Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әскери теңіз күштерінің әскери-әдістемелік жиыны

Ақтауда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақовтың басшылығымен оқу-әдістемелік жиын өткізілді.

Жиын кезінде бағыныстағы әскери бөлімдер мен бөлімшелерге қысқы оқу кезеңіне қорытынды жасалды. Сондай-ақ жазғы оқу кезеңіне нақты тапсырмалар берілді.

Оқу-әдістемелік жиын шеңберінде әскери бөлімдер командирлері мен орынбасарларына нақты көмектер көрсету мақсатында топтарға бөлініп, теориялық және практикалық арнайы сабақтар өткізілді.

Жиынның қатысушыларына күнделікті қызмет барысында басшылыққа алынатын құжаттардың талаптары жеткізілді, сондай-ақ құжаттардың қызметтік-жауынгерлік жұмыстарында орындалу тәртіптері тереңірек түсіндірілді.

Оқу-әдістемелік жиынға бас қолбасшының бірінші орынбасары- штаб бастығының лауазымын уақытша атқарушы бірінші дәрежелі капитан Серік Бурамбаев, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы басқарамсының лауазым иелері мен бағыныстағы әскери бөлімдердің командирлері мен орынбасарлары, бөлімше, қызметтердің бастықтары қатысты.

2013 жылғы 18 мамыр күні бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақовтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің Әскери кеңесі өткізілді. Кеңес жұмысы барысында бірқатар әскери бөлімдер командирлері мен лауазым иелерінің есебі тыңдалды.

ҚР ҚК ӘТК Әскери кеңесінің қорытындысы бойынша лайықтыларға алғыс жарияланып, грамоталар тапсырылды.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
542

Осы тақырып бойынша