Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2014 жылы хоккейден өтетін әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

   

2014 жылы хоккейден өтетін әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасының топ бойынша қарсыластары анықталды. Біздің хоккейшілер әлем чемпионатының топтық кезеңінде ресейліктермен, финдермен, америкалықтармен және швейцариялықтармен қарсыласады, деп хабарлады Vesti.kz.

Бұл туралы Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) құрамаларының рейтингі жаңартылғаннан кейін белгілі болды. Оның жаңа версиясы Швеция пен Финляндияда өткен 2013 жылғы әлем чемпионатының нәтижелері бойынша жарияланған болатын. Онда Швеция командасы жеңіске жетіп, 3105 ұпай жинады.

Рейтингтің алғашқы ондығы:

1 (4). Швеция — 3105 очков

2 (2). Финляндия — 3065

3 (1). Ресей — 3040

4 (3). Чехия — 2975

5 (5). Канада — 2940

6 (7). АҚШ — 2895

7 (9). Швейцария — 2845

8 (6). Словакия — 2840

9 (8). Норвегия — 2685

10 (10). Германия — 2650,

…16 (17). Қазақстан — 2225.

Қазақстан құрамасы келесі әлем чемпионатының В тобына енді. Топ бойынша еліміздің қарсыластары — Ресей, Финляндия, АҚШ, Швейцария, Германия, Латвия және Беларусь.

А тобында Швеция, Чехия, Канада, Словакия, Норвегия, Дания, Франция, Италия ойнайды.

Еске сала кетсек, 2014 жылғы әлем чемпионаты 9-25 мамырда Минск қаласыда өтеді.

 
0
0
201

Осы тақырып бойынша

2014 жылы хоккейден өтетін әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды - Yvision.kz