Мазмұнға өту

Жаңа

«Көкпар».

«Көкпардан» көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаров атындағы халықаралық турнир! Қырғызстанның «Қожамқұл» және Астананың «Тұлпар» командаларының арасындағы тартысты 19 мамыр күні, сағат 15.50-де Ұлттық арнадан тамашалаңыз! Ұлттық арнада - ұлттық ойын!!!

0
0
183

Қаржы полициясы Атырау облысы бұрынғы әкімі Б. Рысқалиев басқарған қылмыстық қауымдастығын жойды

Ағымдағы жылғы 12 мамырда «Хабар» телеарнасының «Бюро расследований» бағдарламасында  Бергей Рысқалиев басқарған қылмыстық қауымдастықтың заңсыз әрекеттері туралы арнайы репортаж көрсетілді.

http://www.youtube.com/watch?v=3qSrd_HA9Fs&feature=youtu.be

0
0
535

Смағұл Елубай, жазушы: Сорымызға біткен он сорақылық

Смағұл Елубай, жазушы: Сорымызға біткен 10 сорақылық 1-сорақылық. 300 жыл бойы мойнымызға ілінген отарлық қамыт мойнымыздан түссе де.., миымыздан түспепті. Сол отарлық қамыт санамызда әлі де салпақтап тұр. Саяси отарсыздану рухани отарсыздануға ұласпады. 2-сорақылық. 2 миллиондай қазақтың өз Отанында отырып орыстануы. 3-сорақылық. Орыстілді сол 2 миллион қазақтың есебінен Республикадағы орыстілділердің саны көбейіп, бүгінде 7,5 миллионға жетуі, Бұл деген сөз – бірер жылда таразының орыстілділер жағы басқан күні тіл үшін күрестің де мезгілі өтеді деген сөз. Сорақылықтың көкесі – осыны ұқпау. 4-сорақылық. Тіл заңының қабылданғанына 20-дан астам жыл өтсе де, жалған қазақстандықтардың қазақша 20 сөз үйренбеуі. Және олардың қонжиып мемлекеттік қызметтерде отыруы. 5-сорақылық. «Тіл туралы» Заңд…

1
1
1631

Винченцо Нибали «Джиро д’Италия» жарысының жалпы есебінде көш бастады

«Movistar» командасынан британдық Алекс Даусетт «Джиро д’Италия» жарысының сегізінші кезеңінде бөлек стартты жеке жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлады Sports.kz. Екінші орында Ұлыбританияның тағы бір өкілі «Sky» командасынан Брэдли Уиггинс, одан кейінгі орында «Астананың» екі өкілі — эстондық Танел Кангерт пен италиялық Винченцо Нибали. Жалпы есеп бойынша Нибали көш бастады, екінші орында «BMC» командасынан австралиялық Кадэл Эванс, үшінші орында «Blanco» командасынан голландық Роберт Гесинк. «Джиро д’Италия», 8-ші кезең. Габичче-Маре — Сальтара, бөлек стартты жеке жарыс (ITT), 54,8 км. 1. Алекс Даусетт (Ұлыбритания, «Movistar») — 1:16:27 2. Брэдли Уиггинс (Ұлыбритания, «Sky») — +0,10 3. Танел Кангерт (Эстония, «Астана») — +0,14 4. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») — +0:21 Жалпы есе…

0
0
389

Петропавлда «Ұлы Жеңіс марафоны» өтті

 

Петропавлда «Ұлы Жеңіс марафоны» өтті. Жаппай жүгіруді жастар ұйымдары өткізді, деп хабарлады BNews.kz тілшісі.

«Ұлы Жеңістің 68-жылдығын мерекелеу шеңберінде жастар ұйымдарының бастамасымен «Ұлы Жеңіс марафоны» өтті. Оған жасотандықтар, жасұландықтар мен жасылелдіктер қатысты. Сондай-ақ, облыс спортшылары, Петропавл қаласының мектеп оқушылары мен колледж студенттері атсалысты. Барлығы 200 адам жүгірді», — деп мәлімдеді «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Самат Жәкенов.

Маршрут Петропавлдың орталық көшесі – Қазақстан Конституциясы бойымен өтіп, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі стеласына дейін жалғасты.

0
0
270