Мазмұнға өту

Жаңа

«Формула-1» жарысында Қазақстан Williams командасын қаржыландырады

10 мамырда «Аstana» жазуы Williams командасының темір тұлтарларына ілінбек, себебі дәл осы күні Испания гран-приі үшін «Формула-1» кезеңдерінің бірі өтеді, деп жазады forbes.kz. 2010 жылы Williams «Формулы-1» фавориттерінің қатарында жоқ венесуэлалық шабандоз Пастор Мальдонадомен келісімшарт жасасқан. Алайда бір жыл бұрын Мальдонадо Испанияның Гран-приін қанжығалап, оған өзінің туған елінен бөлінген демеушілік қаржылай көмек 29 млн фунт стерлингті құрады. Ендігі кезекте Williams Шығыс пен туристердің назарын аударту үшін әбігерге түскен елге де келіп жетті, деп жазады The Times. «Бұл жолы аталған командамен демеушілік келісімшартты ЮНЕСКО-ның атамұра тізіміне енген Астана мен Қазақстанның тарихи әрі мәдени ескерткіштеріне туристердің назарын аударту мақсатында TAK Group қазақстандық инвес…

0
0
468

Астанада С.Нұрмағамбетовтың жүлдесі үшін бокстан турнир өтеді

9-13 мамыр аралығында Астанада тұңғыш рет Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы армия генералы С.Нұрамағамбетовтың жүлдесі үшін бокстан халықаралық турнир өтеді, деп хабарлады армияның орталық спорт клубы. «Бұл турнир тек Қазақстанда емес, басқа да елдерде танымал. Жыл сайын турнирге жақын және алыс шетелдің 150 үздік спортшысы қатысады. Осы жолы да Қазақстан облыстарымен қатар Бирма, Ирак, Моңғолия, Сирия, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Ресей, Украинадан боксшылар келеді. Сондай-ақ, турнирге еліміздің ұлттық құрамасының мүшелері қатысады», — делінген ақпаратта. Айта кетейік, осы байрақты бәсекеге қатысқан еліміздің талай саңлақтары, атап айтқанда Серік Сәпиев, Геннадий Головкин, Бақтияр Артаев, Мұхтар Ділдәбеков, Еркебұлан Шыналиевтер Олимпиада және әлем чемпионаттарында топ жарған…

0
0
370

«Жұлдызды сәт».

«Қазақстан» Ұлттық арнасында таланттылар арасындағы нағыз айқас енді басталады! Топ жарған 40 өнерпаз, жартылай финалдағы алғашқы ондық өнерін тамашалап, сайысты кімдер жалғастыратынын енді Сіздер анықтаңыздар! Ұлттық арнада әр сенбіде сағат 21.05-те «Жұлдызды сәт» мегажобасында лайықты өнерпазға дауыс беріңіз!

0
0
267

«Әлі есімде...»

Бағдарламада қазақтың көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқан Төлебаевтың шығармашылығы туралы сөз болады.

0
0
356

«Атамекен». Драма («Қазақфильм», 1966 ж.)

Соғыс бітіп, бір жыл өткен соң, ақсақал Ленинградта қаза болған ұлының сүйегін туған жеріне әкелмек болып, немересін ертіп, жолға шығады. Алайда, бейіт басына ұлының жауынгер жолдастарымен бірге жерленгенін білген соң, мәйітті мазалағысы келмейді.

0
0
1702

«Ақ шаңқан таулар». Драма («Қазақфильм», 1973 ж.)

Тағдыр теперішін көп көрген Мырзағали ақсақал адамдармен көп араласпайтын. Ол тек Аруана атты ақ түйесін көзінің қарашығындай сақтап, баптаушы еді. Қарт ауырып, емханада төсек тартып жатқанда ақ түйенің көрмегені жоқ. Ақырында, ол түйеге еркіндік бермек болып шешеді.

0
0
2172

Астананың қаржы полициясы пара алды деген күдікпен Тәуелсіздік Сарайы директорының орынбасарын ұстады

Ағымдағы жылғы 30 сәуірде Астана қаласы бойынша қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері объектінің өртке қарсы күзеті және өрт сөндіру жүйесін қамтамасыз етудің мемлекеттік сатып алу келісім-шартын жасауға көмектесуі үшін «Арлан Системс НС» ЖШС директорынан 576 мың теңгені пара ретінде алды деген күдікпен «Тәуелсіздік Сарайы» МҚКК директорының коммерциялық сұрақтар бойынша орынбасары Е. Зейнелгабдин және осы мекеменің мемлекеттік сатып алулар бөлімінің басшысы М. Бақтыбаевты ұстады.

Осы күні аталған тұлғаларға қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

3 мамырда Зейнелгабдин мен Бақтыбаев сот санкциясымен қамауға алынды.

Қылмыстық іс тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.

0
0
306

Финансовая полиция Астаны задержала со взяткой заместителя директора Тәуелсіздік Сарайы

30 апреля текущего года сотрудники Департамента финансовой полиции г.Астаны по подозрению в получении взятки в сумме 576 тыс.тенге от директора ТОО «Арлан Системс НС» за оказание содействия в заключении договора государственных закупок услуг пожарной охраны объекта и обслуживания системы пожаротушения задержали заместителя директора по коммерческим вопросам ГККП «Тәуелсіздік Сарайы» Зейнельгабдина Е. и руководителя отдела государственных закупок указанного предприятия Бактыбаева М.

В этот же день в отношении последних возбуждено уголовное дело по факту получения взятки.

3 мая с санкции суда Зейнельгабдин и Бактыбаев арестованы.

Уголовное дело расследуется, результаты расследования будут доведены до общественности.

0
0
293

Қызылорда облысында самбодан халықаралық турнир өтті

 

Қызылорда облысында Кеңес Одағының батыры Т.Көмекбаевты еске алуға арналған самбодан халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Жосалы ауданы орталығында өтіп жатқан екі күндік жарысқа Әзірбайжан, Қытай, Моңғолия, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстаннан екі жүзге жуық спортшы қатысты. Сонымен қатар Астана, Алматы және еліміздің өзге де өңірлерінен келген спортшылар бақ сынады.

Өздерінің салмақ дәрежесінде бірінші орынды қызылордалық Б.Раисов пен БҚО-дан С.Шәмшиев, беларустар И.Аискеевич пен В.Кузнецов, Байқоңырдан М.Сейілов,ШҚО-дан Ш.Жоламанов пен Қ.Мұратов, Өзбекстаннан Ж.Тельманов алды. Турнир жеңімпаздары Т.Көмекбаев атындағы қордың атынан ақшалай сыйлықтармен және дипломмен, медальмен марапатталды.

0
0
431