Бүгін — «Мұзды жарып шыққан гүл». Телехикая (Корея, 2012 ж.).
Шындықтың беті ашылып, шынайы қылмыскердің белгілі болар сәті жақын қалған тәрізді... Ұлттық арнада «Мұзды жарып шыққан гүл» телехикаясының 33-бөлімі бүгін, сағат 15.55-те!
Шындықтың беті ашылып, шынайы қылмыскердің белгілі болар сәті жақын қалған тәрізді... Ұлттық арнада «Мұзды жарып шыққан гүл» телехикаясының 33-бөлімі бүгін, сағат 15.55-те!
Ұранды елдің қайсар ұрпағы туралы «Қазақстан» Ұлттық арнасының төл туындысы - «Көк тарландары» телехикаясының 8-бөлімін Ұлттық арнадан бүгін, сағат 21.50-де тамашалаңыздар!
Петропавлда спорттық акробатикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Жеткіншектер мен жастар арасындағы ел чемпионатына 8 қаладан келген 180 акробат қатысып жатыр.
«Жасы кіші спортшылар көпсайыстан, ал ересектері баланстық жаттығулар бойынша бақтарын сынайды. Спортшылардың құрамы мықты, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, спорт шебері мен кандидаттар бар»,-деді сайыстың бас төрешісі Андрей Ямпольский.
Екібастұздан келген қыздар көркем композицияларын назарға ұсынды. 4 жылдан бері жаттығып жүрген спортшылар Азия чемпионатында екінші орынды жеңіп алған.
Акробатикадан ел чемпионаты үш күнге жалғасады, оның қорытындысы бойынша жеңіске жеткендер медальдермен және грамоталармен марапатталады.
Кеңес Одағының Батыры Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирде қазақстандық боксшылар командалық есепте бірінші орын алып, 7 алтын және 1 қола жеңіп алды. Хабаровскта өткен жарыс 19-шы мамырда мәреге жетті, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясы.
«Қайрат Ералиев (56 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Бақытжан Қожабеков (69), Нұрдәулет Жарманов (75 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг), Иван Дычко (+91 кг) жеңіс тұғырына көтерілді. Антон Пинчук (91 кг) қола жүлде алды»,-деп жазылған хабарламада.
Қазақстан командасы барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Алдын ала кезеңде Біржан Жақыпов пен Ілияс Сүлейменов жарыстан шығып қалды.
Турнирге 17 елден 99 спортшы қатысқан.
Алматыда Халықаралық Олимпиада күніне арналған дәстүрлі веложарыс өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Велошеруге Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов, Пекин Олимпиадасының жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев, IX Азия клубтық чемпионатында алтыннан алқа таққан «Астана» клубының ватерполшылары және «Бірінші болу батылдық» II қайырымдылық марафонын ұйымдастырушылар Уәлихан Тен мен Салтанат Қазыбаева, Алматы әкімі Ахметжан Есімов қатысты. «Бұл шара қаламызда салауатты өмір салтын ұстанып қана қоймай, оны насихаттап жүрген белсенділердің саны күннен-күнге көбейіп келе жатқанын көрсетіп отыр. Бүгінгі веложүріске атақты қазақстандық спортшылар мен «Бірінші болу батылдық» марафонын ұйымдастырушылар қатысты», — деп хабарлады веложүріс кезінде Алматы ә…
Қостанайлық »Тобылдың» 32 жастағы капитаны Нұрбол Жұмасқалиев «Жетісу» қақпасына гол соғып, Премьер-лигадағы голдарының санын 145-ке жеткізді. Енді марқұм Олег Литвиненконың рекордын бұзу үшін Жұмасқалиевке небәріүш гол соғу ғана қалды.
Қазақстан біріншілігінің үздік сұрмергендері:
1) Олег Литвиненко 147 гол + 1 саналмай тасталды;
2) Нұрбол Жұмасқалиев 145;
3) Нүркен Мазбаев 142;
4) Мұрат Тілешев 136;
5) Андрей Мирошниченко 115.
Жалпы, кәсіпқой футболшылық ғұмырында Нұрбол Жұмасқалиевресми кездесулерде барлығы 161 гол соғыпты (біріншілік - 145, кубок - 3,ұлттық құрама - 6, еурокубок - 7).
— Бізде талантты балалар өте көп. Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау спортының болашағы зор деп сенімді түрде айта аламын. Өйткені бүгін мен балалардың бойынан осы спорт түріне деген үлкен ынталарын байқадым. Алматының Балуан Шолақ атындағы спорт сарайындаҚазақстанның мәнерлеп сырғанаудан жарық жұлдызы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен шеберлік сабағынөткізді, деп хабарлайды оқиға орнынан Vesti.kz тілшісі. Бірінші кезекте Денис Алматы айдынына жиналған отыз шақты жас спортшыға сабақ өткізді. Қарапайым және күрделі элементтерді көрсеткен ол әрбір спортшыға жеке-жеке назар аударуға тырысты. Олардың жаттығуларын мұқият қадағалаған Тен кейін олардың жібергенқателерін айтып, мәнерлеп сырғанаудың қыр-сырын жан-жақты түсіндірумен болды. Денис Тен өткізген шеберлік сабақтары екі кезеңнен…
Осыдан бір жыл бұрын Алматыда 50 мың сөзді қамтитын үлкен қазақ-ағылшын сөздігінің жобасы таныстырылып еді. Ол жобаны іске асырушылардың қатарында Назарбаев Университетінің оқытушысы, ғалым Габриель Магуайер да бар болатын. Бүгінде мені Ғабит деп айта беріңдер деп таныстырған, қазақ тілінде еркін сөйлеп, қазақ әдебиетінен сабақ беруге тырысып жүрген сол америкалық этнограф Габриельден алған сұхбатымызды назарларыңызға ұсынып отырмыз. Қысқаша ақпарат: Габриель Магуайер 1979 жылы Аляскада туылған. Отбасында ата-анасы, інісі мен екі әпкесі бар. Алғашқы жоғары оқу орнына түсу үшін Вашингтон штатына көшіп барған. Онда этнология факультетін тәмамдап, кейін Индиана университетінің фольклор факультетінде этнография мен ауыз әдебиеті бойынша екінші мамандығын алып шығады. Сол оқу орнында қосымша Ш…
Бүгінгі жексенбілік асханамызда осы уақытқа дейін көпшілігіміздің сүйікті фаст-фудымызға айналып үлгерген "Döner kebab"-ты үй жағдайында жасау жолымен бөлісеміз. Ол үшін бізге не қажет: Лаваш Талғамыңызға қарай түрлі көкөністер (қияр, қызанақ, сәбіз, қырыққабат, пияз т.б.) Ет (тауық, қой, сиыр еті) Қуырылған картоп Дайын көкөністердің барлығын лавашқа кезекпен салып, ең үстінен майонез жүргізіп өтеміз. Артынан табаға қуырылған тауық етін майынан жақсылап сүзіп алып, лавашқа саламыз. Сөйтіп үстінен кетчуп жүргізіп өтеміз. Ең соңынан үстіне жіңішкелеп туралып, қуырылған картоп таяқшаларын саламыз. Қажет десеңіз, ащы аджика соусын қосып жіберуіңізге болады. Лавашқа барлық ингредиенттер салынып болғаннан кейін оны мұқият орап, микротолқынды пешке 1 минутқа салып қоямыз. Дөнер кебаб дайын! Аст…
Халқымыз қай заманда да өнерді алдыңғы орынға қойып, қастерлеген. Сегіз қырлы, бір сырлы өнер иелерін сыйлап, «өнер алды – қызыл тіл» деп бағалаймыз. Өнер адамдарын ардақтап, олардың қабілеттері мен дарындарын ұрпаққа үлгі етіп отыратын халқымыз «жаныңда жүр жақсы адам» деп көкірегі ояу, рухы биік, жүрегі таза тұлғаларды қашанда қолдап, мерейін арттырып отыруға игі ықпал етеді. Осындай жаны жайсаң азаматтардың бірі – Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», өнертану докторы Арыстанбек Мұхамедиұлы. 1963 жылы 11 ақпанында Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылында дүниеге келген Арыстанбек Мұхамедиұлы 1981 жылы А.Жұбанов атындағы Республикалық мамандандырылған музыка мектебін аяқтап, 1986 жылы Қазақ Ұлттық консерваториясы…