«Астана жастары, әскер — біртұтас» атты әскери-патриоттық көрме
Бүгін Астана қаласы, Отан қорғаушылар алаңында "Астана жастары, әскер - біртұтас" атты әскери-патриоттық көрме өтті. Алаңда халық көп. Отан қорғаушылар мерекесін тойлау басталып кетті!

Әскер қатарындағы жауынгерлер дайындық үстінде.

Әскери-патриоттық көрме және мерекелік жиныға жиналған саптағы отан қорғаушылар сақадай сай.

Бәрі жүрегіне қолын қойып, хормен әнұран айтуда. Салтанатты жиын ашық деп жарияланады.

Ортаға тұғыры биік Туымызды ардақтап алып шықты.

Оқтай тізілген Отан қорғаушылар. Бірдей киім, бірдей қимыл. Темірдей тәртіп. Иә, бұлар - біздің мақтанышымыз!

Жауынгерлер түрлі жаттығулар көрсетті.

Отан - Ана монументі. Қолына тостаған ұстаған ана айналасына мейірім төге қарап тұрғандай. Монументтің жоғарғы жағында бидай бар. Ол - тоқшылық белгісі.

Көк Тудың желбірегені
Жаныма қуат береді. (с)

