«Айналайын». Телехикая («Қазақстан» ҰТА, «Satai film», 2011 ж.)
Көңілді отбасының қызықты оқиғалары. Бүгін сағат 21:50-де Ұлттық арнадан «Айналайын» отбасылық телехикаясын тамашалаңыздар.
Көңілді отбасының қызықты оқиғалары. Бүгін сағат 21:50-де Ұлттық арнадан «Айналайын» отбасылық телехикаясын тамашалаңыздар.
2013 жылғы 7 тамызда ҚР Қорғаныс министрлігіндегі Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының құрылғанына 10 жыл толды. Осыдан 10 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің директивасымен мемлекеттік тілді оқыту және талдау, редакциялау бөлімдерінен тұратын Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы құрылды. Қазіргі уақытта әскер түрлері мен тектерінде, өңірлік қолбасшылықтарда мемлекеттік тілді дамыту бөлімдері, қызметтер, топтар, мамандар қызмет атқарады. Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді дамыту мамандарының жұмысы үшін нормативтік-құқықтық негіздері: заңдар, оқыту бағдарламалары, төл әскерімізде мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары, жеке тапсырмалар жоспарлары жасалды. Осы құжаттардың негізінде Қарулы Күштерде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған ауқымд…
Солтүстік Ирландияда өтіп жатқан XV Дүниежүзілік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындарында Қазақстан құрамасының капитаны Серік Нұрғалиев ел қоржынына қос алтын салды, деп хабарлайды BNews.kz команданың баспасөз қызметкері Ринат Тасболатовқа сілтеме жасап.
«С.Нұрғалиев Бенчпресс (жатып сығымдап көтеру) және пушпуллифтинг (күштік қоссайыс) күш сайыстарында үздік нәтиже көрсетіп, екі рет алтын тұғырға көтерілді», — делінген Тасболатовтың хабарламасында.
Айта кетейік, спортшы таяуда жаттығу барысында ауыр жарақат алған болған, соған қарамастан ол үмітті ақтап отыр.
www.bnews.kz».

Қазақстанның ерлер құрамасы Баскетболдан Азия чемпионатында Оңтүстік Кореяға есе жіберді— 47:71 (14:16, 13:22, 9:19, 11:14), деп хабарлайды Sports.kz.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандықтар топтық кезеңнің үш ойынында жеңіске жеткен болатын, Қытай командасымен өте тартысты өткен кешегі ойында 67:73 есебі тіркелді.
Ертең ел спортшылары Иран құрамасымен кездеседі.
«www.bnews.kz».
«Қазақстан оқушысы» – аламан теңдессіз дода. Еліміздің ең үздік велоспортшыларының бәрі осы көпкүндікте шыңдалып, спорттық ғұмырларын осы додадан бастаған. Шығыс Қазақстан облысында велоспорттан «Қазақстан оқушысы» деп аталатын дәстүрлі көпкүндік веложарысы басталды. Осымен 44-ші рет ұйымдастырылып отырған аталмыш додаға еліміздің бірнеше аймағы мен Өзбекстаннан жалпы саны 121 велошабандоз қатысуда. «Қазақстан оқушысы» – аламан теңдессіз дода. Еліміздің ең үздік велоспортшыларының бәрі осы көпкүндікте шыңдалып, спорттық ғұмырларын осы додадан бастаған. Атап айтқанда, Андрей Кивилев, Александр Шефер, Сергей Третьяков, Александр Винокуров, Андрей Мизуров, Андрей Кашечкин, Дмитрий Фофонов, Асан Базаев, Роман Киреев сынды әйгілі кәсіби велоспортшыларымыз осы көпкүндіктің әр жылдардағы жеңімпа…
Қазақ футболының 100 жылдық торқалы тойы аталып өтетін нақты күн бекітілді. Шығыс Қазақстан облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне сүйенсек, мерейтой 21-22 қыркүйекте Семей қаласында өтеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz. Бүгінде еліміздегі ең үлкен спорттық мерекеге кешегі кеңестік дәуірдегі аты аңызға айналған «Спартак» (Мәскеу), «Рубин» (Қазан), «Динамо» (Тбилиси), «Қайрат» (Алматы), «Восток» (Өскемен), «Спартак» (Семей) футбол клубтарының ардагерлері қатысуға келісімдерін беріп қойыпты. Олардың қатысуымен Семейдегі күрделі жөндеу жүргізілген «Спартак» стадионында жолдастық кездесулер өтеді. Бұл – футбол десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер үшін әйгілі аяқдопшыларды көз-бен көріп, қолтаңбаларын алуға тамаша мүмкіндік. Сонымен қатар бұл күндері қаланың ортал…
Өзіміздің маман Андрей Шаянов та, ресейліктер – Андрей Хомутов пен Владимир Крикунов та елордалық ұжымды биікке жетелеуге қауқарсыз болды. Ендігі кезек – Селинге келді. Фин маманы ауыр жүкті арқалай ала ма? Астананың «Барыс» хоккей клубы жаңа маусымға қызу дайындалуда. Финляндиялық бапкер Ари-Пекка Селин келгелі бері бірнеше жолдастық кездесу өткізген елордалық ұжымның дайындық деңгейін дәл анықтау әзірге мүмкін болмай тұр. Өйткені «Барыс» бірде сәтті, бірде сәтсіз өнер көрсетуде. Швейцария жерінде дайындығын пысықтап жатқан командамыз жергілікті «Давос» ұжымымен екі бірдей жолдастық кездесу өткізді.Алғашқы бәсекеде елордалықтар 5:2 есебімен жеңіске жетті. Сөз ретінеқарай айта кеткеніміз жөн шығар, «Давос» Швейцария елінің бетке ұстар командаларының бірі саналады. Бұл клуб ішкі біріншілік…
Бірнеше жыл ішінде біздің еліміздің аумағында халықтың арасында, оның ішінде көбінесе жастардың арасында дінге қызығушылық артып келеді. Үңіліп қарайтын болсақ біздің қазақ жастарымыз ислам дініне көңілдерін бөліп, араларыңа сіңіп кетті. Жастарымыз шылым-ішімдікті, ессіз қыдыруды, жаман әдеттерді қойып, жаман жолдан аулақтағанына қарамастан үлкендердің арасынан және үкіметтен бұндай жағдайға біршама қарсылықтар туғаны білінді. Көбінесе қарсылықтар осы жолды қуған бойжеткендеріміздің киім-тұрысына қарай бағыталған болатын. Ол яғни ұлдарымыздың сақал өсіруіне байланысты, ал қыздардың жабық киім мен басына орамал (хиджаб) киюіне байланысты ашық түрде сын айтылып, осындай киімге әлеуметтік маңызды орындарда киюіне тіпті тиым салуына әкелді. Сондықтан мен бүгін осы мәселеге байланысты сөз қозғ…
Қаржы полициясы органдары қылмыстық жолмен табылған және Қазақстаннан шетелдерге шығарылған активтерді анықтау және қайтару бойынша жұмысты жүргізуде. Мәселен, Храпуновтардың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты қылмыстық істі тергеу барысында Қаржы полицясы агенттігі Швейцар конфедерациясының құзыретті органдарына қылмыстық іс бойынша құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық тапсырма жіберді. Құқықтық көмек көрсету туралы тапсырмада көрсетілген құжаттар мен дәйектер Швейцарияның уәкілетті органдарымен сараланып, нәтижесінде Храпуновтарға қатысты Швейцар конфедерациясының аумағында қылмыстық жолмен табылған капиталды заңдастыру фактісі бойынша қылмыстық қудалау басталды. Қазіргі кезде Швейцарияның құзыретті органдары Храпуновтар жанұясының акивтеріне олардың заңдылығын анықтағанға дейін т…
Көрерменнің жанкүйер бөлігі бүгінгі Скендербеу-Шахтер ойынын демін ішіне тартып күтіп отыр. Астанада жауапсыз 3 голмен жеңген соң, Тиранада өтетін ойынға о басында уайымдай қойған жоқпыз. Бірақ айы-күні толғанда бәрі бекер екен. Қазір жанкүйерлердің скептик бөлігі "былай боп қалуы мүмкін, олай боп қалуы мүмкін" деп, қара аспанды түнертіп жатса, оптимист бөлігі - албаниялықтарды тек ғайып-ерен қырық шілтен құтқарады деп, тоқмейілсіп отыр. Қай кездегідей, күдік пен үміт аралас болжамдар. Ақпарат айдынына онша таныс емес Скендербеудің ойын алаңы жұтаң деп жатыр әлеуметтік желідегілер. Базбіреулер тіпті қаржылық әлеуетін біліп алғанға ұқсайды. Бірақ "жеңіс" деген бақытқа соқыр сенім - жеңілістің алғышарты екенін естен шығармайық. "Шахтерға" тілекші болып, добына жанкүйерлік "дем салу" міндеті…