Жаңа
Көз тимесін!
Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тілшілері осыдан бір жыл бұрын қалың жұртшылықтан «Дүниеге үшем келді!» деп сүйінші сұрап, қазаққа ортақ қуанышпен бөліскен еді. Бұл - облыстық перзентханада соңғы сегіз жылда қуанышты оқиға еді. Батырхан және Ольга Нұрғазиндердің отбасында шекесі торсықтай үш ұл бала дүниеге келді. Ольга Нұрғазинаны батыр ана деп атауға әбден құқылымыз. Себебі, үшемді дүниеге аман-есен әкелу нағыз ерлікке пара-пар дүние емес пе? «Алғашқы рет ауруханаға қабылдауға келіп, дәрігердің «Сізде үшем болады» деген сөзін естігенде, әрине, біраз қобалжыдым. Құдайдың жазғаны ғой. Қуанышымда шек болмады», - деп алғашқы әсерімен бөлісті анасы. Бір ана құрсағынан туған үш ұлға Аңсар, Әнуар және Арлан деген есімдер берілген. Ольга мен Батырханның шаңырағында үшемнің үш жаса…
Алматыда Microsoft корпорациясы өткізген ең ірі студенттік жарыс — Imagine Cup 2013-тің финалы өтті
Microsoft корпорациясының қолдауымен 2003 жылдан бері өткізіліп келе жатқан, студенттер арасындағы ең ірі технологиялық жарыстарының бірі, Imagine Cup атты конкурстың Алматы қаласындағы кезекті финалы өтті. Ал Қазақстан командалары бұл конкурста 2009-жылдан бері қатысып келе жатыр. Әлемдік деңгейде өзін көрсету мүмкіндігіне ие болу үшін, бұл жарысқа Қазақ-Британдық Техникалық университетінің, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар университінің және Халықаралық Бизнес университетінің атынан 9 команда конкурсқа қатысты. Оларды атап өтетін болсақ: Merado, RedHawks, UniSoft, Estimatix, NLax, NaVi, Samrat, MedsHelper және Frienbioz. Ал командалардың басты мақсаты - өздерінің білімін қолдану арқылы, Ақпараттық Технологияларды қолданып әлемдегі мәселелерді қалай шешуге болатынын көрсету. Студент…
Жауынгерлік парадқа дайындық жалғасуда
Жамбыл облысындағы «Отар» 40-ыншы әскери базасы ауданына Отан қорғаушылары күніне арналған Жауынгерлік парадқа қатысушы әскерлердің шоғырлануы аяқталды. Келген бөлімшелердің жеке құрамы далалық лагерьдегі шатырларға орналасып Жауынгерлік парадты өткізу жоспары бойынша дайындыққа кірісіп кетті. Бүгін полигонда командалық-штабтық дайындық барысында парадты өткізу кезіндегі барлық іс-қимылдар егжей-тегжейлі пысықталды. Әскерлердің жауынгерлік парадқа дайындығын практикалық тұрғыда Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев жетекшілік етуде. – Әскерилер үшін тұңғыш рет өткізілгелі тұрған Жауынгерлік парад кең көлемді жаттығуға қатысумен бірдей болып тұр. Бөлімшелер практикалық дайындықтар барысында өзара іс-қимыл сұрақтарын түбегейлі пысықтайты…
Шетелде ғылыми тәжірибеден өту: Humboldt-Universität zu Berlin
«Екпіннің» Шетелде ғылыми тәжірибеден өту айдарының өткен санында Италияның Л’Акуила қаласындағы Л’Акуила университетінде ғылыми тәжірибеден өтіп келген Ақбота Жеңісқызы туралы жазған едік. Бүгінгі материалдың кейіпкері Германияның астанасы Берлин қаласындағы Гумбольдт университетінде тағылымдамадан өтіп жүрген Нұраддин Садықов. — Сәламатсыз ба, Нұраддин! Алдымен өзіңіз жайында айтып өтсеңіз... — Мен Қызылорда облысының тумасымын. Жасым жиырма жетіде. 2003 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы №123 Т.Жүргенов атындағы дарынды балалар мектебін бітірген соң еліміздегі іргелі оқу орны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде білім алдым. Бұл мамандықты таңдауыма бала кезден әдеби кітап пен жыр-дастандарға құмартып, жаттап өскендігім ықпал етті. Кез келген…
«Туған елдің түтіні». Телехикая («Қазақстан» ҰТА, 2012 ж.)
«Жасыл» экономика және жаңғырту жөніндегі қазақстандық-финдік форумы
Елбасы финляндиялық тарапты «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық мәселелері бойынша ынтымақтастыққа шақырды
17 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен Қазақстан - Финляндия «жасыл» экономика және жаңғырту жөніндегі экономикалық форумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев финляндиялық тарапты «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық мәселелері бойынша ынтымақтастыққа шақырды.
Елбасы финляндиялық компанияларды Қазақстанда «жасыл экономиканы» дамытуға шақырды
17 сәуір. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев финляндиялық компанияларды Қазақстанда «жасыл» экономиканы дамытуға шақырды. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Астанадағы Қазақстан-Финляндия «жасыл» экономика және жаңғырту форумында айтты.
#Финляндия Қазақстанның «жасыл» экономикаға өту стратегиясына қызығушылық танытты
Финляндия үшін Қазақстанның «жасыл» экономикаға өту стратегиясы қызығушылық туғызады. Бұл туралы бүгін Финляндия Президенті Саули Ниинистё Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен екі жақты кездесулер қорытындысы бойынша ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлады BNews.kz тілшісі.