V Қайырымдылық балы
Алматы қаласында өткен V Қайырымдылық балының басталайын деп жатқан сәті. Әсем көйлектерін киіп, сылқымдана қыздар да, шашын артқа қайыра тарап, жігіттер де жиналуда.

Тотыдайын таранған аруларды қараңызшы, көз тоймайды!

Ертегілердегі ханшайымдар мен ханзадалар ғана қатысатын би кешіне ұқсайды. Иә, бұлар - Қайырымдылық Балдың қатысушылары.

Ырғақты әуен, ырғалған би... Қонақтардың бәрі би қанатында қалықтауда.

Балдың қонағы - батырхан Шүкенов орыс полькасын билеуде.

Сахнада Балдың қадірлі қонағы Дмитрий Хворостовский.

Балдың қадірлі қонақтары - Ахметжан Есімов, Дмитрий Хворостовский, Батырхан Шүкенов қызу әңгіме үстінде.

