Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Арно Пайперс «Таразға» басшылық етуі мүмкін
Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Арно Пайперс Таразда жүр, деп хабарлайды Sports.kz.
«Голландиялық маман Таразға келіп, облыс және «Тараз» клубының басшылығымен келіссөздер өткізді. Пайперске өткен жылдың күзінде «Қайраттың» техникалық директоры болуға ұсыныс жасалған еді, бірақ тараптар келісімге келе алмады. Енді міне «Тараздың» өкілдері оны командаға бас бапкер ретінде шақыртып отыр», — делінген хабарламада.
Голондиялық Қазақстанда жұмыс істей ме, жоқ па дүйсенбі күні белгілі болады.

