Жаңа
«Наурыздағы қарбалас».
Әскери-үйретілген резерв ақылы негізде әзірленеді
Қазақстан Қорғаныс министрлігінде азаматтарды ақылы негізде әскери-үйретілген резервке әзірлеу басталып кетті. Бұл 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» Заңына сәйкес жүзеге асырылуда. Дайындық «Әскери-техникаплық мектеп» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары филиалдарының базасында өткізіледі. Аталған дайындық түрі дәстүрлі мерзімді қызметке өзіндік балама болмақ. Азаматтарды оқуға іріктеуді жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады. Екі кезең бойынша оқыту белгіленді: наурыз-маусым, қыркүйек-желтоқсан айлары. 2013 жылы ақылы негізде 3000 азаматты оқыту жоспарланған. Бір ай оқыған мерзім ішінде азаматтар теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде ұштастырады. Ол үшін Қарулы Күштер әскери бөлімдерінің полигондары мен тирлерінде жаттығ…
Той жүргізу
Әскери атташелер «Жас ұлан» мектебінде
Бүгін Астанада Қазақстанда тіркелген әскери-дипломатиялық корпустың өкілдері генерал Нұрмағамбетов атындағы республикалық «Жас ұлан» мектебінде болды. Делегация құрамында Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Пәкстан, Германия, Иран және басқа мемлекеттердің әскери атташелері. Қонақтарды Республикалық мектептің бастығы полковник Марат Ботин қарсы алды. Жоғарғы сынып оқушылары қонақтар үшін экскурсия ұйымдастырды. Шетелдік армиялардың өкілдері мектептің спорттық кешеніне барып, спортзал мен жүзу бассейнін, кітапхана мен аудиторияларды көрді. Экскурсия ұландардың тыныс тіршілігімен танысу, асхана мен оқушылардың жатын орындарын аралаумен жалғасты. Мектеп оқушылары генерал Нұрмағамбетов атыгндағы «Жас ұлан» республикалық мектебін шетелдік дипломаттарға шынайы мақтанышпен таныстырды. Себебі оқу орны Ортал…
Генерал Черняевті қудырған Датқа
Астана. 19 наурыз. Baq.kz- Молда Қошықтың азан шақырып қойған аты – Қожық. Әкесінің аты – Тоқбай. Ол жастайында діни білімді игерген. Алдымен Тәшкендегі «Көкалташ» медресесін, сосын Бұхарадағы жеті жылдық «Мір-Араб» медресесін тәмамдайды. Ол мыңбасы, би, аға би, датқа, Ташкент қаласының дәруғасы (басшысы), әскербасы, Қоқан ханының Ресейдегі елшісі қызметтерін атқарған. Сондықтан оны ел ішінде Молда-би, Батырбасы, Ләшкербасы, Датқа деген лақап аттармен атаған.Молда Қошық 18 жасында 1814 жылы Қоқан хандығы тарапынан Түркістан өлкесіне датқа болып тағайындалады. Бұл – ханның жай ғана өкілі емес, биік мансап иесі. Датқаның ұлан-байтақ елі, қолында жеке мөрі бар, шексіз-шетсіз билігі болды. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Бақтияр Сманов «датқа» сөзі парсы т…
Сайда Хасенова: Кети Тейлор болмағанда, Олимпиадаға бармайтын да едім...
Менің болашаққа бағыттаған жоспарларым мол. Міне, жаңа олимпиадалық цикл басталды. Қайтсем де, жіберген қателігімді түзетуім керек. Әлі екі олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік бар. Олимпиададан жүлде алмай тыншымайтыным анық. Бәлкім, босаңсып кетпеуім үшін де маңдайыма жеңілу жазылған шығар. Қазақтың боксшы қыздары арасында қазір Сайда Хасенованың тасы өрге домалап тұр. Олимпиада ойындарының қызығы мен шыжығына куә болған тұңғыш аруымыз. Аз уақыттың ішінде-ақ өз жұдырығының қауқарын әлемге танытып үлгерді. Азия біріншілігінің жеңімпазы, сары құрлық ойындарының қола жүлдесі де қанжығасында. Таяуда Қазақстан чемпионатында алтыннан алқа таққан шаршы алаңның шынарымен жүздесіп, көкейіндегі ой-жоспарларын білген едік. – Сайда, әңгімемізді боксқа қалай келгенің жөнінде бастасақ. Білуімізше,…
«Қазақ» газетінде Наурыз мейрамы тақырыбында
Наурыз мейрамының жуықтауы тақырыпты Март келді. Табиғат қыстан шығады. Ызғарлы суық бәсеңдейді. Әуеге бір орташылық, жанға бір кеңдік келеді. Күншығыс халқының сүйкімді жанын майдалығымен сипаған әдемі күндер, жан-жануар, шөптерге жан беретін ауа мен сәулелер һәм нұрлар келеді. Күншығыс мұсылмандарының, әсіресе, Кавказ арты мұсылмандарының ардақты игі мейрамы наурыз жуықтады. Наурыз. Атынан да белгілі жаңа күн. Бірақ бұл марттың тоғызы біз үшін шынымен жаңа күн болып жетер ме? Қорқынышты соғыстың қанды уақиғалары, ұлт арпалысуының жексұрын кейістері табиғаттың ең әдемі бір күнін мейрамға арнаған біздің әлемге де аз бәле, аз қайғы келтірген жоқ. Сорлы діндестеріміздің, шабылған бауырларымыздың Кәріс һәм Ардаһан тауларында көрген кейістік бейнеткері, әттең олардың көрген кейістік бейнеттер…