Астанада мектеп оқушылары үшін далалық оқу-жаттығу жиыны болды
Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті қаланың жалпы білім беру мектептерінің оқушыларымен далалық оқу-жаттығу жиынын өткізді. Алғашқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы-оқытушылары 11-сынып оқушыларымен 9 әскери рота базасында айналысып, әскери істің негіздері бойынша іс жүзінде машықтануға көмек көрсетті. 68665 әскери бөлімінде оқушылар қару-жарақ пен жауынгерлік техника үлгілерімен танысып, десантшылардың қызмет ерекшелігімен, тұрмыс-тіршілігімен танысты. «Отан қорғаушылар» монументінің жанындағы жиынның жабылу салтанатында жоғарғы сынып оқушыларының алдында Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары – қоғаммен байланыс және психологиялық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы полковник Бахтияр Пернебеков сөз сөйледі. Құрмет қарауылы ротасы…