Министрлер мемлекеттік рәміздерге қатысты шағымға жауап берді
“Рух пен тіл” жастары бұған дейін 4 ақпан күні Үкіметке “Мемлекеттік рәміздер туралы” Заңның орындалуына байланысты хат жолдаған еді. Арасына бір ай уақыт өтіп, біз жолдаған шағымға Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев пен Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед жауап берді. Жауап әрине әдеттегідей болды. Министрлер бізді мемлекеттік рәміздердің веб-сайттарда талапқа сай орналастырғанын айтып, тұрақты тексерістер жүргізетіндеріне сендірді. Алайда, министрлер Ішкі істер министрлігінің, Статистика агенттігінің, Денешынықтыру агенттігінің, Жол полициясы комитетінің сайттарындағы мемлекеттік рәміздердің бар-жоғына, орналасуына бір шолып қарап, бағаларын беруді сұраймыз.
Ал төменде министрлердің жауабын ұсынып отырмыз.
13 ақпан 2013 ж.Жумагалиев А.К.
Сәлеметсіздер ме!
Көтеріп отырған мәселеңіз өзекті. Себебі, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеп, патриоттық көзқараспен қарап, рәміздерімізді масқаралаушылықтарға жол бермей, кіршіксіз таза ұстауға, заңнамалық тәртіптерді сақтауға міндетті.
Министрлік құзыретіне қарасты, мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында ақпараттық материалдарды дайындауға, беруге және орналастыруға негізгі талаптарды, сондай-ақ оларды жаңғыртудың мерзімдерін анықтайтын, мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын жүргізу және ақпараттық толтыру ережесі (бұдан әрі – Ереже) әзірленіп, мемлекеттік органдарға келісуге жолданғанын хабарлаймыз. Осы Ережеде 988-2008 ҚР СТ сәйкес мемлекеттік рәміздерді орналастыру тәртібі анықталды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қаулысының 27 тармағына сәйкес:
– Осы Ереженің 22-тармағының 1) тармақшасында және 26-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген веб-сайттарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының, Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін орналастыру кезінде мемлекеттік рәміздері бейнелерінің бірдей деңгейде орналастырылуының сақталуы, сондай-ақ олардың орналасу реті: Ту, Елтаңба, Гимн болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат жоғарыда көрсетілгенге сәйкес реттілікпен «электрондық үкімет» веб-порталының «Азамат және мемлекет» бөлімінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» бөлімшесінде, «Шағым-хатта» көрсетілген және басқа да мемлекеттік органдардың ведомстволық веб-сайтының бас парағында «Мемлекеттік рәміздер» бөлімінде орналастырылғанын хабарлаймын.
Сондай-ақ, Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №937 бұйрығымен бекітілген міндетті орындалу тармағы болып табылатын, мемлекеттік органның интернет-ресурсында әрбір мемлекеттік рәміз бойынша толық ақпараты орналастырылған мемлекеттік рәміздері туралы бөлім бар, Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесіне сәйкес мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын пайдаланудың тиімділігін бағалау тоқсан сайын жүргізілуде.
Жоғарыда аталған әдістемеге сәйкес мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылатын ақпарат мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын пайдаланудың тиімділігін бағалау барысында мемлекеттік орган бойынша бағалау деңгейіне әсер ететіндігі қарастырылған.
Сәлеметсіз бе!
