Жаңа
«Алғашқы махаббат». Телехикая (Түркия, 2011 ж.)
Құлай сүйген қыз махаббаты... Ұлттық арнадан «Алғашқы махаббат» телехикаясын бүгін, сағат 19:30-да тамашалаңыздар.
«Тәуіп Хо Жун». Телехикая (Корея, 2000 ж.)
Науқастың жанын қалай да ажалға бермеймін деп арпалысқан тәуіп туралы бүгін Ұлттық арнадан «Тәуіп Хо Жун» атты корей телесериалын 15:55-те тамашалай аласыз.
«Қазақтелеком» жаңа қызмет ұсынады
Бар болғаны 8 800-080-24-23 нөмірін теріңіз де, мәзірдегі нұсқаулық бойынша шақырылатын абонентке қоңырау шалыңыз. Шақырылған абоненттің қоңырауы расталғаннан кейін, сөйлесе беруіңізге болады.
Толығырақ: http://telecom.kz/news/single/13958/news?lang=ru

Кәсіпқой армия – бүгінгі күн талабы
Кәсіби армия құру жөніндегі міндетті орындау аясында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде офицерлердің, сержанттар мен қатардағы сарбаздардың лауазымдарын келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақтаудың жаңа жүйесі бойынша запастағы әскери қызметшілермен жасақтау жөніндегі жұмыс жалғасуда.
Таяуда Талдықорған қаласында Алматы облысы Қорғаныс істер жөніндегі департаменті ұйымдастырған жылжымалы тіркеу пункті қала орталығындағы халық көп болатын жерде келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау жөнінде насихаттау және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Жылжымалы тіркеу пунктінің жұмысы барысында 90-ға жуық азаматқа әскери қызметке қабылдану шарттары туралы кеңес берілді. Дәл осындай жұмыс сол күні Ақтөбе қаласында да қолға алынды.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
«Алдар Көсе» комедиясында («Қазақфильм», 1964 ж.)
Оны Алдар Көсе дейтін, бұл - лақап аты еді. Алдар - алдаушы, Көсе - сақалы жоқ дегенді білдіреді. Оның шын есімін, ондай адамның болған, болмағанын ешкім білмейтін. Бірақ қай ауылға барсаң да, оның есімі ел аузынан түспейді. Әр әңгіменің тоқетер жері - ол кедей болса да пейілі кең, жоқ-жітіктерге қол ұшын беріп, халықты езген бай-манаптардың әділетсіздігіне қарсы күрескен-мыс.
«Келін». Телехикая (Үндістан, 2008 ж.)
«Келін» телехикаясының жаңа маусымы. Әжей Анандидің үйіне оралуына неліктен қарсы? Бүгін Ұлттық арнадан сағат 22:45-те тамашалаңыздар.
«Алғашқы махаббат». Телехикая (Түркия, 2011 ж.)
Тағдыр тәлкегіне ұшыраған қыз қандай шешім қабылдамақ? Ұлттық арнадан «Алғашқы махаббат» телехикаясын бүгін, сағат 19:30-да тамашалаңыздар.
«Айналайын». Телехикая («Қазақстан» ҰТА, «Satai film», 2011 ж.)
Ауылдың қызықтары. Бүгін сағат 21:50-де Ұлттық арнадан «Айналайын» отбасылық телехикаясын тамашалаңыздар.
«Тәуіп Хо Жун». Телехикая (Корея, 2000 ж.)
Тау-тасты кезіп, дімкәс жанға шипа болар дәрілік шөп іздеуден жалықпаған адал дәрігер туралы бүгін Ұлттық арнадан «Тәуіп Хо Жун» атты корей телесериалын 15:55-те тамашалай аласыз.