ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Ресейлік футболшы Сергей Давыдов – қазақстандық Премьер-лиганың ең қымбат ойыншысы

Фото: rsport.ru

Қазанның «Рубинінен» «Ақтөбе» клубына жалға алу негізінде ауысқан ресейлік шабуылшы Сергей Давыдовтың құны 2,8 млн еуро, деп жазады Sports.kz.

Бұл көрсеткіш Қазақстан біріншілігінде ең үздік деп саналады. Алматылық «Қайраттың» финдік жаңа ойыншысы Алексей Еременконың құны 1,2 млн евро, ал қарағандылық «Шахтердің» армян ойыншысы Геворк Казарян – 1 млн евро, «Астананың» бразилиялық қорғаушысы Зелао, «Тараздың» португалиялық жартылай қорғаушысы Мануэль Курто мен «Ақтөбенің» өзбек шабуылшысы Александр Гейнрих – 800 мың еуро.

Қазақстандықтардың арасында құны жағынан «Қайраттағы» Жамбыл Көкейев, «Ақтөбедегі» Алексей Мулдаров және «Астанадағы» Танат Нөсербаев алғашқы орында, отандық ала доптың қас шеберлері 500 мың теңгеден алады екен.