Мазмұнға өту

Жаңа

«Жаныңда жүр жақсы адам»

Халқымыз қай заманда да өнерді алдыңғы орынға қойып, қастерлеген. Сегіз қырлы, бір сырлы өнер иелерін сыйлап, «өнер алды – қызыл тіл» деп бағалаймыз. Өнер адамдарын ардақтап, олардың қабілеттері мен дарындарын ұрпаққа үлгі етіп отыратын халқымыз «жаныңда жүр жақсы адам» деп көкірегі ояу, рухы биік, жүрегі таза тұлғаларды қашанда қолдап, мерейін арттырып отыруға игі ықпал етеді. Осындай жаны жайсаң азаматтардың бірі – Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», өнертану докторы Арыстанбек Мұхамедиұлы. 1963 жылы 11 ақпанында Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылында дүниеге келген Арыстанбек Мұхамедиұлы 1981 жылы А.Жұбанов атындағы Республикалық мамандандырылған музыка мектебін аяқтап, 1986 жылы Қазақ Ұлттық консерваториясы…

2
0
33595

Мен де бала болғанмын

Өмірімнің 26-шы күзі. Бұл дүние есігін күз мезгілімен ашыппын. Сонан да болар күз маған ерекше ұнайды. Біреулер жапырақтардың сарғайып, ағаштарынан үзіле құлағанын көріп, көңілдері құлазитындарын айтып жатады. Ал маған бәрі керісінше. Қызылорда күзімен де көңілді. Бүгін балалық шағыма бір ой жүгіртсем деймін. Мен 18-ші қыркүйекте Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінде дүниеге келдім. Көптеген балалар секілді перзентханада емес, үйде. Бұл дүниеге асыққан шығармын. Сол күннен басталған АСЫҒЫСТЫҚ менің серігім болып алғандай. Үнемі асығыстық. Үнемі үсігістік. Алғашқыда өте момын болдым. Өте ырбаң. Асқан еркелік. Жеті жыл үйдің кенжесі болу оңай ма? Қалай қарындасым отбасы қатарына қосылды мен тәттіліктен қағылдым да қалдым. Әке-шешем қайда барса мен де сонда. Бір елі қалмайтынмын. «Өзім жүріп б…

0
0
2797

«Ислам терроризмге қарсы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

Ү.ж. 17 мамыр күні Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі Ақмола облысы әкімдігімен бірлесіп «Ислам терроризмге қарсы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференцияға мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің, ғылыми қауымдастықтардың, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ, Ирактан келген қонақтар қатысты. Конференцияны өткізудегі басты мақсат – діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу үшін лаңкестікпен күрес және Қазақстан қоғамын рухани ағартудың өзекті мәселелерін талқылау болды. Іс-шара барысында Ақмола облысының әкімі Қ. Айтмұхаметов, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Қ. Лама Шариф, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, «Әзірет Сұлтан» меші…

0
0
522

Мұхтар Әуезовтің мемориалдық мұражай-үйі

Бүгін мұражайлар күні Мұхтар Әуезов бұл үйде 1951-1961 жылдар аралығында тұрған. Жазушы қайтыс болғаннан кейін ҚазКСР Министрлер Кеңесі жазушы есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында оның тұрғын үйін мұражай ету туралы сол жылдың 10-тамызында Қаулы шығарады. 1963 жылы қарашаның 28-жұлдызында Мұхтар Әуезовтың әдеби-мемориалдық музей-үйі өзінің алғашқы келушілеріне есігін ашқан. Үйде жеті бөлме бар, оның төртеуі – бірінші қабатта, үшеуі – екінші қабатта. Үйдің жобасын сәулетші Г.Герасимов жасаған. Бұл қонақ бөлмеде Мұхтар Әуезов жанұя мүшелерімен кешқұрым түгел жиналып, теледидардан берілетін хабарлар көретін. Бөлмеде Мұхтар Әуезовпен ұзақ жылдар бойы достық қарым-қатынаста болған КСРО Халық суретшісі Орал Таңсықбаевтың «Көктөбеде», Қазақстанның халық суретшісі, еліміздің кәсіби бейнелеу өнері…

4
3
17771

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында техник мамандардың курстық даярлығы аяқталды

Жөндеу бригадасының базасында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы сержанттары мен бөлімшелері техниктерінің курстық даярлығы болып өтті. Бір ай бойы әскери қызметшілер автомобиль көлігінің техникалық құжаттамаларын білу бойынша, дене даярлығы, атыс даярлығы, саптық даярлық және т.б. даярлық түрлері бойынша сынақтар тапсырды. Техник-жүргізушілер жүк машиналары мен ауыр броньды техниканы жүргізуден сайысқа түсті. Құрамалар мен бөлімдер сержанттық құрамымен сабақтар өткізіліп, соңынан олардан ҚР ҚК жарғылары бойынша қорытынды емтихандар қабылданды. Армияда көлік құралдарының ақаусыз жұмыс істеуі техниктерге тәуелді. Олардың қазіргі заманғы көлік құралдарын уақтылы жөндей білуі түрлі бөлімшелер жауынгерлік әзірлігіне ықпал етеді. Жиында күнделікті қызметті ұйымдастыру, олардың біліктілігін артыру жә…

0
0
284

Ауыл әйелінің бір күні...

Менің ауылым. Ол сондай әсем, оған қаланың ешбірі жетпейді. Мен ауылымда еркін әрі еркелеп өскен сары қызымын. Маған ауылымның әр күні, әр адамы, әр үйі, жалпы, несі болмасын тым жақын, өте ыстық. Өйткені ауыл өз баласына еркіндікті, мейірімділікті, жарқындықты, тазалықты, қамқорлықты дарытады, жалпы адами қасиеттерге байытады. Алайда, мұны ауылдың қадірін білмейтін түсінбейтіні анық. Қазіргі гүлденіп келе жатқан еліміздің ауылы бейшара халде. Ондағы әрбір тұрғын өз күнін көруге әбден төселген. Ауылда жұмыс болмаған соң, мал-жанды жинап, қысы-жазы қуқы өмірдің күйбеніне қуырылып жатады... Ауылдағы нәзік жандылар сол «нәзіктікті» әлдеқашан белбеуге түйіп, ауыр жұмысқа кірісіп кеткелі қашан... Боянып-сыланып отыратын уақыт жоқ, өмірінде болған да емес. Қаланың ханымдары хош иісті болса, ауы…

2
0
1808