Мазмұнға өту

Жаңа

«Барыс» Ари-Пекка Селинмен келісімшарт жасасты

 

«Барыс» хоккей клубы Ари-Пекка Селинмен екі жылдық келісімшарт жасасты. 50 жастағы фин маманы команданың бас бапкері қызметін атқаратын болады, деп хабарлайды Sports.kz сайты команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Соңғы уақытта Ари-Пекка Селин «НРК» фин командасын басқарды. Сонымен қатар ол Финляндия құрамасының бас бапкері Юкки Ялоненнің көмекшісі болатын.

«Барыс» ХК бапкерлік штабына Андрей Шаянов, Раймо Хелминен, Ерлан Сағымбаев және Александр Ахцигер кіреді


 
0
0
396

Үміттің шуағынан күдіктің тұманы қалың

Бiр анығы – Болгария футболшылары келесi жылы Бразилияда өтетiн әлем бiрiншiлiгiнiң iрiктеу турын тәп-тәуiр өткiзiп келедi. Бүгiнге дейiн ойналған 6 кездесуден болгарлық футболшылар 10 ұпай жинады. Ал Мирослав Беранек баптайтын Қазақ елнiiң ұлттық құрамасы әлем чемпионатының iрiктеу туры аясында өткiзген 6 ойыннан бар-жоғы 1 ұпай ғана олжалады.

Бүгiн кешкi сағат 20:00-де Алматының Орталық стадионында Мирослав Беранек баптайтын Қазақстан ұлттық құрамасы Болгария ұлттық құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткiзедi.

Бас бапкер күнi бұрын футболшыларға сауын айтып, жаттығу жиынына шақырған. Алайда ұлттық құраманың шабуыл шебiнде ойнайтын “Астана” клубының екi бiрдей ойыншысы – Таңат Нөсербаев пен Сергей Остапенко, “Ақтөбе” клубының жартылай қорғаушысы Марат Хайруллин және қостанайлық “Тобылдың” футболшысы Бауыржан Жолшиев жарақат алып қалғандықтан, бас бапкер өзге футболшыларды жаттығу жиынына алдырды. Егер ойын барысында алаңға шығу мәртебесi тисе, “Ақтөбенiң” қорғаушысы Алексей Мулдаров, “Қайраттың” жартылай қорғаушысы Олег Недашковский, “Ертiстiң” жартылай қорғаушысы Игорь Юрин, “Жетiсудiң” шабуылшысы Алексей Щеткин және “Ордабасының” қақпашысы Самат Отарбаев ұлттық құраманың жейдесiн тұңғыш рет киюi бек мүмкiн.

Алматыға келген Болгария құрамасы ФИФА рейтингiнде 52-сатыда тұр. Олар бiздiң елдiң футболшыларымен бұрын-соңды алаңда айқасқа түсiп көрген жоқ.

Бiр анығы – Болгария футболшылары келесi жылы Бразилияда өтетiн әлем бiрiншiлiгiнiң iрiктеу турын тәп-тәуiр өткiзiп келедi. Бүгiнге дейiн ойналған 6 кездесуден болгарлық футболшылар 10 ұпай жинады. Ал Мирослав Беранек баптайтын Қазақ елнiiң ұлттық құрамасы әлем чемпионатының iрiктеу туры аясында өткiзген 6 ойыннан бар-жоғы 1 ұпай ғана олжалады.

Болгария ұлттық құрамасы Алматыға келер алдында Жапония ұлттық құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткiзiп, 2:0 есебiмен жеңген-дi. Болгарлық футболшылардың бас бапкерi Любослав Пенеев Жапонияға бастап барған жiгiттерiнiң кейбiрiн Алматыға алып келмептi. Есесiне, Болгария құрамасының бас бапкерi өзге футболшыларының томағасын сыпырып, ойынға қосып, сынап көрудi жоспарлап отыр. Осындай қарымды құраманы, командадағы футболшылары еуропалық клубтарда ойнайтын ұжымды жеңе аламыз ба, әлде итжығыс түсемiз бе, жоқ “үйренген әдiс” бойынша қирай жеңiлемiз бе?


 
0
0
362

«Dancers among us» Алматы стилінде

Өткен сенбі күні Алматы қаласында «Билеп тұрған Алматы» фотокөрмесі ашылды. Қаланың көрікті де әсем жерлері мен мың бұрала билеген бишілерден құралған фото жобада заманауи Алматы мен би өнерін көрсететін 33 фотосурет ұсынылды.



«Билеп тұрған Алматы» сынды жоба бүгінгі күні әлемнің көптеген елдерінде өткізілген. Америкада ол «Біздің арамыздағы бишілер» деп аталса, Канадада «Балерин», Санкт-Петерборде «Билеп тұрған Санкт-Петербор» деп аталады.

Бұл жобаның мақсаты Алматы қаласының ескі, әрі әрбір алматылыққа ыстық көрікті орындарын әр түрлі бағытта билейтін бишілер арқылы «қала мен адам» дуэтін көрсету.





Евгения Старцева, жоба жетекшісі:
— Өткен жылы жазда достарымызбен ғаламтордан осы сынды жобаларды көріп, өзіміздің сүйікті қаламыз Алматы жайында да әдемі суреттер түсіргіміз келді. Сөйтіп «Билеп тұрған Алматы» көрмесін жасаймыз деп шештік. Содан бастап біртіндеп қала мен бишілерді түсіре бастадық. Осы жаздан бастап жобамызды өзге де бишілермен жалғастыруды жоспарлап отырмыз.








Влада Егорова, фотограф:
— Мен кезінде «NOT Ballet» арт-үйінің би мектебінде оқығанмын. Сол кезде фото өнеріне деген қызығушылығымды байқаған Евгения «Билеп тұрған Алматы» жобасын дүниеге алып келер кезде мені шақырды. Сөйтіп өткен жылдан бастап осы жоба барысында алғашқы суреттерімізді түсіре бастадық. Фото түсіру — менің әуестігім. Ол арқылы ақша табуды, бизнеске айналдыруды көздемеймін. Және алдағы уақытта да солай қала береді деп ойлаймын.









Ольга, көрермен:
— Көрмелерге жиі барамын деп айта алмаймын. Бірақ уақытым болса, барып тұруға тырысамын. Бүгінгі көрме өте ұнады. Бәрі сондай түрлі-түсті, әрбір сурет әдемі, көрген адамға қуаныш сыйлайды.





Евгений Плохих, көрермен:
— Негізі көрменің идеясы өте керемет. Өнерлі жандардың фото, би арқылы өнерді насихаттап, оған қызығушылығы төмен адамдардың қызғушылығын оятуға деген талпыныстары қуантады.



Мекен-жайы: «NOT Ballet» арт-үйі, Сейфуллин көшесі 597 (Абай көшесінен сәл жоғары)

Байланыс телефондары: 327-89-58, +7 705 201 49 82

Материалды дайындаған: Айнұр Ракишева

фото автордікі

8
0
1961

«Мұзды жарып шыққан гүл». Телехикая (Корея, 2012 ж.).

Аманатқа жасалған қиянат, нағыз қылмыскердің әшкереленіп, әділеттің жеңіске жетуі дүйсенбі-жұма аралығында Ұлттық арнада «Мұзды жарып шыққан гүл» телехикаясының жаңа бөлімдерінде!

0
0
466

«Тарихта қалған ойын». Тарихи драма (АҚШ, 2005 ж.)

1913 жыл. Гольф ойынынан өткен біріншілікте 20 жасар Франсис Уимен тісқаққан тәжірибелі ойыншы Гарри Вардонды жеңіп шығады. Тарихта қалған атышулы бұл ойын көпке дейін ел аузынан түспейді.

0
0
788