«Шахтер» албандық «Скендербеуді» 3:0 есебімен жеңді
Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында Астанадағы «Астана Арена» стадионында қарағандылық «Шахтер» албандық «Скендербеуді» 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.
Виктор Кумыков «Скендербеу» үшін бұрыннан нәтиже берген үш шабуылдаушы жүйесін шығарды. Рохер Каньяс айып добы қақпадан жанай өтті. Соның арқасында қарағандылықтар бұрыштама соғуға мүмкіндік алды. Допты алған Алдин Джидич бұрыштамада басымен гол соқты, есеп 1:0.
Албандықтар қанша тырсқанымен нәтиже шығара алмады.
Үзілістен кейін қарағандылықтар барынша сақ ойнады. Қарсыластар белсенді шабуылдаса да жолдары болмады. Бір жолы Бакари Нимага айып добын қатты бергенімен доп қақпа шетін жанап өтті, қарағандылықтар үшін бұл сәттілік еді. Гедиминас Вичюстің пасынан Роман Муртазаев тағы бір гол салды қақпаға, есеп 2:0 –ге жетті. Ал матчтың соңғы минуттарында Сергей Хижниченко бұрыштан қиғаш тепкен добы қақпаға дәл түсті. Қорытынды есеп — 3:0.
Командалардың қарымта кездесуі 6 тамыз күні өтеді.
«Шахтер» (Қарағанда, Қазақстан) - «Скендербеу» (Корча, Албания) 3:0 (1:0)
Голдар: Джидич 8 (1:0), Муртазаев 79 (2:0), Хижниченко 90 (3:0)
Ескерту: Финонченко 23
«Шахтер»: Мокин, Васильевич, Порываев, Джидич, Симчевич, Вичюс, Казарян, Каньяс (Байжанов 90), Финонченко (Дарабаев 86), Зенькович (Муртазаев 73), Хижниченко
«Скендербеу»: Шехи, Врапи, Адемир, Радаш, Гвозденович (Димо 90), Орелеси, Томич (Абази 72), Сефа, Лиляй, Шкемби, Пеич (Нимага 46)
Бас төреші: Алексей Николаев (Ресей)
«www.bnews.kz».

