыс емес шығар деп алаңға шыққан болатынбыз. Алайда келгеннен кейін бәрін өз көзімізбен көріп, жастарды милиционерлердің тепкісіне бергіміз келмей, біз де соларға қосылып кеттік. 16 желтоқсанда кешке бәріміз жатақханаға келіп, барлығын жинап, алаңда болып жатқан ә…

9
3
2495

Құқығыңды қорғай біл – қызметі үшін ақы алмайтын «Әділетті» пайдалан!

Қазіргі заң заманында еліміздің әр азаматы өз құқықтарын білуге міндетті. Кез- келген Заң ел мүддесі үшін жасалады. ҚР Әділет министрлігінің ұйытқысымен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі іске қосылды. Аталмыш жүйенің ел тұрғындары үшін пайдасы мен артықшылықтары туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары Раушан Нұрымбекқызы Жантасова айтып берді. - Раушан Нұрымбекқызы, сайтты құру идеясы қалай туындады? Басты мақсаттарыңыз не? - Қазақстанның құқықтық ақпараттандыру тарихы 19 жылды құрайды. Бұл даму, іздену, қалыптасу арқылы өткен жол. Сенуге мүмкін емес, бірақ осыдан жиырма жыл бұрын іздестіру құқықтық жүйелері қиял болып саналатын, заңнама жинағы қағаз түрінде жүргізілді, нақт…

0
0
4226

Қымбат Әбілдақызы: «Желтоқсандықтар арманының алдында қарыздармыз»

1986 жылдың желтоқсаны журналист Қымбат Әбілдақызының көзімен 1986 жыл деген бүгінгідей Тәуелсіздіктің рухы ар-намысымызда шынайы көрініс табатын уақыт емес еді. Біз өте саналы түрде жоғарыға бағынышты екендігімізді білетінбіз. Ол жоғары деген қазақтың тәуелсіздігіне, өзінің ұлтын сүю сезіміне қолдау көрсетпейтіндігі, қайта қысып ұстайтындығы ап-анық мәселе болатын. Сырттан сондай бір қысым болғандықтан елді сүю, туған Отаныңды сүю, халқыңның құндылықтарын құрметтеу, соған жан ашу сезімінің барлығы бір ұлтшылдық болып көрінетін. Кезінде бізге атеизмді оқытты, құдайдан қорықпайтын болдық, ішкі иманымыз бекем болған жоқ. Ол кезде «Мен қазақпын», «Менің ұлтым» деген дүниелерді біз бүгінгідей сезіммен айта алмайтынбыз. Сондықтан сол бір ішкі қыспақ адамның еркіндігіне, рух еркіндігіне қысым б…

12
2
3780

Жетімнің күнін кешкен қазақ тілі!

Күні кеше құжаттарды реттеу мақсатымен жүріп, бір жағымсыз жәйтті көзім шалыпқалды, әттең. Алматы шаһарының халыққа қызмет көрсету орталығында, қалың жұрт арасында "ЦОН" аталып кеткен мемлекеттік мекемеде замандасым бе екен, сірә, маңыздысы ол емес, реттік нөмірі үлкен мониторда жарқ еткенде, көрсетілген операторға жол тартты, ешқандай әбестік байқалмайды бұл таңда, қызық әрі қарай өрби түседі. Замандасыма қызмет көрсететін кісі, орыс ұлтының өкілі екен, өздеріңіз шамалағандарыңыздай қазақ тіліне "жоқ" екен мүлдем. Жә, қазақша білмейтін жалғыз орыс емес қой, шындап келгенде, таңғалатын түгі жоқ, ал мәселе бұл қызметкердің жауапсыздығында, басынғанда боп тұр. Замандасым "тетеньканын" қасына жайғасып өзіне керектіні қазақша түсіндіре бастады, бұрыс оймен емес әрине. ЦОН-ның қызметкері заман…

1
0
1682