Жетімнің күнін кешкен қазақ тілі!
Күні кеше құжаттарды реттеу мақсатымен жүріп, бір жағымсыз жәйтті көзім шалыпқалды, әттең. Алматы шаһарының халыққа қызмет көрсету орталығында, қалың жұрт арасында "ЦОН" аталып кеткен мемлекеттік мекемеде замандасым бе екен, сірә, маңыздысы ол емес, реттік нөмірі үлкен мониторда жарқ еткенде, көрсетілген операторға жол тартты, ешқандай әбестік байқалмайды бұл таңда, қызық әрі қарай өрби түседі. Замандасыма қызмет көрсететін кісі, орыс ұлтының өкілі екен, өздеріңіз шамалағандарыңыздай қазақ тіліне "жоқ" екен мүлдем. Жә, қазақша білмейтін жалғыз орыс емес қой, шындап келгенде, таңғалатын түгі жоқ, ал мәселе бұл қызметкердің жауапсыздығында, басынғанда боп тұр. Замандасым "тетеньканын" қасына жайғасып өзіне керектіні қазақша түсіндіре бастады, бұрыс оймен емес әрине. ЦОН-ның қызметкері заман…