Біз ІІ ғылыми-тәжірибелік конференцияөткіздік
Бүгін (10.09.13) Алматыда «Қазақтелеком»АҚ-ның Халықаралықғылыми-тәжірибелік конференциясы өтуде. Конференцияға «Тіркелген байланыс операторлары: инновациялар, проблемалар және жұмыс тәжірибелері» деген тақырып арқау болып отыр.
Қатысушылар перспективалық технологиялар туралы пікір таластырып, тіркелген байланыс операторларының қолданыстағы бизнес модельдерінің тиімділігін, telco2.0 деген жалпы ұғымдарға негізделген қауымдастықтар құрудың мүмкіндіктерін, сондай-ақ трафиктің өсуі мен ARPU құлдырауы, дауыс трафиктерінің желілерден жылыстауының компания қызметтеріне әсері сияқты тіркелген байланыс операторларының проблемаларын талқылауда. Конференцияның аясында Еуропа, Ресей, Жапония, Беларусь және Қазақстан елдерінің жиналған спикерлер сөз сөйлейді деп жоспарлануда.
«Қазақтелекомның» стратегиялықбасқару жөніндегі бас директоры БатырМаханбетәжиевтің айтуынша, электрондық хат-хабарлар мұндай басқосуларды алмастыра алмайтыны анық. «Бұл күн санап өсіп отырған сұраныстарды қамтамасыз етуге асыққан операторлардың, қызмет көрсетушілердің, байланыс жабдықтарын жасаушылардың мен жоғары оқу орындарының келешекке бетбұрыстары», - деді Б.Маханбетәжиев.
Конференция «Заманауи телекоммуникациялар мен басқару жүйелері» V халықаралық конгресінің аясыда өткізілуде. ICUMT конгресіне жоғары оқу орындарының өкілдері, байланыс операторлары телекоммуникациялық жабдықтар шығарушылар, АКТ саласындағы ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері қатысуда.






