«Сыр-сұхбат».
Аты әлемге танылған, Қазақстанның мақтанышына айналған скрипкашы Марат Бейсенғалиевтің сыр-сұхбаты осы жексенбіде «Қазақстан» Ұлттық арнасында! Жексенбі,12 мамыр күні сағат 11.50-де Ұлттық арнадан тамашалаңыз!
Аты әлемге танылған, Қазақстанның мақтанышына айналған скрипкашы Марат Бейсенғалиевтің сыр-сұхбаты осы жексенбіде «Қазақстан» Ұлттық арнасында! Жексенбі,12 мамыр күні сағат 11.50-де Ұлттық арнадан тамашалаңыз!
Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің техникалық жөндеу және құрастыру базасының қазіргі таңдағы жай-күйі осы аптада «Ақсауытта»! 12 мамыр күні, сағат 11.20-да Ұлттық арнада!
Аты әлемге танылған, Қазақстанның мақтанышына айналған скрипкашы Марат Бейсенғалиевтің сыр-сұхбаты осы жексенбіде «Қазақстан» Ұлттық арнасында! Жексенбі,12 мамыр күні сағат 11.50-де Ұлттық арнадан тамашалаңыз!
«Көкпардан» көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаров атындағы халықаралық турнир! Оңтүстік Қазақстанның «Құлагер» және Қырғызстанның «Қабылан» командаларының арасындағы тартысты 12 мамыр күні, сағат 15.50-де Ұлттық арнадан тамашалаңыз! Ұлттық арнада - ұлттық ойын!!!

Қанмен, жанмен келген жеңістің белгісі.
Астанада бүгін желдің қатты тұруына байланысты көркемдік материалдар құлап қалды. Артынша түзетілді әрине :)

Ұрпақтарының болашағы үшін жанын қиған майдангерлерге арнап гүл шоқтары қойылды.

Батырларды еске алып, құрмет көрсеткен, алау жағып, гүл шоқтарын қойған ұрпақ.

Соғыстан қалған естелік. Кішкентай балаларға атасының жауды қалай қырғанын елестетуіне септігін тигізер естелік.

"Сендердің осылай суретке түсіп, жарқын күлгендерің үшін аталарың жанын қиған"

Отан-Ана монументінің жанындағы бір қабырға Ұлы Отын Соғысына арналған

Мерекелік концерттен кейін мынау палаткалар ішіндер Ардагерлерге арнап ас берілді. Осындай бірнеше палатка бар.


Бейбітшілік және келісім сарайында Жеңіс күніне деген ерекше құрмет пен сыйлаудың лебі еседі.

Мерекелік концерт басталып кетті.

Залда соғыс ардагерлері мен ақ жаулықты аналар толып отыр. Кезінде қосыла шырқаған әндерді естіп, көңілі босап отырған болар.

Ортада квартет "Той вальсі" деп аталатын әнді шырқауда. Бишілердің көйлектері әдемі, иә?

Әлия әнімен ҚР Халық Әртісі - Роза Рымбаева ортада.

Отан қорғаушылар да концерт тамашалап отыр.


Мерекелік концерт керемет өтті. Соңында бар дарын иелеріне Иманғали Тасмағамбетов атынан гүл шоғы ортаға әкелінді.

Есіл ауданының әкімшілігі қарияларға арнайы автобус жалдап, бәрін үйлеріне жеткізіп салды.

Алматы қаласында өткен V Қайырымдылық балының басталайын деп жатқан сәті. Әсем көйлектерін киіп, сылқымдана қыздар да, шашын артқа қайыра тарап, жігіттер де жиналуда.

Тотыдайын таранған аруларды қараңызшы, көз тоймайды!

Ертегілердегі ханшайымдар мен ханзадалар ғана қатысатын би кешіне ұқсайды. Иә, бұлар - Қайырымдылық Балдың қатысушылары.

Ырғақты әуен, ырғалған би... Қонақтардың бәрі би қанатында қалықтауда.

Балдың қонағы - батырхан Шүкенов орыс полькасын билеуде.

Сахнада Балдың қадірлі қонағы Дмитрий Хворостовский.

Балдың қадірлі қонақтары - Ахметжан Есімов, Дмитрий Хворостовский, Батырхан Шүкенов қызу әңгіме үстінде.


Елім үшін күрескен батыр тұлға есімде
Осыдан алпыс сегіз жыл бұрын біздің ата-бабаларымыз жаумен айқасып, небір қаһарлы күндерді майданда өткізді. Қан көл болып аққан бұл соғысқа есін енді жиған жастардан бастап барлық ер азаматтар қатысты. Майданда жүріп ер жеткендер де, өмірмен қоштасқандар да көп. Мысалы, Жәнібек Елеусізов он жеті жасында майданға баруға өзі өтініш жасады. Ол жас та болса, өз өмірінен Отанын жоғары қойды. Ата-анасына жазған хаттарының бірінде «Мен үшін қайғырмаңыздар, қайта қуаныңыздар, өйткені, мен өз Отаным алдындағы борышымды өтеуге бара жатырмын. Мен жаудан қорықпаймын. Отанымды соңғы күшім қалғанша қорғаймын… » ,- деп оларды жұбатады. Немесе Баубек Бұлқышев, не бары 28 жас ғұмыр кешті. Өмірге құштар бола тұра өзінің майданда қаза табатынын сезіп, көптеген публицисттік шығармалар қалдырып кеткен. Оның Отанына деген сүйіспеншілігі, келер ұрпақтың болашағы үшін уайымы «Шығыс ұлына хат» мақаласында байқалады.Бұл мақаланы Баубек Бұлқышев «Менің бұл жазғандарым болашақта біздің осы ұлы күресімізді зерттеушілердің қолына түсіп, үлкен істердің кішкене бір тетігіне тиянақ болуға жараса, менде одан басқа арман да жоқ; ол зерттеушілер біз осы арпалыста жүргенде қайғыра да, жылай да, қуана да, күле де, кектене де білгенімізді ұғынса болды.» - деп аяқтайды.
Майданда тек ер адамдар ғана емес, қазақтың нәзік қыздары да күресті . Қыз бұл дүниеге жаратылысымен нәзік болып келеді.Оны ата-аналары тап бір ханшайымдай етіп тәрбиелейді. Алайда қазақ қыздарының арасында да ержүрек, қаһарман қыздар кездеседі. Олар Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова, бірі пулеметші болса, бірі снайпер, екіден бірінің қолынан келе бермейтін іс. Осындай алып тұлғалы, жүрек жұтқан жандарды әсіресе жаратылысы нәзік әйелдерді құрметтеу аз болмаса, артық емес. Бүгінде Мәншүк Мәметова тоқсан жасқа келер еді. (Өзімнің бір шағын тақпағымды бүгінгі күнге жеткізгені үшін ризашылығым ретінде оған арнаймын.)
Айтарға жоқ сөзім де,жасырмайын.
Білмейміз сен болмасаң халық жайын,
Сонау жылдан әлі де таң қалудам.
Ерлігіңді мен қалайша атамайын.
Мен түгіл есінде ғой нақ халықтың,
Ел артқан бар сенімді ақтап шықтың.
Ризамыз,пулеметші қызы қазақтың,
Болашақты абыроймен сақтап шықтың.
Бітірген үздік мектебін мергендер,
Шынында маманың болды ғой дәрігер.
Сыр-сұлу қыз қатардағы жауынгер,
Атандың ғой биік тұлға офицер.
Табылар ма Мәншүктей пулеметші,
Оралда қойылыпты ескерткіші.
Келуші ед қазірде ол тоқсан жылға,
Ұмытылмас мәңгіге оның ісі.
Біз әр жыл сайын 9-мамырда жеңіс күнін тойлаймыз, соғыс ардагерлерін құттықтап,оларға ризашылығымызды айтамыз.Сол кезде кәрі апалар мен жасы жеткен аталардың көз жасын көріп, олардың сол қырық бірінші жылдары не көргенін, не сезінгенін ұққандай боласың. Соғысқа қатысқандар өте көп, алайда олардың қатары жыл сайын сиреп бара жатыр. Ал қазір сол қаһармандардың ұрпағы өздерінің ата-бабаларының арқасында тыныш, бейбіт ғұмыр кешіп жатыр. Біздің басымызға келіп қонған бар бақ – ол осы тайсалмай соғысқа аттанған,батыр ата-бабамыздың арқасы. Олардың ісі мәңгі ұмытылмас, құнды мұра қалдырды ол – бейбіт өмір. Біз, жас ұрпақ осы жеңіс үшін сіздерге өмір бойы риза болып өтеміз!
1 мамырда Астана қаласындағы Қазақ елі алағында Қазақстан халықтары достығының мерекесі тойланды.

Қазақ елі алаңындағы концертте халық тым көп. ауа райы да тамаша.

Мына балапан алаңсыз ойнап тұр :)

Концерт тамашалап отырған халық

Мына жас отбасы үшем бөпесін де концерт көрсін деп алып шыққан екен алаңға :)

"Оберег" украин қоғамы

"Возрождение" немістер қоғамы Қазақ елі алаңында

"Ахыска" түрік мәдени орталығы

Корей этномәдени орталығы

"Тан" татар-башқұрт мәдени орталығы

Ұйғыр мәдени орталығы

"Вайнах" шешен-инғұш этномәдени орталығы

"Лад" республикалық славян қозғалысының филиалы мен өзбек этномәдени орталығы

9 мамыр — Жеңіс күні
"Екпін" журналы барлықтарыңызды Жеңіс күнімен құттықтай отырып, соғысқа қатысқан ата-әжелерімізді еске алып, құрмет көрсету мақсатында мерекелік видео ұсынады. Ел амандығын аңсаған соғыс ардагерлерінің ерлігін мәңгі есте сақтап жүрейік.
Өлең авторы: Мұқағали Мақатаев
Өлеңді оқыған:
Махамбет Бейбітшілік
Айша Ракишева
Айжан Кәрібаева
Гүлжайна Өмірбек
Сиразинова Нұржайна
Тупетова Гүлжауһар
Нариман Нұртөлеуов
Торғын Абушахман
Айнұр Ракишева
Видео: Ekpin.kz
![]()
Ұқсас материал: Менің атам — Әзілхан Нұршайықов