Мазмұнға өту
eskaxxx

eskaxxx

Сайтта 2011 ж. 14 сәуір

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

3

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

4

үшінші күн

Cәлем!Бүгін біздің экспедицияның 3-күні.Экспедицияның өту барысын қазір баяндап беремін.Бүгін ауа-райы жаңбырлы.Сыртта салқын леп соғып тұр.Таңғы астан кейін «Үш бәйтеректің»бірі,алаштың асқақ азаматы С.Сейфуллиннің мұражайына жол тарттық.Мұражай 1988ж 21 қаңтарда бой көтерген.Бізге Айнур Жетпісқызы С.Сейфуллин туралы біраз мәліметтер айтты.Қазақ халқының қазақша сөйлеуіне ат салысқан,алаш халқы үшін тағдырдың ащы мен тұщысын көрген атамыз туралы мәліметтер алу біз үшін үлкен мәртебе.Онда Сәкен атамыздың киген киімдерін,жазған хаттарын,қалдырған кітаптарын т.б көргенде өте таңғалдық.Ол «Айша»повесі,»Көкшетау»романы секілді біраз еңбектер қалдырған.Өкінішке орай,»халық жауы»деген жала жабылып,1938ж сағат 16:40-та ,44 жасында ату жазасына кесілді.Міне,Айнур Жетпісқызы бізге осындай секілді…

0
0
536

екінші күн

Біздің бүгінгі саяхатымыз өте керемет өтті десем де болады.Оның себебін қазір сіздерге баяндап беремін. Біз таңертең өте ерте тұрдық. Әрине,ұйқымыз қана қоймады. Бірақ, экспедицияға деген құштарлығымыз жоғары деңгейде болғандығын жасырмай айта аламын. Астанадан 35 км алыс шақырым жерде орналасқан Қабанбай батыр кесенесіне жол тарттық. Жол бойы Астананың әсем,жанға жайлы табиғатына куә болып,"осындай қаламыз бар біз бақыттымыз "деген мақтаныш сезімдер кеудемізді кернеп тұрды.Қас пен көздің арасында батыр ауылына да келіп жеттік.Бізді Камал қажы Абдрахман атты профессор жылы қарсы алды. Кесенеге кіре салысымен Құран бағыштап, барға қанағат етіп, ата-бабамызды бір еске алдық. Ал содан кейін сатырлаған сұрақтар қойылып, біреуі де жауапсыз қалмады. Менің білгенім, кесене 2000 жылдың , 3 қараша…

0
0
441

бірінші күн

Сәлем! Мен Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысымын. Біз мектебімізбен "Туған елге тағзым" атты экспедиция бойынша еліміздің бас қаласы Астана қаласына саяхатқа шыққан болатынбыз. Жол бойы Қостанай,Көкшетау қалаларының табиғатына тамсанып, Астананы көруге деген құштарлық кеудемізде жанып тұрды. Көп ұзамай маусымның 30-ыншы жұлдызында, сағат 14:30-да арайлы Астананың вокзалына келіп түстік. Бәріміздің ойымызда жас қаланың сұлу жерлерін көріп, тамашалау болды. Астана-арман қала.Оны көру әр баланың арманы. Бірақ та мен жыл сайын Астана қаласына келетінмін, сондықтан қасымдағы әріптестеріме білген жерлерімді айтып, көрсетіп жаттым. Айта кету керек, бізді "Dana tour" туристік агенттігі күтіп алды. Содан соң автобуспен төрт жұлдызды "G - Empire" атты қонақ үйге келі…

0
0
648