Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жетімнің күнін кешкен қазақ тілі!

Күні кеше құжаттарды реттеу мақсатымен жүріп, бір жағымсыз жәйтті көзім шалыпқалды, әттең.

Алматы шаһарының халыққа қызмет көрсету орталығында, қалың жұрт арасында "ЦОН" аталып кеткен мемлекеттік мекемеде замандасым бе екен, сірә, маңыздысы ол емес, реттік нөмірі үлкен мониторда жарқ еткенде, көрсетілген операторға жол тартты, ешқандай әбестік байқалмайды бұл таңда, қызық әрі қарай өрби түседі. Замандасыма қызмет көрсететін кісі, орыс ұлтының өкілі екен, өздеріңіз шамалағандарыңыздай қазақ тіліне "жоқ" екен мүлдем. Жә, қазақша білмейтін жалғыз орыс емес қой, шындап келгенде, таңғалатын түгі жоқ, ал мәселе бұл қызметкердің жауапсыздығында, басынғанда боп тұр.

Замандасым "тетеньканын" қасына жайғасып өзіне керектіні қазақша түсіндіре бастады, бұрыс оймен емес әрине. ЦОН-ның қызметкері замандасым ойын бітірместен, сөзін бөліп, ойып тұрып айтқаны: "Молодой человек, вы что издеваетесь или таким образом шутите?". Замандас жігіт болған жайтты түсіне қоймастан, "следующий" деп жар-жар салды. Бұл не масқара? Ол не қытай тілінде, немесе грек тілінде сөйлеп тұр ма, солай жауып қайтаратындай? Әлде, қазақ тілінде жауап қайтару ол кісіге орындалмас жағдай ретінде әсер етті ме екен? Мен ызаланып, жақындап жөн сұрасып, бұл жігіттің кезекте бір жарым сағат тұрғанын, ал ол кісісымақтың қазақ тілінде қызмет көрсету міндеттілігін атағанда, ата заңға сілтеме салып, жоғарыдағыларға шағым түсіретіндігімді айтқанымда аспаннан тез жерге түсті, жанындағы қазақша тілі сынған әріптесіне жіберіп, ызаланып болса да.

Бұл жалғыз жәйт емес 21 жыл бойы орын алып келе жатқан, әрине. Әрі қарай жалғаса да береді...

Кеше Елбасымыз басқа өз сөзінде ұлт өкілдерін, тіл мәселесі бойынша, кемсітпеуімізді талап етті, қазақтардан әрине. Сонда, қазақтарды басқа ұлт өкілдері кемсітуге әбден болады деген сөз ғой, мәселен, жоғарыда аталып өткен жәйт соның айқын дәлелі.

21 жыл бойы қазақ тілі, шын мәнәнде, жетім баланың күнін кешуде, оған себеп қазақ тіліне деген сұраныстың, талаптың болмауы. Шындап келсек, қазақ тіліне шорқақ болсаң, қандай перспективалардан айырыласың, жауыбы - ешқандай. Жұмысқа тұру, азаматтық алу, мансап құру, ақпарат алу, күнделікті ауыз-екі сөйлесу үшін қазақ тілінің еш керегі жоқ: жағымсыз да болса, бұл шындық. Шенді-шекпенділердің "одолжение" жасап, өз баяндамаларының басында "сәлеметсіздер ме, қайырлы кеш" деп қысқаша қазақша қайырып, әрі қарай орысша ана тіліндей сайрайтыны ешкімге үлкен құпия емес. Осындайда менің бір украин досымның сөзі ойыма оралады "очень сложно учить язык, который не нужен". Дұрыс қой айтып отқаны? Қазақша білгеннің қандай пайдасы бар Қазақстанда? Ешқандай - жауыбы бұл сауалдың.

21 жылда кететіні кетіп болды, шет ел асып; қалғандары болашағын, балдарының болшағын Қазақстанмен байланыстыратындары. Сол себептен, сөзді қойып, нақты іске көшу керек. Елбасымыз атап өткендей - Қазақстанның болашағы қазақ тілінде. Айтылған сөздің іс жүзінде қабанданғаны ғой біздің ниетіміз.

Мен бұл блог арқылы біреуді ренжітуден аулақпын, тек мәселенің бар екенің айқындап, ішкі сезіммен бөлісу бар мақсатым!

P.S. Тәуелсіздік күні құтты болсын, достар! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

1
0
1644

Осы тақырып бойынша

Жетімнің күнін кешкен қазақ тілі! - Yvision.kz