Жаңа
Бәрі де сіздер үшін!
Достар!
Біздің порталдан өзіңізге керектінің бәрін табасыз деген ойдамыз.
Бір уақыт кітап оқып, санаңызды сергіткіңіз келсе, біздің порталдың "Кітаптар" бөліміне бас сұға қойыңыз. Тіпті бұл жақтан балаларға арналған ертегілердің түр-түрін табасыз :)
Радио тыңдағыңыз келсе де, біздің порталға кіре салыңыз. Еш қиындығы жоқ, мына бөлімге өтесіз:
Ал, үйдегі жалғыз теледидарға таласып қала берсеңіздер, тыныш қана компьютеріңізді қосып алыңыз да, отырыңыз. Өйткені, біздің порталдан онлайн ТВ қарай аласыз :)
Түрлі-түрлі ән тыңдап, әуендермен ойша әуелей аласыздар. Ұнатқан әнді жазып алуға да болады.
Ішіңіз пысса, біздегі "Кино" бөліміндегі кинолардың бәрін шетінен көре беріңіз :)
Жиі-жиі ұйымдастырып тұратын конкурстарға қатысыңыздар, ат салысыңыздар, белсенді болып, бағалы сыйлықтар ұтып алыңыздар. Бәрі де сіздер үшін!
Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ұсталды
2013 жылғы 23 шілдеде Астана қаласы бойынша қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері кәсіпкерден ауылшаруашылық өнімдерімен сауда саттық жасауда қамқолық көрсету үшін құны 109 мың теңге тұратын «HP» маркалы ноутбук түрінде пара алды деген күдікпен Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел селолық округі әкімінің міндетін атқарушы Қ.Қарымсақовты ұстады.
Сол күні оған қатысты пара алу фактісі бойыша қылмыстық іс қозғалды.
26 шілдеде Қарымсақов сот санкциясымен қамауға алынды.
Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.
Мәскеуге баратын спортшылар белгілі болды
Мәскеуде 10-тамыз күні жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталады. Еліміздің атынан сынға түсетін, халықаралық дәрежедегі турнирлерде жолдама алған 17 спортшының есімдері белгілі болды.
Мәскеу төріне жеңіл атлетикадан аттанатын ұлттық құраманың сапында 7 ер, 10 әйел еліміздің атынан бақ сынасады. Ерлер құрамында — Георгий Шейко және Виталий Аничкин (спорттық жүріс), Михаил Красилов (марафон), Роман Валиев (үш қарғып секіру), Никита Филиппов (сырықпен секіру), Константин Сафронов (ұзындыққа секіру) және Дмитрий Карпов (онсайыс), ал әйелдер құрамында — Ольга Сафронова, Виктория Зябкина, Маргарита Мукашева (жүгіру), Галина Кичигина, Айман және Шолпан Қожахметова (спорттық жүріс), Анастасия Сопрунова (кедергілерді секіріп өту), Марина Аитова (биіктікке секіру), Ирина Карпова (жетісайыс), Ирина Эктова (үш қарғып секіру) өнер көрсетеді.
Ұлттық құрама ерлер арасында онсайыстан Афины олимпиадасының жүлдегері Дмитрий Карповқа үлкен сенім артуда. Онсайысшы бір ай бұрын Азия чемпионы атанған болатын. Әйелдер арасында жүгіруден Қазанда өткен Универсиаданың жеңімпазы Маргарита Мұқашевадан жаттықтырушылар биіктен көрінеді деп үміт күтуде. Сонымен қатар Марина Аитова мен Никита Филлипповтар да соңғы жарыстарда жоғары нәтижеге қол жеткізіп келеді.
Жеңіл атлетикадан ұлттық құраманың көшбасшысы Лондон олимпиадасының жеңімпазы Ольга Рыпакова бұл додаға қатыспайды. Жақында ғана дүниеге ұл әкелген спортшы қазір демалыста. Енді Мәскеудегі әлем чемпионатында Ольганың орнына Ирина Эктова жарыс жолына шығады.
Естеріңізге сала кетер болсақ, жеңіл атлетикадан Мәскеуде болатын әлем чемпионаты 10-18 тамыз аралығында өтеді.
«Астанада» ауыс-түйіс тамамдалды
Халықаралық «ВТБ бірегей лигасында» өнер көрсететін «Астана» клубы құрамын біраз екшеді. Бірнеше тәжірибелі ойыншысымен арадағы келісімшартты ұзартпаған елордалық клуб солардың орындарын толықтырып болғандай.
Халықаралық «ВТБ бірегей лигасында» өнер көрсететін «Астана» клубықұрамын біраз екшеді. Бірнеше тәжірибелі ойыншысымен арадағы келісімшартты ұзартпаған елордалық клуб солардың орындарын толықтырып болғандай.
Өткен маусым аяқталысымен, мамыр айының ортасында «Астана» бірнеше баскетболшысымен жылы қоштасқан болатын. Елорда клубы құрылғалы команда сапында ойнап жүрген Максим Воейковпен және Всеволод Фадейкинмен арадағы келісімшарттар екіжақты шешім бойынша үзілді.
Екеуі де – қазақстандық ойыншылар. Екеуіне де мүмкіндік берілген. Команда бапкерлері екеуінің әлеуеттері мен деңгейлерінің қаншалықты екендеріне көз жеткізгендіктен бе, ұжымның іргесі қаланғалы бері қосқан үлестеріне алғыс білдіріп, екеуімен де қош айтысты.
«Астана» құрамындағы легионерлердің ішінде де келісімшарттары ұзартылмай,үйлеріне қайтқандары бар. Солардың бірі – Америка қорғаушысы Роул Маршалл. Бұл ойыншымен келісімшарттың ұзатылмауын «Астана» клубының ресми сайты оның жарақатымен байланыстырады. Ресми түрдегі мәлімдеме солай.
Әйтпесе Роул Маршалл да «Астана» клубы шаңырақ көтергелі осы команданыңнамысын жыртып жүрген ойыншы болатын. Жаман ойнаған жоқ-ты. Техникалықкөрсеткіштері де көп-көрім еді. Бірақ кім біледі, бапкерлер құрамы Роулдан да ширақ ойыншыны көздеді ме екен?.. Себебі Роул Маршалл әу бастағыдай емес, жыл сайын көптің бірі бола бастағандай да еді…
«Астана» сапында қалмаған легионерлердің қалғандары – Грекияның орталықшепте ойнайтын алыбы Андреас Глиниадакис пен Сербияның шабуылдаушықорғаушысы Неманьи Ярамаза. Бұл екеуінің жағдайы ашып айтпаса да түсінікті. Екеуі де тұрақты ойын үлгісін көрсете алмады. Көзге түсіп, команданы алға сүйреген ойындары – санаулы ғана.
Ал легионер деген үнемі жоғары деңгейдегі ойын үлгісін көрсетіп, команданыңкөшбасшы серкесі болуы керек емес пе?! Біздіңше, бұлар өздеріне артылған сенімді толығымен ақтай алмағандай…
Осы бес ойыншымен достық қарым-қатынаста қоштасқалы біраз уақыт өткен. Жаңа ойыншылар команда сапына бірден алынбады. Команда басшылары мен бапкерлері асықпай, команда сапына алынатын әрбір ойыншыны саралап баққандай.
Ең әуелі маусым айының алғашқы күндері «Астана» құрамына америкалықГрекия ойыншысы Патрик Шон Калатес алынды. Бұл жігіт 1985 жылы 12 желтоқсанда АҚШ-тың Флорида штатында туыпты. Бойы 208 см шабуылшының екі азаматтығы бар екен – АҚШ және Грекия. Өткен маусымда «Маккаби» (Хайфа) клубының сапында ойнап, Израиль чемпионатының еңбағалы ойыншысы (MVP) атанған екен. Әрі аталмыш командамен Израиль чемпионы атанған.
Ал шілде айының үшінші бөлігінде «Астана» өз құрамын қазақстандық екі ойыншымен толықтырды. Олар – Тимур Сұлтанов пен Михаил Евстигнеев. Бұл екеуін Воейков пен Фадейкиннің орындарына алынған ойыншылар деп түсінген дұрыс болар.
Жасы 32-ден асқан Сұлтанов Қостанайдың «Тобылынан» келді. Воейков сияқты ойын үйлестіруші. Ал жақында ғана 29-ға толған Евстигнеев Атыраудың«Барсы» деп аталатын клубынан алынды. Еңгерзедей шабуылшы (бойы – 201 см, салмағы – 110 келі). Екеуі де – Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары.
Осы аптаның басында «Астана» баскетбол клубы екі легионермен келісімшартқа отырғандығын жариялады. Олар – орталық шептің ойыншысы Олашени Абдул-Джелили Лавал және қорғаушы Янис Блумс.
Олашени Абдул-Джелили Лавал 1986 жылы 8 қазанда Нигерияда туған. Еңгезердей бұл шабуылшының да екі азаматтығы бар екен – Нигерия және АҚШ. Бойы – 208 см, салмағы – 102 келі. Баскетбол өнерінің қыр-сырына Америкада қаныққанымен, Катар мен Испания клубтарында тәжірибе жинақтаған. Одан кейін Италияға ойысыпты. «Астанаға» осы елдің «Тезенис-Верона» клубынан келіп отыр. Италия чемпионатындағы техникалықкөрсеткіштері адам қызығарлықтай екен. Көреміз енді, «ВТБ бірегей лигасында»қалай ойнарын…
Латыш қорғаушысы Янис Блумс баскетбол жанкүйерлеріне жақсы таныс. Жас кезінен бері Латвия құрамасының намысын қорғап келеді. 1982 жылы 20 сәуірде туған. Бойы – 188 см, салмағы – 86 келі. Латвия ғана емес, Литва, Польша, Испания, Италия клубтарының сапында ойнап, допты алыстан торшеңберге түсірумен аты шығып жүр. Былтыр Литваның «Летувос-Ритас» клубыныңсапында өнер көрсеткен. Өткен маусымда осы команда сапында «Астанаға»қарсы ойнап, шеберлігімен көзге түскен.
Міне, маусым аралығындағы «Астана» баскетбол клубындағы өзгерістер – осындай. Бес ойыншы кетіп, бес ойыншы келді. Кеткендердің де, келгендердіңде екеуі – өз ойыншыларымыз да, үшеуі – легионерлер. Команда сапына келген бесеу, кеткен бесеудің асып түсе ала ма, оны уақыт көрсетеді.
Алдағы маусымда плей-оффтың бірініші сатысынан өтуді мақсат тұтып отырған «Астана» құрамын осылай екшеді. Бұларға келісімшарттары ұзартылған немесеәлі өз күшінде мына ойыншыларды қосыңыздар:
Антон Пономарев, Рустам Ерғалиев, Рустам Мырзағалиев, Павел Ильин, Дмитрий Климов, Максим және Роман Марчуктер, Анатолий Колесников, Джерри Джонсон (бәрі де – Қазақстан құрамасының ойыншылары), Бранко Цветкович, Брион Раш, Дэвид Саймон (легионерлер).
Нұрғазы САСАЕВ
«Шахтер» албандық «Скендербеуді» 3:0 есебімен жеңді
Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында Астанадағы «Астана Арена» стадионында қарағандылық «Шахтер» албандық «Скендербеуді» 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.
Виктор Кумыков «Скендербеу» үшін бұрыннан нәтиже берген үш шабуылдаушы жүйесін шығарды. Рохер Каньяс айып добы қақпадан жанай өтті. Соның арқасында қарағандылықтар бұрыштама соғуға мүмкіндік алды. Допты алған Алдин Джидич бұрыштамада басымен гол соқты, есеп 1:0.
Албандықтар қанша тырсқанымен нәтиже шығара алмады.
Үзілістен кейін қарағандылықтар барынша сақ ойнады. Қарсыластар белсенді шабуылдаса да жолдары болмады. Бір жолы Бакари Нимага айып добын қатты бергенімен доп қақпа шетін жанап өтті, қарағандылықтар үшін бұл сәттілік еді. Гедиминас Вичюстің пасынан Роман Муртазаев тағы бір гол салды қақпаға, есеп 2:0 –ге жетті. Ал матчтың соңғы минуттарында Сергей Хижниченко бұрыштан қиғаш тепкен добы қақпаға дәл түсті. Қорытынды есеп — 3:0.
Командалардың қарымта кездесуі 6 тамыз күні өтеді.
«Шахтер» (Қарағанда, Қазақстан) - «Скендербеу» (Корча, Албания) 3:0 (1:0)
Голдар: Джидич 8 (1:0), Муртазаев 79 (2:0), Хижниченко 90 (3:0)
Ескерту: Финонченко 23
«Шахтер»: Мокин, Васильевич, Порываев, Джидич, Симчевич, Вичюс, Казарян, Каньяс (Байжанов 90), Финонченко (Дарабаев 86), Зенькович (Муртазаев 73), Хижниченко
«Скендербеу»: Шехи, Врапи, Адемир, Радаш, Гвозденович (Димо 90), Орелеси, Томич (Абази 72), Сефа, Лиляй, Шкемби, Пеич (Нимага 46)
Бас төреші: Алексей Николаев (Ресей)
«www.bnews.kz».
Астанада 74 шақырым велобан салынады

Астанада велосипедшілер мен велоспорт әуесқойларына арналған ауқымды велобандар салынады, деп хабарлайды astana.kz сайты қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасай отырып.
«2011 жылы Үкімет қаулысымен бекітілген Астананың бас жоспарына сәйкес, 2030 жылға дейін велобандар салу көзделген» — деп көрсетілген жазбада.
Велобандардың ұзындығы 74 шақырым болмақ, сондай-ақ, велосипед жолдары, тұрақ орындары, орындықтар және велосипедтерді жалға алу бекеттері салынады. Бұдан басқа велосипед жолдарының қала көшелерімен қиылысатын жерлерінде жол өтпесі, бағдаршамдар және пандустар салу жоспарланған.
Велосипед жолдарының үш типі болады. Бұл тек велосипедшілерге ғана арналған жол, көлік жолындағы бетон қоршаумен немесе белгімен оқшауланған велосипед жолы және жаяу жүргіншілер жолының құрамындағы веложол, ол да белгімен немесе жиектермен бөлінеді.
Сондай-ақ, велосипедтерді қалдыруға болатын арнайы орындар ұйымдастырылады. Естеріңізге сала кетсек, 2011 жылы Қорғалжын тас жолының аумағында 4 шақырым веложол салынған
Қазақстанның волейболшы бойжеткені Вьетнамда ең әдемі ойыншы атанды
Вьетнамның Ниньбина қаласында әйелдер арасында «Вьетнам теледидары» кубогының халықаралық бәсекесі өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
Оған алты ұлттық құрама – алаң иелері, Австралия, Таиландтың жастары, Қазақстанның екінші құрамасы және қытайлық Shandong және Jiangsu атты екі клуб қатысты. Қазақстанның Людмила Перевертова жаттықтырған командасы төртінші орынды қанағат тұтты. Олар тек Таиландтың жастарын жеңді.
Қуаныштысы сол, сайыс қорытындысында Қазақстан құрамасының сапында ойнаған 17 жастағы біздің облыстың «ШығысСвинецСтрой» командасының ойыншысы Әлия Баткулдина турнирдің ең әдемі («Ару VTV-Eximbank Cup 2013») волейболшысы атанды. Бойы екі метр қызымыз теледидар кубогына қатысқан бойжеткендердің ішінде ең көріктісі деп танылды. Ал кубокты Jiangsu командасы иеленді. Қытайлық клуб өткен жылы сегізінші орынды иеленсе, біздің ойыншылар бесінші сатыда қалған еді.
«www.bnews.kz».
«Гламурный» жұлдыздар «Ел аузында»! 3 тамыз, сағат 20:00-де жіберіп алмаңыздар!
Қазақфильм ұсынады
Ол кинолардың бәрін мына жерден табасыздар:
http://kaztube.kz/ru/video?category_id=49
Қазір біздің қоржында бар фильмдер:
Батыр баян
Ақсақ құлан
Айдаһар аралы
Сұлтан Бейбарыс


