Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстандық бірінші спорттық телеарна іске қосылады

Фото дереккөзі: megapolis.kz

 

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап бірінші отандық «KAZSPORT» спорттық телеарнасы өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми сайты.

«1 шілде күні қазақстандықтар кең ауқымды хабар тарататын Қазақстандағы алғашқы спорт арнасының жұмысына өз бағаларын бере алады», — деп хабарлады «Қазмедиа орталығының» сайты.

«KAZSPORT» телеарнасы байрақты бәсекелерден хабарлар беретін болады: чемпионаттар мен республика кубоктарын, халықаралық турнирлерді, түрлі матчтарды, жарыс орындарынан қызықты хабарларды, жеңімпаздармен, жеңіліс тапқандармен, ұйымдастырушылармен сұхбаттарды, даңқты спортшылардың қатысуымен сюжеттерді көрсетеді.

«Қазмедиа орталығы» «Қазақстан» ұлттық телеарнасымен бірлесіп, 15 маусымнан бастап тестілік режимде хабар таратуды жоспарлап отыр.

 
0
0
312

Осы тақырып бойынша

Қазақстандық бірінші спорттық телеарна іске қосылады - Yvision.kz