Еліміздегі 2013 жылдың 8 айындағы қылмыстылық ахуалы туралы баспасөз ақпараты
2013 жылдың 8 айында еліміздегі тіркелген қылмыстар деңгейі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 31,3 пайызға (2012 ж. 8 айындағы 184 418-ден а.ж. 8 айында 242 049-ға) өсті. Сондай-ақ, жалпы қылмыстардың да 30,9%-ға (2012 ж. 8 айындағы 172 811-ден а.ж. 8 айында 226 153-ке) өскені байқалады.
