Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астанада 74 шақырым велобан салынады

 

Астанада велосипедшілер мен велоспорт әуесқойларына арналған ауқымды велобандар салынады, деп хабарлайды astana.kz сайты қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасай отырып.

«2011 жылы Үкімет қаулысымен бекітілген Астананың бас жоспарына сәйкес, 2030 жылға дейін велобандар салу көзделген» — деп көрсетілген жазбада.

Велобандардың ұзындығы 74 шақырым болмақ, сондай-ақ, велосипед жолдары, тұрақ орындары, орындықтар және велосипедтерді жалға алу бекеттері салынады. Бұдан басқа велосипед жолдарының қала көшелерімен қиылысатын жерлерінде жол өтпесі, бағдаршамдар және пандустар салу жоспарланған.

Велосипед жолдарының үш типі болады. Бұл тек велосипедшілерге ғана арналған жол, көлік жолындағы бетон қоршаумен немесе белгімен оқшауланған велосипед жолы және жаяу жүргіншілер жолының құрамындағы веложол, ол да белгімен немесе жиектермен бөлінеді.

Сондай-ақ, велосипедтерді қалдыруға болатын арнайы орындар ұйымдастырылады. Естеріңізге сала кетсек, 2011 жылы Қорғалжын тас жолының аумағында 4 шақырым веложол салынған

 
0
0
387

Осы тақырып бойынша

Астанада 74 шақырым велобан салынады - Yvision.kz