Құқығыңды қорғай біл – қызметі үшін ақы алмайтын «Әділетті» пайдалан!
Қазіргі заң заманында еліміздің әр азаматы өз құқықтарын білуге міндетті. Кез- келген Заң ел мүддесі үшін жасалады. ҚР Әділет министрлігінің ұйытқысымен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі іске қосылды. Аталмыш жүйенің ел тұрғындары үшін пайдасы мен артықшылықтары туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары Раушан Нұрымбекқызы Жантасова айтып берді. - Раушан Нұрымбекқызы, сайтты құру идеясы қалай туындады? Басты мақсаттарыңыз не? - Қазақстанның құқықтық ақпараттандыру тарихы 19 жылды құрайды. Бұл даму, іздену, қалыптасу арқылы өткен жол. Сенуге мүмкін емес, бірақ осыдан жиырма жыл бұрын іздестіру құқықтық жүйелері қиял болып саналатын, заңнама жинағы қағаз түрінде жүргізілді, нақт…