Мазмұнға өту

Жаңа

Бүгін — «Айтуға оңай...».

Қазақ халқына қарсы жасалған зұлмат - саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықты бір сипатта қарастыруға бола ма? Зобалаң жылдары ұлт басына түскен тауқымет туралы бүгін Ұлттық арнада «Айтуға оңай...» ток-шоуында!

0
0
195

Бүгін — «Жерұйық». Тарихи драма («Қазақфильм», 2011 ж.)

«Жерұйық» - жұттан кейін басқа түскен қиын заманға қарамастан, шын көңілімен ілтипат көрсетіп, қайғысына ортақ болғаны үшін қазақстандық корей, неміс, түрік, шешен, күрт және басқа да ұлттардың осы қасиетті жерге әрі қазақ халқына деген алғысы ретінде түсірілген фильм.

0
0
276

«Біз бақытты баламыз».

Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай «Қазақстан» Ұлттық арнасында арнайы жоба! Тәуелсіз елі бар, кең байтақ жері бар, арман қала төріндегі «Біз бақытты баламыз» музыкалық фильмін Ұлттық арнадан 1 маусым күні, сағат 12.50-де тамашалаңыз!

0
0
325

Қаржы полициясы мемлекеттік сатып алулардың веб-порталында бюджеттік қаражатты ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін қамауға алды

Ақмола облысы бойныша Қаржы полициясы департаменті А.Қасымовтың басшылығымен және Б.Аманов пен С.Касимова құрамындағы ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз қызметін ашты. Олар мемлекеттік сатып алулардың веб-порталында бюджеттік қаражатты ұрлаумен айналысқан. Қылмыстық топ 2012 жылғы мамыр – 2013 жылғы ақпан аралығында мемлекеттік ұйымдардың 11 млн.теңгеден астам ақша қаражатын электрондық порталда бағалық ұсыныстарды сұрау арқылы өткізілетін мемлекеттік сатып алуларда жалған қатысу арқылы ұрлаған. Касимованың жеке кәсіпорны төмендетілген бағаларды көрсету арқылы мемлекеттік сатып алулар конкурстарында жеңімпаз атанып тұрған. Бірақ қылмыстық топ мүшелері келісім-шарттың 50%-дық алдын ала төлемақысын алғаннан кейін міндеттерін орындамай жасырынған. Топтың қылмыстық әрекетінен 9 мемлекеттік ұй…

0
0
385

Әскери оқу орындарында мемлекеттік емтихандар басталды

Алматыда, Құрлық әскерлерінің әскери институтында оқуды бітіру емтихандары басталды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов бастаған мемлекеттік аттестациялық комиссия жұмысқа кірісті. Биыл Құрлық әскерлері әскери институтын бітірушілерон үш мамандық бойынша емтихан тапсыратын болады. Әскери оқу орнын бітіргендігі туралы диплом институттың 400 түлегіне берілмек. Олардың арасында Қырғызстан Республикасынан он сегіз, Тәжікстан Республикасынан он өкіл диплом алу құрметіне ие болмақ. Аталған республикалардың қазақстанда білім алуы жөніндегі келісім ҰҚШҰ шеңберіндегі қарым-қатынас пен әскери ынтымақтастықтың нәтижесінде қол жеткізілді. Биылғы емтихан тапсырушы курсанттардың 25-і үздік бағамен бітіреді деп күтілуде. Ол…

0
0
492

Астанада «Жасыл экономикаға» көшу мәселелері талқыланды

Энергия үнемдеу және қоршаған ортаны зиянды заттардан қорғау. Бұл мәселелер «Экокөлік және экосәулет» атты семинар барысында кеңінен талқыланды. «Энергия үнемдегіш ғимараттар салу – жасыл экономиканы дамытудың бірден-бір жолы»,- дейді жиынға қатысушылар. Сондықтан бұл саладағы білікті мамандарды даярлауға аса көңіл бөлу қажет. Сондай-ақ, жиында экологияның қауіпсіздігі сөз болды. Жыл сайын елімізде қоршаған ортаға 1 млн 300 мың тонна зиянды қалдық шығарылады екен. Оның 60 пайызы – көліктердің үлесінде. Ал Алматы қаласында бұл көрсеткіш тіпті 80 пайызға дейін жетіпті. Сол үшін келесі жарты жылдықта Қазақстанға импортталатын, ал 2014 жылдан бастап елімізде шығарылатын көліктер Евро 4 класына көшірілмек.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/05/3124-91/

0
0
360