Мазмұнға өту

Жаңа

«Астана» шабандоздары жарақат алды

   

«Тур де Франц» додасы басталмай жатып, «Астана» шабандоздары жарақат алды.

Алдағы бәсекеге дайындық барысында қазақстандық клубтың 3 спортшысы ауруханаға жеткізілген. Даниялық легионер Якоб Фульсанг жаттығу кезінде құлап, шынтағы мен арқасын ауыр жараласа, Андрей Гривко мен Асан Базаев жеңіл жарақаттанды. Енді аталған спортшылардың әлемдік додаға шығу-шықпауы белгісіз. Ал қалған 9 шабандоз дін-аман. Айта кетейік, 2013 жылғы «Тур де Франц» бәсекесі маусымның 29-ында басталады. Кәсіпқой спортшылар 21 күнде 3300 шақырымдық жарыс жолын бағындыруы керек.

 
0
0
300

Мұрат Кеңтонов: «Қазақстан Барысына» осалдар қатыспайды

 

Шын мәнінде бұл бәсекеге ең мықтылар іріктеліп, өз өнерлерін көпшілікке паш етеді. Бұл жерде кез келген балуан қарымды қарсылас болып табылады. Барлығы да біз сияқты іріктеу бәсекесінде топ жарып, өз облыстарының үмітін үкілеген оғыландар.

Маусым айының соңғы жексенбісінде Астана қаласында қазақ күресініңүздігін анықтайтын «Қазақстан Барысы» бәсекесі өз жалауын үшінші рет көтермек. Бәсі жоғары бәйгеде бақ сынайтын Қостанай облысының қосқыраны қазір қызу дайындық үстінде. Соның бірі «Қостанай қыраны» атағын екінші рет иеленген – Мұрат Кеңтонов. Ел арасында «Сымайыл балуан» деген лақапатпен белгілі қазақ күресінің тарланына арнайы жолығып,әңгімелескен едік

– Мұрат аға, жақында бәсі жоғары белдесуде қарсыластарыңызды айқын басымдықпен ұтып, «Қостанай қыраны» атағына тағы бір мәрте қол жеткіздіңіз. Осы сайыстың облыстық іріктеу кезеңі қалайөтті?

– Аталмыш сайыс өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. «Нұр Отан» ХДП-сының облыстық филиалының қолдауымен өткен жарыс Қазақ күресі федерациясының тікелей мұрындық болуымен өтті. «Қостанай қыраны» атағына таласқан балуандар белдесуіне халық көп жиналды. Өңіріміздің әр ауданынан келген жанкүйерлердің ықыласы балуандарға ерекше жігер берді.

– Жалпы, осы іріктеу сайысында сізге қарымды қарсылықтанытқан балуандардан кімдерді атар едіңіз?

– Финалда бойдағы күштің салмақ пен білекке қарамайтынына айқын дәлел болатын Максим Гербермен жолықтым. Бірақ, бұл белдесу мен үшін оңай болмады. Максим республика жұртшылығына танымал балуан әрі Азия чемпионы. Жеңіске жеткенімнің бір сыры көп жылдық тәжірибемнің арқасы деп білемін. Бір қуаныштысы, Максим де «Қазақстан Барысына» жолдама алды. Алла жазса, айтулы додада Қостанайдың намысын қорғау Максим екеуміздіңмойнымызда.

– Алдағы «Қазақстан Барысы» додасына дайындығыңыз қалай?

– Шын мәнінде бұл бәсекеге ең мықтылар іріктеліп, өз өнерлерін көпшілікке паш етеді. Бұл жерде кез келген балуан қарымды қарсылас болып табылады. Барлығы да біз сияқты іріктеу бәсекесінде топ жарып, өз облыстарының үмітінүкілеген оғыландар. Осындай азулы қарсыласқа төтеп беру тиянақты дайындықты талап етеді. Бүгінде дайындығым ойдағыдай жүріп жатыр.Қалғанын кілемдегі белдесу көрсетеді.

– Әңгімеңізге рахмет!

 
0
0
537

«Барыс» жаңа маусымды Астанада бастайды

 

Бір қызығы, биыл да барлық командалар бір-бірімен екі айналымдық жүйемен түзде және үйде кездесіп шығады екен. Онда дивизиондарға бөлудің қаншалықты қажеті бар, түсініксіз?

Құрлықтық хоккей лигасы жаңа маусымда додаға түсер командаларды төрт дивизионға қайта жіктеп, ойындар күнтізбесін бекітті. Алғашқы ойындарын түзде бастап жүрген Астананың «Барысы» 2013/2014 жылдар маусымын елордада бастайды.

Биыл Құрлықтық хоккей лигасы сапында аздаған өзгерістер бар. Атап айтқанда, Хорватия «Медвешчак» деп аталатын клубын үкілеп қосып отыр.

Ресейдің өзі Қиыр Шығыстан тағы бір команда құрып, Владивостоктан бір клубқосты. Жанкүйерлер арасында дауыс беру ұйымдастырылып, соның нәтижесі бойынша бұл команда «Адмирал» деп аталды.

Содан ҚХЛ-дағы Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) клубынан басқасынан ойыншы жиналды. Яғни Ресей клубтары «Адмиралға» бес хоккейшіден ұсынып,Қиыр Шығыста құрылып жатқан әр клубтан бір ойыншы таңдап алды. Сөйтіп,құрамын тәжірибелі 19 ойыншымен толықтырды.

Бұл драфтқа Ресейлік емес клубтар, яғни біздің «Барыс» қатысқан жоқ, «Адмиралға» ойыншылар ұсынған жоқ.

Жалпы, Ресейдің сонау Қиыр Шығыстан бір команда қосуының тамыры тереңде сияқты. Батыстағы бірнеше клубтың сонау Қиыр Шығысқа барып-келуі өтеқолайсыз болса да, Хабаровск клубына Владивостоктан тағы бір команда қосылып отыр. ҚХЛ мұнысымен Жапония мен Кореяны қызықтырып отырғандай.

Сонымен, ҚХЛ-дағы екі конференция мен төрт дивизион құрамы төмендегідей болып қайта түзілді:

Содан соң алдағы мауымдағы ойындар күнтізбесі бекітілді. Бір қызығы, биыл да барлық командалар бір-бірімен екі айналымдық жүйемен түзде және үйде кездесіп шығады екен. Онда дивизиондарға бөлудің қаншалықты қажеті бар, түсініксіз?

Негізі, әр команда өз дивизионындағы клубтармен төрт рет, ал басқа дивизиондағы клубтармен екі рет қана кездесуші еді. Дивизионға бөлудіңерекшелігі – сол, географиялық тұрғыда өзіне жақын орналасқан клубтардыңмұзайдынында екі кездесу өткізіп, алыстағы командаларға бір-ақ рет қонаққа барады.

Бұл – қаражат үнемдеу мақсатында қолданылып жүрген тәжірибе. Бірақ ҚХЛ биыл да (былтырғыдай) екі айналымдық қарапайым жүйені таңдапты.

Алдағы маусымда 28 команда екі айналымдық жүйемен 54 ойыннан өткізіп шықпақ. 4 қыркүйекте басталатын негізгі дода 4 наурызда аяқталмақ.

Осы ойындардың қорытындысы бойынша 16 үздік команда плей-офф додасы негізінде Гагарин кубогын сарапқа салатын болады. Плей-оффтың барлықсатысындағы кездесулер төрт жеңіске дейін созылмақ.

Басқадай өзгеріс жоқ. Бұрынғыдай плей-офф ойындарында жеңімпаз буллит арқылы анықталмайды. Тек овертаймдар.

Келесі жылы Сочиде қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Сондықтан 30 қаңтардан 26 ақпанға дейін ҚХЛ-да – үзіліс. Ал біздің құрама Сочи Олимпиадасынақатыспайды. Әлгі төрт апталық үзіліс кезінде не істер екенбіз…

Сонымен, «Барыс» алдағы маусымдағы алғашқы ойынын 8 қыркүйек күні «Северсталь» клубымен Астанада өткізеді.

Одан кейін елордада «Локомотив» (10 қыркүйек), СКА (12 қыркүйек), «Атлант» (14 қыркүйек), «Авагард» (17 қыркүйек) клубтарын қабылдайды. Түздегі алғашқы ойынын 19 қыркүйекте «Югра» клубымен өткізеді.


 
0
0
325

«Ас мәзірі».

Осы аптада «Ас мәзірі» бағдарламасы сыған халқының дәстүрлі тағам түрлерімен таныстырады. Ұлттық арнадан «Ас мәзірі» бағдарламасын 23 маусым күні сағат 10.00-де тамашалаңыз!

0
0
466

Атырау гарнизонында Елбасы Жолдауы іске асырылуда

Бүгін Қорғаныс министрлігінде құрылған кешенді ақпарат насихат тобы Атырау қаласында жұмысын жалғастырды.

   

Қырық төрт адамнан тұратын насихатшылар Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің, ардагерлер ұйымдарының, жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдерімен кездесіп, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселелері бойынша әңгіме өрбітті.

   

Облыс әкімімен кездескен топ жетекшісі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары полковник Мұхамеджан Таласов Қарулы Күштерде атқарылып жатқан ауқымды істерді баяндай келе армия мен қоғамның өзара іс-қимылын, жергілікті билік органдарының оған қосқан қомақты үлесін атап өтті.

   

Атырау гарнизонының әскери қызметшілері Елбасы Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды іске асыру қажеттігін терең түсінетіндіктерін білдіріп, отансүйгіштік рухтағы ойларын жеткізді.

   

Ал топ құрамындағы Қорғаныс министрлігі Орталық ансамлінің өнерін атыраулық өнер сүйер қауым жоғары бағалады. Жұртшылықтың ұзақ қол соғып құрмет көрсетуі бұл сөзіміздің дәлелі десе болады.

   

Кешенді ақпарат насихат тобы өз жұмысын ертең Ақтаудағы әскери гарнизондарда жалғастыратын болады.

   

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
423

Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы фракциясының жанындағы Әлеуметтік Кеңестің әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін талқылау бойынша көшпелі отырысы болып өтті. Делегацияға Кеңестің төрайымы Айткүл Самақова басшылық жасады.

Әлеуметтік Кеңес мүшелері әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету шеңберінде Елордадағы Шәкәрім Құдайбердұлы көшесінің бойында салынып жатқан жатақханада болды.
Жатақхананың инфрақұрылысын таныстыру барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасының бастығы полковник Ильдар Гиниатулин қонақтарды аталған нысанның құрылысымен ғана емес, жалпы әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде құлағдар етті.
Қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс министрлігінің тұрғын үй қоры тұрғын үйлердегі пәтерлер мен жатақханалардағы бөлмелерді қосқанда, 20 мыңға жуықтайды.
Әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету құрылыс салу, тұрғын үй сатып алу және тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу арқылы жүргізіледі. Жыл сайын барлығы 800-ден 2000-ға дейін әскери қызметші баспанамен қамтамасыз етіледі.
Әскерлерді пәтермен қамтамасыз ету принципі «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған соң түбегейлі өзгеріске түсті. Аталған Заң тұрғын үймен қамтамасыз ету және баспананы жекешелендіру тәртібін өзгертті.
Енді 2013 жылдың 1 қаңтарында әскери өтілі 10 жылдан кем әскери қызметшілер үшін тұрғын үймен қамтамасыз етілген сәтке дейін пәтерді жалға алғаны үшін өтемақы төленеді. Қазіргі таңда пәтерді жалға алғаны үшін берілетін өтемақыны алу тәртбі жеңілдетілді, ол үшін бар-жоғы үш құжат талап етіледі.
Биыл 7 мыңнан астам әскери қызметшіні тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Алдағы 2014 жылы бұл көрсеткіш айтарлықтай өспек, яғни 10 мыңға жуық әскери қызметші пәтер тойын тойламақ деген болжам бар.
Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін тұрғын үймен қамтамасыз ету тұжырымдамасын әзірледі. Бұл құжат бойынша әскери қызметшілердің барлық категориясын сатып алу, құрылыс салу және жалға алғаны үшін өтемақы төлеу арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған.
Аталған тұжырымдаманы жүзеге асыру 2013-2017 жылдар аралығында Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерін толықтай баспанамен қамтамасыз ете аларлық 8-9 мың пәтерді пайдалануға беруге мүмкіндік туғызады.
«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы фракциясының жанындағы Әлеуметтік Кеңестің көшпелі отырысы Қорғаныс министрлігінде жалғасты. Мәжіліс депутаттары әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне барынша көңіл бөлініп отырғанын, таяу жылдары әскери қызметшілердің баспана мәселесі толықтай шешілетінін атап өтті.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
784

Ресейлік футболшы Сергей Давыдов – қазақстандық Премьер-лиганың ең қымбат ойыншысы

Фото: rsport.ru

Қазанның «Рубинінен» «Ақтөбе» клубына жалға алу негізінде ауысқан ресейлік шабуылшы Сергей Давыдовтың құны 2,8 млн еуро, деп жазады Sports.kz.

Бұл көрсеткіш Қазақстан біріншілігінде ең үздік деп саналады. Алматылық «Қайраттың» финдік жаңа ойыншысы Алексей Еременконың құны 1,2 млн евро, ал қарағандылық «Шахтердің» армян ойыншысы Геворк Казарян – 1 млн евро, «Астананың» бразилиялық қорғаушысы Зелао, «Тараздың» португалиялық жартылай қорғаушысы Мануэль Курто мен «Ақтөбенің» өзбек шабуылшысы Александр Гейнрих – 800 мың еуро.

Қазақстандықтардың арасында құны жағынан «Қайраттағы» Жамбыл Көкейев, «Ақтөбедегі» Алексей Мулдаров және «Астанадағы» Танат Нөсербаев алғашқы орында, отандық ала доптың қас шеберлері 500 мың теңгеден алады екен.


 
0
0
474

Жаңадан алынған футболшылар көзге түскен тур

 

Футболдан Қазақстан чемпионатының премьер-лигасында 15-турдың ойындары өтті. Бұл тур жанкүйерлер үшін бірнеше тосын нәтижелерімен қызықты болды.

Ел біріншілігінде жеке-дара көш бастап келе жатқан «Ақтөбе» Талдықорғанда жергілікті «Жетісу» клубымен тең түсіп, бір ұпаймен шектелді. Қаржыдан қиындық көріп, бірнеше ойыншысынан айырылған «Жетісу» клубы қайсарлықтың үлгісін танытып, ел біріншілігінің көшбасшысына дес бермеді.

Ал ақтөбеліктердің ізін басып келе жатқан «Астана» өз алаңында азулы «Шахтерді» шалып жықты. Сөйтіп, басты бәсекелестерімен ұпай айырмасын қыс­қартып, ақтөбеліктерге жақындай түсті. Бұл ойында «Шахтер» жазғы трансфер кезінде Оралдың «Ақжайығынан» алған ел чем­пионатының сұрмергені Игорь Зеньковичті жасыл алаңға шығарды. Бірақ тек екінші таймда ғана. Алайда Тәжім­бетовтің орнына шыққан Зенькович те Қайрат Нұрдәулетов бастаған «Астана» клубының қорғанысын бұза алмады.

Жазғы трансфер кезеңінде бүкіл футбол жанкүйерлерін елеңдетіп, құрамын нығайтқан «Қайрат» Қостанайда «Тобыл­ды» тобықтан қақты. Бір голды Алматы клубының сапына Қарағандының «Шах­терінен» келген Жамбыл Көкеев соқты. Командаға жаңадан алынғандар қата­рынан Самат Смақов негізгі құрамда өнер көрсетіп, түзде «Қайраттың» жеңіске жетуіне үлес қоса, қақпашы Давид Лория қосалқы құрам орындығында тыпыршып отырды. Владимир Вайсс әзірше «Қай­раттың» қақпасын бұрынғысынша Даниил Рихардқа сеніп тапсырыпты. Жанкүйер біткен Давид Лорияның өнерін қашан көзбе-көз көреміз деп алаңдап қала берді.

«Тараз» өз алаңында Шымкенттен келген «Ордабасы» клубынан ұтылып қалды. Шетелде жүрген жерінен шақыртып алған Арно Пайперс те «Таразды» жеңіске жеткізе алмады. Бірақ голланд маманы жергілікті жастарды негізгі құрамда алаңға шығарып, Тараз жанкүйерлерін риза қылды. 21 жастағы Жақып Қожамберді мен 17 жастағы Әділет Кұдайберген «Та­раз» сапында алаңға жиі шыға берсе бар ғой, Пайперс қазақ халқынан алғыстан басқа ештеңе естімес деп ойлаймыз. Ал қонақтарды жеңіске жеткізген жалғыз голды Эдин Юнузович соқты. Бұл – «Ордабасының» жақында ғана «Жетісудан» қалап алған сұрмергені.

«Ертіс» өз алаңында кежегесі кейін тартқан «Ақжайыққа» әлімжеттік жасады. Орал клубы да қаржы тапшылығын басы­нан кешіріп, бірнеше ойыншысынан айы­рылды. Тіпті бас бапкері Погос Галс­тян да командасын тастап, кетіп қалған көрі­неді. Әйтсе де қандай қиыншылық бол­сын клуб намысын қолдан бермеуге тырысатын жігіттері бар екен. Түзде «Ертіс­тің» арынына төтеп беруге тырысты-ақ…

Айтпақшы, Павлодар жанкүйерлері бір голды жас дарын Қуаныш Бегалиннің соққанына ерекше қуанды.

«Атырау» күннің аптап ыстығында Өскеменнен келген қонақтарынан басым түсті. Екі голды жақында ғана команда сапына алынған серб футболшысы Ненад Иняц соқты. 28 жастағы шабуылшы бірер жыл Ресейде де доп теуіп, «Амкар» (Пермь) клубының сапында да болған екен. Енді, міне, дәм жазып, қазақ топы­рағына келген. Бастамасы жаман емес. Келе сала екі гол соғып, командасын жеңіске жетеледі.

Жетісу – Ақтөбе – 0:0

Астана – Шахтер – 1:0

Гол: Ивановски, 84.

Тобыл – Қайрат – 2:3

Голдар: Сиссей, 21 (0:1). Көкеев, 25 (0:2). Тонев, 44 (1:2). Кнежевич, 74-пе­нальтиден (1:3). Бугаев, 79 (2:3).

Тараз – Ордабасы – 0:1

Гол: Юнузович, 85.

Ертіс – Ақжайық – 3:1

Голдар: Юрин, 10 (1:0). Бегалин, 43 (2:0). Шомко, 71 (3:0). Хаман, 80 (3:1).

Атырау – Восток – 2:0

Голдар:  Иняц, 32. Иняц, 54.


 
0
0
365

«Мұхтар Әуезов». Деректі фильм («Қазақфильм», 1989 ж.)


«Қазақстан» Ұлттық арнасында қазақ әдебиетінің өркендеп, дамуына шексіз үлес қосқан қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін деректі фильм! Ұмытылымас ұлы тұлға туралы туындыны 21 маусым күні сағат 15.25-те тамашалаңыздар!

0
0
579