Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қаржы полициясы агенттігі құқықтық көмек көрсету фирмасының директорын ұстады

2012 жылғы 27 желтоқсанда Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері құқықтық көмек көрсету компаниясы – «Арлан-Қасқыр» ЖШС директоры Тлеухан Айдарханды ұстады. Ол М. деген азаматты Павлодар облыстық сотының лауазымды тұлғаларына азаматтық іс бойынша керек решім қабылдау үшін 30 мың АҚШ долларын пара ретінде беруге азғырған деп айыпталуда.
Айдарханды ұстау кезінде ол М. деген азаматтан алған 4,5 млн.теңге ақшалай қаражат алынды.
Айдарханның 2005 жылы Ақмола облысының Жарқайын аудандық сотыныңы төрағасы болған кезінде пара алғаны үшін сотталғандығы анықталды.
Оған қатысты пара беруге азғыру және алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Қылмыстық істер тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

1
0
653

Осы тақырып бойынша

Қаржы полициясы агенттігі құқықтық көмек көрсету фирмасының директорын ұстады - Yvision.kz