Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ұсталды
2013 жылғы 23 шілдеде Астана қаласы бойынша қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері кәсіпкерден ауылшаруашылық өнімдерімен сауда саттық жасауда қамқолық көрсету үшін құны 109 мың теңге тұратын «HP» маркалы ноутбук түрінде пара алды деген күдікпен Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел селолық округі әкімінің міндетін атқарушы Қ.Қарымсақовты ұстады.
Сол күні оған қатысты пара алу фактісі бойыша қылмыстық іс қозғалды.
26 шілдеде Қарымсақов сот санкциясымен қамауға алынды.
Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.
