2013 жылғы 6-10 мамырда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің 10 жылдығына арналған іс-шаралардың аясында Вашингтон мен Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты делегациясының құрамында болған Дін істері агенттігі өкілдері АҚШ мемлекет
Атап айтқанда, Агенттіктің Төрағасы Қайрат Лама Шариф, орынбасары М.Әзілханов, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры А.Әбуов, Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы директорының орынбасары Т.Козыревтың қатысуымен АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блейк, АҚШ Мемлекеттік хатшысының демократия мәселелері, адам құқығы және еңбегі бойынша көмекшісі міндетін атқарушы Зиммерман, АҚШ Президентінің кеңесшісі және діни сенім бостандығы бойынша Мемлекеттік хатшысы Сьюзан Кук, Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы АҚШ Президентінің арнайы өкілі Рашад Хусейн, Өркениеттер Альянсы хатшылығының басшылығымен кездесулер орын алды.
Кездесулер барысында Қазақстандағы және әлемдегі діни ахуалдың дамуы, екі елдің жалпыәлемдік дінаралық сұхбатты қамтамасыз ету бойынша кең ауқымды мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының іске асуы, діни бірлестіктерді қайта тіркеу, мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастар мен елдегі адам құқығын қамтамасыз етудің жай-күйі жөнінде пікір алмасулар болды.
Қазақстан делегациясының өкілдері америкалық сарапшыларды қызықтырған елдегі діни сенім бостандығын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің өзара әрекеттесуі жөніндегі сауалдарға жауап берді.
Тараптар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездерінің мәдениетаралық және дінаралық үнқатысуды дамытуда зор мәнге ие екендігін атап өтті.
