«Барыс» жаңа маусымды Астанада бастайды
Бір қызығы, биыл да барлық командалар бір-бірімен екі айналымдық жүйемен түзде және үйде кездесіп шығады екен. Онда дивизиондарға бөлудің қаншалықты қажеті бар, түсініксіз?
Құрлықтық хоккей лигасы жаңа маусымда додаға түсер командаларды төрт дивизионға қайта жіктеп, ойындар күнтізбесін бекітті. Алғашқы ойындарын түзде бастап жүрген Астананың «Барысы» 2013/2014 жылдар маусымын елордада бастайды.
Биыл Құрлықтық хоккей лигасы сапында аздаған өзгерістер бар. Атап айтқанда, Хорватия «Медвешчак» деп аталатын клубын үкілеп қосып отыр.
Ресейдің өзі Қиыр Шығыстан тағы бір команда құрып, Владивостоктан бір клубқосты. Жанкүйерлер арасында дауыс беру ұйымдастырылып, соның нәтижесі бойынша бұл команда «Адмирал» деп аталды.
Содан ҚХЛ-дағы Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) клубынан басқасынан ойыншы жиналды. Яғни Ресей клубтары «Адмиралға» бес хоккейшіден ұсынып,Қиыр Шығыста құрылып жатқан әр клубтан бір ойыншы таңдап алды. Сөйтіп,құрамын тәжірибелі 19 ойыншымен толықтырды.
Бұл драфтқа Ресейлік емес клубтар, яғни біздің «Барыс» қатысқан жоқ, «Адмиралға» ойыншылар ұсынған жоқ.
Жалпы, Ресейдің сонау Қиыр Шығыстан бір команда қосуының тамыры тереңде сияқты. Батыстағы бірнеше клубтың сонау Қиыр Шығысқа барып-келуі өтеқолайсыз болса да, Хабаровск клубына Владивостоктан тағы бір команда қосылып отыр. ҚХЛ мұнысымен Жапония мен Кореяны қызықтырып отырғандай.
Сонымен, ҚХЛ-дағы екі конференция мен төрт дивизион құрамы төмендегідей болып қайта түзілді:
Содан соң алдағы мауымдағы ойындар күнтізбесі бекітілді. Бір қызығы, биыл да барлық командалар бір-бірімен екі айналымдық жүйемен түзде және үйде кездесіп шығады екен. Онда дивизиондарға бөлудің қаншалықты қажеті бар, түсініксіз?
Негізі, әр команда өз дивизионындағы клубтармен төрт рет, ал басқа дивизиондағы клубтармен екі рет қана кездесуші еді. Дивизионға бөлудіңерекшелігі – сол, географиялық тұрғыда өзіне жақын орналасқан клубтардыңмұзайдынында екі кездесу өткізіп, алыстағы командаларға бір-ақ рет қонаққа барады.
Бұл – қаражат үнемдеу мақсатында қолданылып жүрген тәжірибе. Бірақ ҚХЛ биыл да (былтырғыдай) екі айналымдық қарапайым жүйені таңдапты.
Алдағы маусымда 28 команда екі айналымдық жүйемен 54 ойыннан өткізіп шықпақ. 4 қыркүйекте басталатын негізгі дода 4 наурызда аяқталмақ.
Осы ойындардың қорытындысы бойынша 16 үздік команда плей-офф додасы негізінде Гагарин кубогын сарапқа салатын болады. Плей-оффтың барлықсатысындағы кездесулер төрт жеңіске дейін созылмақ.
Басқадай өзгеріс жоқ. Бұрынғыдай плей-офф ойындарында жеңімпаз буллит арқылы анықталмайды. Тек овертаймдар.
Келесі жылы Сочиде қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Сондықтан 30 қаңтардан 26 ақпанға дейін ҚХЛ-да – үзіліс. Ал біздің құрама Сочи Олимпиадасынақатыспайды. Әлгі төрт апталық үзіліс кезінде не істер екенбіз…
Сонымен, «Барыс» алдағы маусымдағы алғашқы ойынын 8 қыркүйек күні «Северсталь» клубымен Астанада өткізеді.
Одан кейін елордада «Локомотив» (10 қыркүйек), СКА (12 қыркүйек), «Атлант» (14 қыркүйек), «Авагард» (17 қыркүйек) клубтарын қабылдайды. Түздегі алғашқы ойынын 19 қыркүйекте «Югра» клубымен өткізеді.


