ҚР Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің XVI көшпелі отырысы
28-29 қазанда Павлодар қаласында ҚР Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің XVI көшпелі отырысы өтті. Онда қарастырылған басты тақырып спорттық инфрақұрылымның дамуы және жастарды спортқа баулу мәселесі болды. Жастар арасында көпшілік спортты дамытудың осы және басқа да көкейкесті сұрақтары Павлодар қаласындағы Достық үйінде өткен дөңгелек үстелде талқыланды. Дәстүр бойынша Кеңес мүшелері жұмысшы, студент, ауыл жастары, бюджетті саланың қызметкерлері мен жас кәсіпкерлермен кездесті. Аталмыш іс-шараның аясында жастар ресурсты орталықтарының тұрақты дамуына байланысты «ЖРО құқықтық қызметінің негіздері», «ЖРО жастармен жұмыс жасауы», «Сектораралық қарым-қатынас арқылы ЖРО қызметінің тиімділігін арттыру», «Жобаларды және бюджеттеуді басқарудың негіздері» бағыттары бойынша с…