Мазмұнға өту

Жаңа

Қыз Жібек қойылымының премьерасы

29 мамыр күні Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында Қыз Жібек қойылымының премьерасы өтті. Қойылым режиссері - белгілі актер Сайлау Қамиев.

Сайлау Қамиевтің режиссурадағы алғашқы қадамы өте сәтті басталды десе де болады. Қойылым керемет дайындалғанымен қоса, таңдау жақсы жасалған.

Музыкалық драмаға қойылған Қыз Жібек спектаклінде басты рөлді сомдаған актерлардың шеберлігіне сөз жоқ. Әрбір қимылмен көңіл-күйді керемет жеткізе біледі.

Жібектің батылдығы мен адалдығы, Бекежанның сатқындығы, Төлегеннің батырлығы, бәрі-бәрі халықтың көңіл көзіне оттай басылып, көрермендер рухани ләззат алып, бір марқайып қалды.

Уақыттарыңыз болса, Қалеки - қазақ театрына барыңыздар, көріңіздер. Ал, Қыз Жібек қойылымының премьерасы туралы видеоны біздің порталдан іздейсіздер :)

0
0
949

Физика олимпиадасына балаларды таңдау

Физика пәні жетінші сыныпта басталады. Балалар бірден алтыға дейін физика оқымайды, сондықтан жетінші сыныптың басында оларды физика олимпиадасына таңдауда математика мен логика сұрақтарын қолданамыз. Математика және логика сұрақтарын кітаптардан табуға болады, бірақ мен сияқты жалқау адамдар гугл мырзаның көмегіне сүйенеді. Гуглда "логикалық сұрақтар", "логические вопросы", "logical questions" сияқты нәрселерді жазып іздеуге болады. Табылған сұрақтарды WORD-та реттеп 20, 40, 60 сұрақтық емтихан жасауға болады. Емтиханды тест қылып жасасаңыз тексеру оңай болады. Емтиханмен бірге жауап қағазын жасап алу дұрыс болады. Емтихан уақыт ұзындығы олимпиада уақыт ұзындығымен сәйкес болғаны абзал -- 3-4 сағат. Емиханның алғашқы бөлімін математика (арифметика, теңдулер жүйесі, прогрессиялар, сөзді е…

0
0
470

Болар бала жасынан: Софи мен оның жеті өнері

Бүгінгі балалар мерекесінде сіздерге АҚШ-та өткен Халықаралық Сұлу Ханшайымдар байқауының 1 миссі, биші, әнші, цирк әртісі әрі модель 5 жасар Софи Манасян мен 27 жасар анасы Ольга Югайдан алған сұхбатымызды ұсынамыз. — Сәлеметсіздер ме! Мерекелеріңіз құтты болсын! Жалпы Софи қанша жасынан бастап үйірмелерге қатыса бастады? — Софи 1,5 жасынан бастап түрлі дамыту мектептеріне, Монтессори жүйесі бойынша тәрбие сабақтарына барып жүрді. Бәрін де тез үйреніп, тез жалығып кететін. Сосын 2 жасынан бастап кәсіби бимен шұғылдана бастады. Кәсіби деп тұрғаным, олар сол кезден бастап түрлі шараларға шығып, жұрт алдында билей бастады. Бұл процес Софиге өте ұнады. Көрермендер де оны сахнаға шыққан сайын қолпаштап отырды. Кейін Софидің пластикасын, икемділігін, әртістік қабілетін байқаған мұғалімдері оны…

6
6
5403

Открытие XI-го Международного кинофестиваля «Шәкен Жұлдыздары-2013»

Сегодня в Алматы состоялось торжественное открытие XI-го Международного кинофестиваля "Шәкен Жұлдыздары-2013" ("Звезды Шакена-2013"),названный в честь известного талантливого казахстанского режиссёра и актёра Шакена Айманова. Пресс-конференция, посвященная открытию кинофестиваля, прошла в Фестивальном центре ‘Sinema Towers”. Бороться за главные награды 11 Международного кинофестиваля будут 55 картин из Казахстана, России, Кыргызстана, Китая, Азербайджана, Армении, Германии, Японии, Греции, Индии, Индонезии, Испании и других стран. От Казахстана будут представлены восемь фильмов: "Кто виноват" Бауржана Жаханулы, "Отец" режиссера Айнур Исмаиловой, "Кадалар" Камбара Есмуханова,"Художник" Мурата Билялулы, "Три шага вверх" Миргалыма Есиркепова, "Женя" Жанны Рахимбердиевой, "Миф о Тепостекатле"…

2
0
1028

Қазақтың көбейгені құт

Талдықорғанда ауыр атлетикадан ел бiрiншiлiгi мәресiне жеттi. Қуанарлығы, ел бiрiн­шiлiгiнiң жүлдесiне қол жет­кiзген ауыр атлеттердiң денi – қазақтың қаракөзi. Ел чемпионатына екi дүркiн олимпиада чемпионы Илья Ильин сынды саңлақтар қатысқан жоқ. Ерлер арасында 56 келi салмақта Алматы облысының үмiтi Тимур Хасаров жеңiске жеттi. Ол қоссайыс қорытындысы бо­йынша 235 (110+125) келi зiл­темiрдi көтердi. Күмiс жүлде алматылық Даниэль Есмағамбетовке 212 (92+120 келi), қола медаль Қостанай облысының тумасы Бекзат Сейiтмағам­бетов­ке бұйырды. Ол екi сайыс бойынша 208 (90+118) келiнi еңсердi. Былтырғы Лондон олимпиадасында дәл осы салмақта олимпиаданың алтын медалiн жеңiп алған солтүстiккореялық Ом Юн Чхоль қоссайыс қорытындысы бойынша 293 келiнi қиынсынбай көтерген болатын. 1991 жылы өмiрге кел…

0
0
448

Алматыда үлкен футбол: Қазақстан – Болгария

4 маусым күні Алматының Орталық стадионында футболдан Қазақстан – Болгария ұлттық құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді. Басталуы –20:00.

Билеттер Орталық стадионның маңындағы кассаларда және Алматықаласындағы «Меломан» сауда желілерінде сатылады.

0
0
386

Қазақстан құрамалары қатысатын әлем біріншіліктері

Жақында Астанада өткен Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының басқарушы органы болып табылатын атқару комитетінің отырысында алдағы маусымдағы дүбірлі додалар тізімі бекітілді. Ерлер арасындағы ұлттық құра­ма­мыз 2014 жылы Минскіде өтетін әлем чем­пио­на­тында бақ сынайды. Бұл – жо­ғар­ғы ди­ви­зион, әлемнің кіл мықтылары арасын­да­ғы дүлей дода. Аталған бүкіл­әлемдік бірін­шілік 2014 жылғы 9-25 ма­мыр аралығын­да өтеді. Оған дейін біздің құрама Францияның Бриасон қаласында өтетін «Еурошақырты­лым кубогына» қатысады. Бұл доданың өт­кізілу мерзімі – 2014 жыл, 6-8 ақпан ара­лығы. Сондай-ақ ерлер арасындағы ұлттық құрамамыздың Минскідегі әлем чем­пионатына дейін Австрия, Словения, Италия құрамаларымен кездесіп, дайын­дық­тарын пысықтауы жоспарланған. Жалпы, ерлер арасындағы әлем чем­пионаты…

0
0
251

Жастарды жаттықтыруымызда мін жоқ...

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының електік сынына дайындығын бастады. Әзіршеқұрама сапы жарияланып, ел намысын қорғайтын жас таланттар іріктелініп алынды. Әуелі 2015 жылғы Еуропа чемпиона­тының електік сынына атүсті тоқтала кет­сек. 52 мемлекеттің жастары 10 топқа бөлін­ген. Сегіз топта – бес командадан да (3-10 топтарда), қалған екі топта – алты коман­дадан (1 және 2 топтарда). Осы он топта бірінші орынға ие болғандар және екінші орын алғандардыңішіндегі көрсет­кіш­тері жоғары төртеуі екінші кезеңге өтеді. Екінші електе әлгі 14 команда жере­бе бойынша жеті жұп құрайды. Осы жұп­тарда жеңіске жеткен жеті құрама Еуропа чемпионатына барады. Сегізінші команда – Еуропа чем­пионатының қожайыны Че­хия жастары. Яғни 2015 жылғы жастар ара­сындағы Еу­ропа чемп…

0
0
280

Мырзағали Айтжанов: «Олимпиада чемпионы атанбай, Елеусіновті ешқайда жібермейміз»

— Олимпиада чемпионы болмай, ол ешқайда кетпейді. Жібермейміз. 69 келі өз салмағымыз болып кетті ғой. Рио Олимпиадасында жеңіс тұғырына көтерілсін, сосын кәсіпқой боксқа ауысуына болады.Сондықтан, «Елеусінов кәсіпқой боксқа ауысып кетіпті» деген қауесеттердің барлығы негізсіз. Таяуда Қазақстан бокс федерациясының биылғы додасыныңжеребе тарту рәсімі өтіп, регламенті бекітілді. Осы жаңалықты желеу етіп, негізінен ел боксында болып жатқан соңғы оқиғалар жайлы пікірін білмек ниетпен ұлттық құрамамыздыңбас бапкері Мырзағали Айтжановпен хабарласхан едік. — Федерация кубогы додасында биыл өзгерістер көп. Одан өздеріңіз де хабардарсыздар. Ширек финалды топтық турнир ретінде бір қаладаөткізуді жөн көрдік. Әуесқой боксқа жақындатқанымыз ғой. Боксшыларүш күнде үш кездесу өткізетін болады. — Ширек фи…

0
0
597

Қарқаралыда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарының көшпелі кеңесі өтті

2013 жылғы 31 мамырда Қарқаралы мемлекетттік ұлттық табиғи паркінің аумағында ҚР Парламенті Сенатының Табиғат пайдалану және селолық аумақтарды дамыту комитеті мүшелері мен ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және министрліктің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің биологиялық әртүрлілікті сақтау саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша бірлескен көшпелі кеңес отырысы өтті.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/05/3124-93/

0
0
401