Жаңа
2013 жылдың 25 сәуір күні Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығымен бірлесіп «Қазақстан — ортақ үйіміз» атты халықаралық конференция өткізеді.
Конференция жұмысына отандық және шетелдік діни бірлестіктердің басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік Хатшылықтары, дипломатиялық корпус, мемлекеттік органдар, ғылыми қауымдастық, этномәдени орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысатын болады.
Іс-шараның мақсаты - Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастарды қарастырып талқылау, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік, мәдени және рухани өміріндегі діни бірлестіктердің орны мен рөлін зерделеп, дәстүрлі діндер лидерлерінің қоғамдық ілгерішілік пен тұрақтылық, конфессияаралық татулықты сақтау мен дамытуға қосып жатқан үлесін салмақтап пайымдау.
Конференция Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ұйымдастырылмақ.
Бүгін, 2013 жылғы 24 сәуірде, Қаржы полициясы агенттігінде баспасөз мәжілісі өткізіледі.
Бүгін, 2013 жылғы 24 сәуірде, сағат 12.00-де Қаржы полициясы агенттігінде (Астана қ-сы, Сейфуллин к-сі 37) Атырау облысының лауазымды тұлғаларына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстық істер бойынша баспасөз мәжілісі өткізіледі.
«Әке». Шытырман оқиғалы фильм (АҚШ, 2003 ж.)
«Іңкәр сезім».
«Толағай». Отбасылар сайысы.
«Сағыныш-көктем».
Футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының матчы.
22 сәуір. Зияткерлік меншікті қорғау күніне арналған брифинг өтті
Кеше, 22 сәуір күні Қазақстан Баспасөз клубында «26 сәуір — Бүкіләлемдік зияткерлік меншікті қорғау күні. Контрафакт өніммен және қарақшы бағдарламалық жасақтамамен күрес» тақырыбында баспасөз брифингі өтті.
Шара жүзінде Hewlett-Packard, Microsoft және Great Yassa зияткерлік меншікті қорғау жолдары, қарақшылықпен күресу қажеттілігі және де осы мәселелерді шешу арқылы қандай пайда көруге болатыны жайлы айтып кетті.

Бриффингке қатысқан спикерлер:
- Тина Роуз, Европадағы, Таяу Шығыс елдері және Африкадағы Hewlett Packard компаниясының контрафакт өнімге қарсы күрес бағдарламасының менеджері;
- Арыстан Жолдасбеков, Microsoft компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің қарақшылыққа қарсы күрес жөніндегі менеджері;
- Дәулет Таженов, Great Yassa заңгерлік компаниясының аға заңгері.
IT саласындағы компаниялар бүкіләлемдік зияткерлік меншікті қорғау күнін толығымен қолдау көрсетіп жатыр. Және зияткерлік меншікті қорғауға басқа да компаниялардың, билік органдардың және тұтынушалардын назарын аудартып жатыр.
Тина Роуз өзінің барлық (басқа да компанияларды қосып санағанда) контрафактті картридждердің әлемдегі үлесі шамамен 1,6 млрд эвро құрайтынын айтты.

2012-13 жылдар аралығында Орталық және Шығыс Европада және ТМД елдер арасында 21000 контрафакт өнімі тәркіленді. Қазақстан Республикасында соңғы 4 жыл ішінде 40 контрафакт өнімі тәркіленді. Бұл көрсеткіштің аз болу себебі, өнімдер ҚР - на жетпей жатып, шет ел зауыттарында тәркіленеді.
"Бұл дегеніміз тек қана компанияларға емес, қолданушыларға да зиянын келтіреді. Контрафакт өнім, әдетте тез істен шығып кетеді. Осыған байланысты тұтынушы артық шығынға түседі. Бұл дегеніміз экономикалиқ қауіп болып табылады. Екінші қауіп - экологиялық. Контрафактті картиридждің сапасы нашар болғандықтан, қағаз саны көп кетеді. Қағазбен қоса, картридж сиясының да сапасы нашар болады, ал бұл экологияға өз зиянын тигізеді. Әрине үшінші қауіп - құқықтық яғни заң бұзылады." - деп Hewlett Packard компаниясының контрафакт өнімге қарсы күрес бағдарламасының менеджері Тина Роуз толықтырып кетті.
Hewlett-Packard компанисының контрафакт өнімдерімен күресу және зияткерлік меншікті қорғау жолдарын толығырақ төмендегі презентациядан көре аласыз.
Арыстан Жолдасбеков, Microsoft компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің қарақшылыққа қарсы күрес жөніндегі менеджері зияткерлік меншік өте маңызды екенін айтты.

"Қарақшылық деңгейі Қазақстан Республикасында өте жоғары, шамамен, Microsoft өнімдерінің 76 пайыза қарақшылық жолмен алынған өнімдер. Қазақстан Республикасында шамамен 2,6 млн компьютер қолданылады соның 76%-да пираттық софт орнатылған. Бұл көрсеткіш Япония, Люксембург және АҚШ мемлекеттерінде 20%-ды ғана құрайды. Ал ресейде 69%. Егер де біз бұл көрсеткіште 10 пайызға кемітетін болсақ, мемлекеттің қазынаға, салық есебінен, қосымша 26 млн АҚШ доллары пайда, 135 млн АҚШ долларын АТ - индустрианы дамытуға инвестиция алуға және шамамен 2670 жұмыс орнын ашуға болатын еді." - деді Арыстан Жолдасбеков.
Алайда бұл көрсеткішке қазіргі күймен жету оңай емес. Бірінші кезектегі мәселе адамдардың мораліне байланысты. Біздің халық қазір көп нәрсені арзан немесе тегін алғысы келеді. Сол себепті Microsoft корпорациясы зияткерлік меншікті қорғау заңын күшейтуді ұсынады.

Дәулет Таженов, Great Yassa заңгерлік компаниясының аға заңгерінің айтуы бойынша, зияткерлік құқықты қорғау заңын күшейту тек қана экономиканы жақсартып қана қоймай, сонымен қоса пираттық өнімдердің тарауына жол бермеуге көмектеседі. "Пираттық өнімдер билик органдарына, заңды бизнеске және тұтынушылардың өзіне қиын мәселе болып тұр. Заңсыз тұтынылып жатқан өнімдер әле экономикасына өте үлкен зиянын келтіріп жатыр." - деп атап кетті.
Халықаралық сауда палатасының хабарлауы бойынша, контрафакт өнімдері және пираттықтан 2015 жылға дейін әлем экономикасына зақым көлемі 1,7 трлн АҚШ долларына жетеді. Және 2,5 млн жұмыс орны жыл сайын қауіп үстінде болып отыр.
(с) Alisher Toiguliyev, @toiguliyev, Smartshow үшін
Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы прокурорының жетекшілігімен «Қорғас» қылмыстық ісінің тергелуі аяқталып, айыптау қорытындысымен Алматы қаласының прокурорына жолданды.
Алматы қаласының прокуроры айыптау қорытындысын бекіткеннен кейін іс а.ж. 12 сәуірінде Алматы қ. қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сотына мәні бойынша қарау үшін жолданды. Айыпталушыларға және олардың қорғаушыларына көлемі 35 томды құрайтын айыптау қорытындылары табыс етілді. Сотқа түскен қылмыстық істердің көлемі 1576 томды құрады.
Тергеу барысында ұлттық қауіпсіздік және кедендік бақылау органдарының лауазымды тұлғалары қолдау көрсеткен ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтың қылмыстық схемасы ашылды. Олар өздерінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып, «Қорғас», «Қалжат» және «Достық» кеден бекеттері арқылы контрабандалық тауарларды кедергісіз өткізуді қамтамасыз еткен.
Қытайдан Қазақстанға тауарларды контрабандалық жолмен кіргізу, қылмыстық жолмен табылған ақшалай қаражатты алу және заңдастырудың схемасы ашылып, айыпты тұлғалар анықталды. Кеден органдарының қорытындысы бойынша 2011 жылы әкелінген және ұсталған контрабандалық жүктің құны 1,5 млрд. теңгені құраған.
Ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтың бақылауындағы 34 кәсіпорын анықталды, олар жасанды тұлғалардың атына рәсімделген және олардың мекен-жайына негізгі контрабандалық жүк ағымы жіберілген. Сондай-ақ қылмыстық схема бойынша құжаттарды рәсімдеген брокерлік компаниялар анықталды.
Тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтың 2 көшбасшысы және қылмыстық жолмен табылған ақшалай қаражатты шоғырландырған 3 кассирі әшкереленді. Қылмыстық қауымдастықта атқарылатын рөлдеріне байланысты іс бойынша жауапкершілікке тартылып отырған тұлғалардың қатарынан жалған ілеспе және кедендік құжаттарды дайындаумен айналысып келген 6 брокер, контрабандалық жүкті алып жүру тобынан 8 адам, ҚХР-дан контрабандалық жүкті жіберуші 1 адам, кедендік бекеттерде жалған құжаттарды пайдалану арқылы контрабандалық жүкті кедендік тазартуды жүзеге асырған 8 айыпталушы анықталды.
Ұйымдасқан қылмыстық қауымдастық мүшелерінің қылмыстық жолмен табылған мүліктерін анықтау бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша 67 жылжымайтын мүлік объектісіне, 162 автокөлікке, банк есеп-шоттарында, сейф жәшіктерінде сақталған 69 млн. теңгеге, 1,5 млн. АҚШ долларына, 164 мың евроға, құны 1,5 млн. теңгені құрайтын алтынның 8 троя унциясына (284,828 грамм), құны 2,6 млн. теңгені құрайтын платинаның 10 троя унциясына (311,035 грамм), құны 1,1 млн. теңгені құрайтын палладийдің 10 троя унциясына (311,035 грамм) тыйым салынды.
Сондай-ақ, айыпталушылардың тұрғын үйлерін тінту барысында 10,2 млн. теңге, 354 мың АҚШ доллары, 70 мың араб дирхамы, 52 мың ресей рублі, 61 мың қырғыз сомы, 5 мың ағылшын фунт стерлингі сомасындағы қолма-қол ақшалай қаражат, сондай-ақ ірі көлемдегі құнды заттар алынып, тыйым салынды (белгілі өндірушілердің зергерлік бұйымдары, қол сағаттары және т.б.).
Ұйымдасқан қылмыстық қауымдастық мүшелерінің және олардың қолдаушыларының заңсыз табылған қаражаттарын жасанды тұлғалар, жақын туыстары мен таныстары арқылы заңдастыру үшін пайдалану фактілері анықталды.
Заңсыз табылған қаражатты заңдастыру компаниялар желісі арқылы, атап айтқанда, «ТАТ Кредит» кредиттік серіктестік» ЖШС арқылы жүргізілген, оның жетекшісі лауазымды тұлғалар еңгізген ақшалай қаражаттың негізінде оларға Алматы және Астана қалаларындағы тұрғын-үй кешендеріндегі қымбат тұратын пәтерлер және басқа мүліктер сатып алуды, олардың және отбасы мүшелерінің карточкалық есеп-шоттарын толтыруды, шетелдік сапарларын төлеуді және т.б. қамтамасыз еткен.
Қазіргі уақытта ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағандары үшін 45 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр, олардың арасында ұлттық қауіпсіздік комитетінің 3 қызметкері, кеден қызметінің 15 қызметкері бар. Қылмыстық іс бойынша 42 айыпталушы тұтқындалды, 3 тұлғаға қатысты «ешқайда кетпеу туралы қолхат алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Бөлек шығарылған қылмыстық іс бойынша 19 айыпталушыға іздеу жарияланды.
Тергеу органдары куәгерлердің жауаптары, белгіленген тәртіппен заңдастырыла отырып жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесі, сондай-ақ құжаттық дәлелдерді қоса алғандағы жиынтығымен айыпталушы тұлғалардың оларға тағылып отырған қылмыстарға қатыстылықтарын растайтын дәлелдер алды.
