Қазақстан Қорғаныс министрі Латвия елшісімен кездесті
Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің Латвия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Юрис Маклаковспен Латвия Елшілігінің НАТО-ның Қазақстандағы байланыс елшілігі функцияларын қабылдауына орай кездесуі болып өтті. Тараптар «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасы шеңберіндегі екі жақты ынтымақтастықтың келешегі жайлы талқылады. Әсіресе Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгерлік әлеуетінің дамуына баса назар аударылды.Қазақстан Қорғаныс министрлігінің «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасы шеңберінде НАТО-мен ынтымақтастығы бейбітшілікті қолдау жөніндегі бірлескен жаттығуларға қатысу және оны жоспарлауда тәжірибе алмасу, операцияларды өткізу мен оны жан-жақты қамтамасыз ету арқылы ұлттық бітімгерлік әлеуеттің дамуын…