Мазмұнға өту

Жаңа

«Мұзды жарып шыққан гүл». Телехикая (Корея, 2012 ж.).

Бірін-бірі жек көре тұра, өмір ағысы тоғыстырған соң, амалсыздан апалы-сіңілі болуға тура келген қос гүл-ғұмырдың ендігі тағдырлары не болмақ? Дүйсенбі мен жұма күндерінің аралығында Ұлттық арнадан «Мұзды жарып шыққан гүл» телехикаясының кезекті бөлімдерін тамашалаңыз!

0
0
591

«Мұзды жарып шыққан гүл». Телехикая (Корея, 2012 ж.).

Бірін-бірі жек көре тұра, өмір ағысы тоғыстырған соң, амалсыздан апалы-сіңілі болуға тура келген қос гүл-ғұмырдың ендігі тағдырлары не болмақ? Дүйсенбі мен жұма күндерінің аралығында Ұлттық арнадан «Мұзды жарып шыққан гүл» телехикаясының кезекті бөлімдерін тамашалаңыз!

0
0
377

Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы

1

Барлықтарыңызға сәлем, бара-бара кезекті саяхаттану жазбамызға да келдік, бұл жолы Үндістанның көркем Керала штатының Кочин қаласына барған саяхатымды фото баяндама түрінде назарларыңызға ұсынамын. Колониалды ғасырларда Кочин Португалия, Голландия, Англия империяларының еншісінде болған.

2 

Кераланың кей жағалары Араб теңізімен бір деңгейде және жылдың үштен бір мезгілі жаңбырлы болып, тау шатқалдарынан ағатын өзендер салдарынан материкте көптеген теңіз қолтықтары (Kerala backwaters) пайда болған, содан болар ежелден бұл ғажап табиғи экожүйені "Азия Венециясы" деп атап өткен.

3

Еуропалықтардан мұра болып қалған дін, тіл, ескі қамалдар, шіркеулер сақталғанымен, төл халық өзіне лайық аталық ғұмырын кешіп келеді.

4

Негізі Кочин индустриалды қала және халықтың басым бөлігі заманауи жағдайларды баураған, алайда кейбір жергілікті адамдар қарапайым өмір сүреді.

5

Тас жол көпірінің маңында жергілікті егде әйелдер Азиялық Венеция суларында киімдерін жуып жатыр.

6

Маңайды қоршаған шағын мүйістерде тек қайықтармен қатынауға болады. Кочин талай саяхатшылардың қызығушылығына айналу салдарынан, осындай қайық-үйшіктер (houseboat) жалға беріледі. Ішінде өзіңізді жайлы сезінуге болатын барлық жағдайлар жасалған.

7

Біз болсақ бір күндік қызықты саяхатқа аттандық. Тұщы суларда қатынап, оңаша тұрған арал тұрғындарының суда түсіп жырғауына да тап болдық.

8

Бұл егде кісі біздің қайықтың артқы жүргізүшісі. Әр ұзын гандолада екі жүргізүші болуы міндет.

9

Ал бұл сырттан қатал көрінетін кісі қайықтың басты жүргізүшісі. Судың саяз болғандығынан ұзын бамбук таяғының көмегімен қайықты итермелейді.

10

Қайықта отырған басқа шетел саяхатшылардың назарына сапар барысында қазақтың қара жұмысқа икемділігін көрсетуге де саспадық.

11

Қарапайым балықшының жеке аралдағы үйшігі

12

Қайықты бамбук таяғымен жүзгізіп аралдар, пальмалар, қолданыстан шыққан қайықтар арасынан толық тыныштықта қалқып, мызғымас сезімдерге толықтық.

13

Украиналық бойжеткен Италияда өмір сүргенімен, Үнді жеріне әпкесімен қоса үш айлық бэкпэкерлік саяхатқа келген.

14

Біздің танысумыз Гоалық темір жол станциясында бастау алып, өзара саяхатымыз Кочинде жалғасын тапты.

15

Жолда біз қабыршақтарды(раковина) өңдейтін кішігірім зауытқа тоқтадық.

16

Әлгі қабыршақтарды ұнтақтауға арналған орасан пеш.

17

18

Бұл қабыршақтардан өңдірілген ұнтақ құрылыс саласында қолданысын тапты, яғни ұнтақты цементпен араластыру салдарынан соңғы өнімнің сапасын әлдеқайда арттыруға болады екен.

19

Өзен лайына құрбан болмау үшін, бамбук таяғының көмегіне жүгінген адам. Есесіне бұл тұщы өзендер қолтырауындарға (крокодил) толы болды, оларға бірінші рет кезігіп жүргендіктен, объективке түсіру естен шығып та кетті.

20

Қайығымыздың келесі аялдамасы кокос өңдейтін жер болды. Кокос талшықтарын түрлі өнімдер шығару үшін қолданса болады екен.

21

Жас пальмалардың өмірі жіпке ілінуінен басталады, кейін есейген кокос жерге отырғызылады

22

23

Кокостардан алынған талшықтарды өзара біріктіру арқылы, ұзын арқан іспеттес жіптерді өриді.

24

Сонан соң бұл жіптерден түрлі кілемдер, төсеніштер өңдеп шығарады.

25

Теңіз пираттарының (әрине Джек Воробей сияқты) қуалауынан сақ болу кейінге қалдыратын іс емес.

26

Татымдылар (бұрыш,қалампыр, даршын) плантациасында ойнаған бүлдіршіндер. Керала татымдылары ежелден Мысыр, Таяу Шығыс, Грек елдеріне тасымалданатын, әлі де болса татымдының жергілікті экономикада өзегі мол.

27

Даршын (корица) татымы тропикалық ағаштың қабығынан алынады. Үндістер оны асқа қосып қана қоймай, шайға да матырады.

28

Мангоның тек пішініне ұқсас жеміс. Алайда ол улы, демек жеуге жарамсыз.

29

Пальмалармен қоршаған ортада тек бір топ қарғалар қарқылдап ұшып жүрді, айтпақшы, Оңтүстік Үндістан бананнан кептірілген чипсымен танымал.

30

Экзотикалық сафариде бәрі дерлік ерекше, тіпті пальма жапырағы бізге ыдыс ретінде ұсынылды.

31

32

Ажалы жеткен питонды саяхатшылардың тамсаңған жүздеріне сауық болсын деп байлап қойыпты.

33

Шашты майлау кез келген үндістің таптырмайтын қажеттілік әдеті.

34

Дравидтер (Оңтүстік Үндістан халықтары) ежелден бері осында қоныстанған, сондықтан ерекшеліктерге толы. Дравид ерлері лунги атты белге оралатын киім-кешегімен айрықша атақты. Оны қарапайым егіншіден бастап штаттың саяси шенділері де киеді.

35

Көне құдық әліге дейін адамдарға қызмет көрсетуде.

36

P.S. постты қалайша аяқтаймын деп терең ойға баттым, дегенмен осы сәнді орындықтың суретімен-ақ аяқтайын, әйтпесе әңгімеміз ұзақ болып кетті. Келесі жазбаларда жүдескенше, халайық!

Саяхаттаған: Намаз Нирак

фото автордікі

Алғашқы мото саяхат Дели-Агра-Дели

Саяхат ІІ, Ришикеш және ұмытылмас bungy jump

САЯХАТ 3, Каджурахо - өнер ме әлде пасықтық па?

Джайсалмер қамалы мен Тхар құмды шөлі

8
1
1213

Күн батареясын орнатып, пайда табуға мүмкіндік бар

Жақын уақытта қазақстандықтарға өз үйлерін шағын «электр стансасына» айналдырып, одан өндірілген қуатты мемлекетке сатуға, сөйтіп, пайдаға шығуға мүмкіндік берілмек. Осылайша Қазақстан миллиондаған үйлердің шатырларына күн батареяларын орнатып, аспандағы алып «шамшырақтың» нұрын іске жаратып жатқан неміс елінің тәжірибесін өзінде кеңінен ендіруге белсенді. Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің кешегі жалпы отырысында қалаулылар осыны рәсімдейтін арнайы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=20377

0
0
592

Жаңартылатын энергияға жаңа көзқарас қажет

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен кешегі жалпы отырыста депутаттар жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау, сот-сараптама қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және әуе тасымалына қатысты заң жобаларын қарастырды.

http://www.egemen.kz/жаңартылатын-энергияға-жаңа-көзқара/

 
0
0
261

Қазақстан Канаданы экологиялық жобаларды бірлесіп іске асыруға шақырды

АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат - Оттавада Қазақстанның Канададағы Елшісі Константин Жигалов Канаданың Қоршаған ортаны қорғау министрі Питер Кентпен кездесті,деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі.

http://www.inform.kz/kaz/article/2557371

0
0
278

2013 жылғы 6-10 мамырда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің 10 жылдығына арналған іс-шаралардың аясында Вашингтон мен Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты делегациясының құрамында болған Дін істері агенттігі өкілдері АҚШ мемлекет

Атап айтқанда, Агенттіктің Төрағасы Қайрат Лама Шариф, орынбасары М.Әзілханов, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры А.Әбуов, Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы директорының орынбасары Т.Козыревтың қатысуымен АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блейк, АҚШ Мемлекеттік хатшысының демократия мәселелері, адам құқығы және еңбегі бойынша көмекшісі міндетін атқарушы Зиммерман, АҚШ Президентінің кеңесшісі және діни сенім бостандығы бойынша Мемлекеттік хатшысы Сьюзан Кук, Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы АҚШ Президентінің арнайы өкілі Рашад Хусейн, Өркениеттер Альянсы хатшылығының басшылығымен кездесулер орын алды.

Кездесулер барысында Қазақстандағы және әлемдегі діни ахуалдың дамуы, екі елдің жалпыәлемдік дінаралық сұхбатты қамтамасыз ету бойынша кең ауқымды мәселелері талқыланды.

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының іске асуы, діни бірлестіктерді қайта тіркеу, мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастар мен елдегі адам құқығын қамтамасыз етудің жай-күйі жөнінде пікір алмасулар болды.

Қазақстан делегациясының өкілдері америкалық сарапшыларды қызықтырған елдегі діни сенім бостандығын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің өзара әрекеттесуі жөніндегі сауалдарға жауап берді.

Тараптар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездерінің мәдениетаралық және дінаралық үнқатысуды дамытуда зор мәнге ие екендігін атап өтті.

 
0
0
442

Ат жарыс Ақтөбеде (фотолар)

10-ншы мамыр күні Ақтөбе қаласы, Қарғалы ауылындағы №10 орталық ипподромда Екінші дүниежүзілік соғысындағы жеңістің 68 жылдығына орайластырылып ат жарыс ұйымдастырылды. Оған қатысушылар еліміздің түкпір-түкпірінен келді. Содан әдеттегідей қысқаша фотореп.)

1. Аламан бәйге – 17 шақырым, бірінші орынға тігілген сыйлық Тойота Хайлюкс;
2. Құнан бәйге – 7 шақырым, бірінші орынға УАЗ Патриот;
3. 1600 метрлік жарыс, бірінші орынға Рено Дастер;
4. 1000 метрлік жарыс, бірінші орынға Лада Приора.

Бас демеуші «West Motors Servise» ЖШС.


№10 ипподром алды


Басы жаман емес сияқты.))


Тігілген көліктер


Аламан бәйге жеңімпазы Шалқар, Жаңақоныс тумасы


- That's my boy!!!


Қайыржан, тұлпарының аты Жетісу


— Барлықтарыңа рахмет, ал енді біз кеттік…


Шабандоздар 1600 метрлік жарысқа дайындық үстінде


— Ана балалар кімдер, қызым?


— Қазір әке оларды қуып шығам…


— Жә-жә жарайд, көрермендерден ұят болар…

Квалификация


Жарыс басталды


Соңғы бұрылыс…


Мәрені №11-нші шабандоз бірінші болып кесті


— Ту, папа жіберш қолымды, айттым ғой аттардың үстіне отырмаймын деп…


— Онда билейм!

- Мына бас киім де ыңғайсыз екен, терлеп кеттім, бұрынғы орамалдар жақсы ед..


Жеңімпаз Жамбыл облысы, Луговой тумасы


Рено Дастер кілтін табыстау


— Мына көлікті ұтқан мен мықты екенмін!!!


Ат жарыс аяқталды

Видео:

Назарларыңызға рахмет! :-)

Дос немесе фолловер боламын деушілерге: Фейсбук пен Твиттердемін.

-3
0
4062