Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жеңіс күні қарсаңындағы мерекелік концерт

Бейбітшілік және келісім сарайында Жеңіс күні мейрамына арналған мерекелік концерт өтті. Сол концерт басталғалы жатқан кез.

Бейбітшілік және келісім сарайында Жеңіс күніне деген ерекше құрмет пен сыйлаудың лебі еседі.

Мерекелік концерт басталып кетті.

Залда соғыс ардагерлері мен ақ жаулықты аналар толып отыр. Кезінде қосыла шырқаған әндерді естіп, көңілі босап отырған болар.

Ортада квартет "Той вальсі" деп аталатын әнді шырқауда. Бишілердің көйлектері әдемі, иә?

Әлия әнімен ҚР Халық Әртісі - Роза Рымбаева ортада.

Отан қорғаушылар да концерт тамашалап отыр.

Мерекелік концерт керемет өтті. Соңында бар дарын иелеріне Иманғали Тасмағамбетов атынан гүл шоғы ортаға әкелінді.

Есіл ауданының әкімшілігі қарияларға арнайы автобус жалдап, бәрін үйлеріне жеткізіп салды.

0
0
1892

Осы тақырып бойынша