ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
1

«STOPҚЫЛМЫС»: «Өз өміріңнің қауіпсіздігі өз қолыңда» науқаны

Шет ауданы «Жас Отан» Жастар қанаты мен Ішкі істер бөлімінің жол полициясының бастамасымен «STOPҚЫЛМЫС» республикалық қоғамдық кампаниясының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Өз өміріңнің қауіпсіздігі өз қолыңда» деп аталатын науқан жүріп өтті. Науқан барысында Ы.Алтынсарин мектеп-гимназиясының директоры Майгелдинов Шайхислам Шәріпбекұлының атсалысуымен мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде Жол полиция инспекторы Изатов Ерболат Серікбекұлы жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, бірқатар жолда жүру белгілермен таныстырып өтті. Түсіндіру жұмыстары аясында ол өз сөзінде аталған мектеп оқушылары жылда облыс көлемінде дәстүрлі түрде өтіп тұратын «Жас жол инспекторлары» байқауында жүлделі орындарға қол жеткізіп жүретінін баса назар аудартып айтып өтті. Яғни, аталған мектеп оқушыларын жетістікке жеткізу арқасында ұстаздары сапалы білім береді деген пікір қалыптасты тыңдаушыларда. Кездесудің соңында «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы ретінде жасөспірімдердің көбіне көше бойындағы сүрлеумен жүрмей, жол ортасына шығып бір-бірімен алыса ойнап шығып кететіндерін ескерттім. Одан қала берсе роликті конькилер мен дөңгелекті тақтайшаларды киіп алып, қауіпсіздікті естен шығарып, жол ортасында зырылдатып, өздерінің және көлік жүргізушілерінің өміріне қауіп төндіретінін айтып өттім. Бұл ретте ауданымызда балалардың бос уақытында емін-еркін жүріп-тұратын ешқандай арнайы алаңдар жоқ екені білінді.

Кездесуден кейін «Жас Отан» ЖҚ белсенділері Жол полиция қызметкерлерімен бірігіп, көше бойында жүргізушілерге жол қауіпсіздігін сақтанып жүргізуге шақыратын парақшалар таратты. Әрбір жүргізушіге «Балалардың және өзіңіздің өмір қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз!» деген ойлы сөздер айтылып жатты.

Шынында да, жол қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуынан қаншама жандардың шырағы ерте сөніп, қаншама жандар мүгедек болып жатыр. Осындай науқандар мазмұнды өтсе, тыңдаушыларына, қатысушыларына ой салары сөзсіз. Таратылған парақшалар мазмұны оқылар не оқылмас, қоқысқа лақтырылып тасталар. Алайда, сол әрбір парақшаларда жол апатынан оқыста көз жұмған жандардың көз жасы бардай... Жолда жүру ережесін оқи жүріңіз, қаперіңізде сақтай біліңіз.

Шет ауданы «Жас Отан» ЖҚ

Атқарушы хатшысы Нұргүл  Шатекова