Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақ футболшы Финляндия чемпионатында гол соқты

 

Голландия және түрік төлқұжаты бар және Финляндия чемпионатында Юккёнен командасы AC Kajaani үшін ойнайтын этникалық қазақ Мұрат Оңал өз командасына жеңіс әкелді, деп хабарлайды sports.kz.

«Бұл жақында ғана басталған фин чемпионатындағы Мұраттың алтыншы ойыны және бірінші голы. AC Kajaani Хельсинкиден келген FC Viikingit командасымен ойнады. Мұрат Оңал үзілістен кейін алаңға шығып, бірер минуттан соң-ақ допты қақапаға дәл кіргізді. Бұл гол оның командасына жеңіс әкелді. Ойын 2:1 есебімен аяқталды. Қазір AC Kajaani дивизионда 8-ші орында тұр», – делінген хабарламада.

0
0
408

Жазғы жауынгерлік дайындыққа жаңа қарқынмен

Бүгін Қазақстан Қарулы Күштерінде жаңа жазғы оқу кезеңі басталды. Осыған орай, барлық әскери бөлімдер мен мекемелерде жауынгерлік оқудың қарқынды және жауапты кезеңін білдіретін салтанатты сапқа тұру шаралары өтті. «Мықты Армия – мықты Қазақстан!» ұраны 2013 жылғы жауынгерлік сайыстың ұраны болды. Елбасының «Қазақстан -2050 Стратегиясы» Жолдауында Қарулы Күштердің алдында тұрған басты міндет ретінде ұлттық қорғаныс қабілеті мен әскери доктринаны нығайту шеңберінде армияны жаңартудың қазіргі мемлекет дамуы кезеңіндегі стратегиялық маңызы зор екеніне ерекше көңіл аударды. Қазіргі таңда Қазақстан Қарулы Күштерінде армияны алдағы кәсібилендіру бойынша жұмыс атқарылып, әскери кадрларды дайындау сапасы мен талаптары арттырылды. Сондай-ақ, жауынгерлік дайындықтын деңгейі өсіп, қорғаныс өнеркәсіб…

0
0
570

13-05-24 11:55:33 Гүлзира АЙДАРБЕКОВА, Қайрат Нұртастың анасы, продюсері:ҚАЙРАТТЫҢ ЖЕКЕ ӨМІРІНЕ АРАЛАСУҒА ЕШКІМНІҢ ҚАҚЫСЫ ЖОҚ!

– Қайраттың семейлік тыңдармандары сізді сотқа бермекші екен. Осы жөнінде өзіңізден білмекші едік.– Былтыр Семей өңірінде қойылған концертке екінші бөлім мүлдем жоспарланбаған. Жарнамалық парақшалардың өзінде бір ғана концерт жазылып тұр ғой. Ұйымдастырушылар «мүмкіндік болып жатса, екі рет қатарынан концерт беріп қалар. Керісінше болып қалған жағдайда, ешқандай реніш болып жүрмесін» деп халыққа алдын-ала ескерткен. Олардың Қайратты көруге құштарлығын байқаған соң, «бағымызға қарай көрейік» деген оймен тәуекелге бел буған. «Ауырып қалып, екінші концертті бермейтін болды» деген сөлекет сөзді естіген екі-үш тыңдармандар ұлымның суретін жыртып, аяққа таптағанда жүрегімді тілім-тілім етті. Әкімшіліктің қызметкерлерінен кім екенін сұрастырғанымда «базарда қызмет жасайтындар» деген еді. «КТК» т…

1
3
789

Алматыны не үшін жақсы көреміз: Анар Мұстафина

Алдыңғы жазбаларда Алматы тұрғындары мен Алматыға ғашық жандармен сұхбаттасуды жоспар етіп құрдық деп айтқан болатынбыз. Алғашқы жазбамыз Алматыны жақсы көретін себептер тізімінен бастау алса, бүгінгі материалымызда танымал қазақ блогшысы, Massaget.kz сайтының контент-менеджері Анар Мұстафина мен оның Алматы қаласына деген жылы лебізінен құрылған видеосұхбат. Видеоны HD сапасында тамашалуға болады. Қабыл алыңыздар!

Сұхбаттасқан: Айжан Кәрібаева
Видео: Әлия Сембай
Әуен: Ақерке Тәжібаева - Ақ Баян (халық әні)

Ал сіз Алматыны не үшін жақсы көресіз?


Редакцияның рұқсатынсыз материалды өзге сайттарға көшіруге жол берілмейді

Ұқсас материал: Алматыны не үшін жақсы көреміз: Мөлдір Әуелбекова

10
5
1011

Роза Әлқожаның ән кеші өтті

1 маусым күні Астана қаласында Роза Әлқожаның ән кеші өтті. Роза Әлқожадан дайындық үстінде сұхбат алуға тырыстық :)

Роза Әлқожаның ән кешін өнердегі ағасы Саят Медеуов жүргізді. Саят ағаның жүргізушіліктегі ең алғашқы қадамы екен.

Роза Әлқожаның ән кешінде өнердегі жанашырлары, ақын қыздарымыз Фариза Оңғарсынова мен Бақытгүл Бабаш қонақ болды. Құттықтау сөз сөйлеп, тілектерін арнады.

Роза Әлқожаның қызы, ұлы және өнердегі сіңлісі Әсел Ергешқызы Розаның өлеңдерінен поэзия оқыды.

Роза Әлқожаның әуелеген әндері көрермендерді ән қанатында қалықтатты. Есті ән тыңдайтын көрерменнің көп екені көңілге қуаныш ұялатады.

Роза Әлқожаның ән кеші туралы қызықты видеоны біздің порталдан күтіңіздер :)

0
0
2075

Ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Астана халқы қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, ашаршылық құрбандары монументіне гүл шоқтарын қойды.

Ашаршылықтан опат болған қандастарымыз ешқашан ұмытылмайды. Еліміздің қарты да, жасы да күңірене еске алды.

Өте әсерлі фото. Кішкентай баланың бабаларының рухына еңкейіп гүл қойғаны, құрмет көрсеткені өте әсерлі...

Ұмытпаймыз, ұмытылмайды...
Жандары жәннатта болсын деп құран бағышталық.

Көк байрағымыз ешқашан төмен түспесін! Тек биіктерден желбірей берсін!!!

Ашаршылық құрбандарына арналған монумент. Шарасы таусылған шарананың мұңды бейнесі... Күңіреніп тұрғандай.


1
0
1435