Мобильдік интернет қоса ұсынылатын қызметтер жинағының көрсеткіштерін жақсарту!
Достар! Мобильдік интернет қоса берілетін жинақтардың көрсеткіштерін жақсартып жатырмыз!
Естеріңізге сала кетейік, LTE технологиясы пайда болғаннан кейін, біз мобильдік интернетті жинақтарға қоса беру мәселесін ойластыра бастадық. Қазіргі заманғы адамдардың мобильділікке мұқтаждығы айтпаса да, түсінікті. Қазіргі таңда біз жаңа қосымшаны сынақтан өткізіп жатырмыз.
1) Қызмет жинақтарының тарифі 9% бен 17%-дың аралығында арзандайды;
2) LTE базасында Интернет желісіне мобильдік қосылу трафигінің көлемі 3 Гбайттан 5 Гбайтқа дейін ұлғаяды.;
3) Сіз 2013 жылдың 30 маусымына дейін жауапты сақтауға мобильдік терминалдар және 30 күнге тегін тестілік мерзім ала аласыздар! (ұсыныс шектеулі);
4) мобильдік интернет қоса берілетін жинақ тестілеу кезеңінде Сіз арнайы бағамен - 7 500 теңгеге - 4G – Mi-Fi мобильдік терминалын сатып ала аласыз!
Естеріңізге сала кетейік, Интернетке белгіленген мобильдік қосылу қызметін, телефония және сандық телеарна қызметтерін қамтитын жинақтар «Қазақтелекомның» Megaline Turbo Plus, iD Net Turbo және Megaline\iD Net Super Hit жинақтарын, "Екі есе тиімді» Megaline Turbo Plus, iD Home TV (iD Net Turbo базасындағы), "Үш есе тиімді Megaline Turbo Plus және iD Home (iD Net Turbo базасындағы) қызметтерін пайдаланатын абоненттеріне ғана ұсынылады.
