Мазмұнға өту

Жаңа

Әлем чемпионатындағы еркін күресшілердің соңғы үміті енді Ақжүрек Таңатаровқа артылады


Ақжүрек Таңатаров
Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Әлем чемпионатында жарыстың алғашқы 2 күні де қазақстандық еркін күресшілер үшін сәтсіз аяқталды.

Расул Қалиев (55 кг), Дәурен Жұмағазиев (66 кг), Таймураз Тагиев (96 кг), Дәулет Ниязбеков (60 кг), Аслан Кахидзе (84 кг), Дәулет Шабанбай (120 кг) үздіктер қатарына іліне алмады.
Бүгін енді Руслан Өміралиев баптайтын еркін күресшілер құрамасының соңғы үміті Ақжүрек Таңатаровқа (74 кг) артылып отыр. Бұл күні сондай-ақ әйелдер күресінен Зульфия Яхъярова (48 кг) мен Татьяна Аманжол (51 кг) да өз бақтарын сынайтын болады.
Ал ертең Айжан Исмағұлова (55 кг), Джулия Сатымбекова (59 кг) мен Екатерина Ларионова (63 кг) жарыс көрігін қыздыруға тырысады.

АЛМАТЫ.  ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
0
0
390

Ауыр атлетика: Польшаға әлем чемпионатына баратын құрама белгілі болды


Ауыр атлетика
20 қазан күні Польшада басталатын ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық ауыр атлеттердің есімі белгілі болды. Бұл туралы «Аламан»хабарлады.

Жарыстың ресми сайтының дерегіне сүйенсек, мына спортшылар Қазақстан намысын қорғайды.

ҚЫЗДАР
48 кг. Галина Мамотова;
53 кг. Маргарита Елисеева,
58 кг. Сәуле Сәдуақасова;
63 кг. Карина Горичева, Кристина Крахалова;
69 кг. Жазира Жаппарқұл, Анастасия Халикова немесе Гүлназ Наурызованың бірі барады;
+75 кг. Мария Грабавецкая.

ЕРЛЕР
56 кг. Арли Чонтей, Тимур Хасаров;
69 кг. Альберт Линдер;
94 кг. Алмас Өтешов, Владимир Седов;
105 кг. Сергей Истомин. Ескендір Момынбеков (резерв);
+105 кг. Ибрагим Берсанов, Селимхан Абубакиров.

 

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Руслан Ғаббасов

0
0
708

Хоккей: «Барыс» омбылық «Авангардты» жеңді

«Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Авангард» (Омбы) командасын қабылдап, 5:2 есебімен жеңіске жетті. Бүгінгі ойынға дейін «Барыс» пен «Авангардтың» 18 рет кездескенін атап өткен жөн. Сол матчтарда қарсыластар 12 рет жеңіске жетсе, 6 ойында біздің мерейіміз үстем болды. Алайда осы кездесу бәрінен де өзгеше өтті деуге болады. «Барыстың» форварды Брэндон Боченски ойынның 22 секундында (!) есепті ашып, Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымында ең жылдам шайбаның авторы атанды. Шыны керек, «Авангард» есеңгіреп қалды. Бұған дейін олардың «Ақ барстан» 0:5 есебімен ұтылғаны тағы бар. Әйтеуір, «Авангард» ойынның екінші кезеңінде ғана есін жиғандай болды. Есеп теңесті. Алайда екінші кезеңнің аяғына дейін бес минут қалған кезде, Роман Старченко және Талғат Жайлауов екі бірдей шайбаны соғып, есепті 3…

0
0
399

Қазақстандық армрестлинг бойынша әлем біріншілігін жеңіп алды


Қазақстандық Ольга Шлижевская

Қазақстандық Ольга Шлижевская Польшада армрестлинг бойынша әлем біріншілігін жеңіп алды, деп хабарлады Vesti.kz сайтынан LIFETIME спорт клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыс Гдыня қаласында өткен. Әлем біріншілігіне әлемнің 44 елінен мыңнан аса спортшы қатысты. Шлижевскаяға 65 килограмдық салмақта ешкім теңесе алмады.

Шлижевская — Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және 15 мәрте Азия чемпионы. Оның қоржынында 2009 жылғы әлем чемпионатының қола медалі тағы бар.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
427

Қазақстандық десантшылар «Өзара іс-қимыл-2013» оқу-жаттығулары өтетін ауданға ұшып кетті

Бүгін Алматы облысындағы «Жетіген» аэродромынан С-295 әскери-көліктік ұшақтарымен Аэроұтқыр әскерлері десантты-шабуылдаушы бригадасының әскери қызметшілері Беларусь Республикасына ұшып кетті. ҰҚШҰ Жедел ден қою күштерінің бірлескен оқу-жаттығулары Беларусь Республикасының аумағында 2013 жылғы 20-26 қыркүйек аралығында өтеді. Оған Армения Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Республикалары қарулы күштерінің контингенттері қатысады. Қазақстаннан оқу-жаттығуларға Аэроұтқыр әскерлерінің Талдықорғанда шоғырланған бригадасының десантты-шабуылдаушы батальоны қатысады. Батальон командирі капитан Әсет Серікбаев. Осының алдында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Руслан Әлімов бастаған Қазақстан Қарулы Күштерінен іріктелген же…

0
0
402

Амансыз ба, әлеумет!

Амансыз ба , әлеумет ! Жаңбыры мол, құбылмалы жазды артқа тастап әдемі , бояуы қанық күзге аяқ бастық. Бәрімізге тұтқан оразамыз қабыл болып,Алланың ризашылығында болайық ,келесі айтқа аманшылықпен жетейік деген тілегім бар . Ораза кезінде ауа-райының қоңыр салқын ,жаңбырлы болғаны кейбірімізді қуантса да ,егіншілердің көңілдері күпті болғаны анық. .Алайда күз жайдары , шуақты болса, халқымның ырыздығы мол болары сөзсіз.Ләйім солай болсын да! Жаз кезіндегі ауа-райына қарамастан біреу үй салса, біреу пәтерін жөндеуден өткізді. Денсаулығын қалпына келтіргендермен қатар, жүйкесін тоздырып алғандар да баршылық..Соңғылар- балалары мектеп бітіріп, ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп жүректері дүрсіл қаққан шіркін ата-аналар. ҰБТ дегеніңіз-пайдасы мен зияны бірдей шара деп ойлаймын. Пайдасы-бір күн…

0
0
694

Амансыз ба, әлеумет!

Амансыз ба , әлеумет ! Жаңбыры мол, құбылмалы жазды артқа тастап әдемі , бояуы қанық күзге аяқ бастық. Бәрімізге тұтқан оразамыз қабыл болып,Алланың ризашылығында болайық ,келесі айтқа аманшылықпен жетейік деген тілегім бар . Ораза кезінде ауа-райының қоңыр салқын ,жаңбырлы болғаны кейбірімізді қуантса да ,егіншілердің көңілдері күпті болғаны анық. .Алайда күз жайдары , шуақты болса, халқымның ырыздығы мол болары сөзсіз.Ләйім солай болсын да! Жаз кезіндегі ауа-райына қарамастан біреу үй салса, біреу пәтерін жөндеуден өткізді. Денсаулығын қалпына келтіргендермен қатар, жүйкесін тоздырып алғандар да баршылық..Соңғылар- балалары мектеп бітіріп, ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп жүректері дүрсіл қаққан шіркін ата-аналар. ҰБТ дегеніңіз-пайдасы мен зияны бірдей шара деп ойлаймын. Пайдасы-бір күн…

0
0
599

Қазақстандық отбасының күнделікті тіршілігі

Қазақстандық әрбір  отбасы  күнделікті   қызықты  өмір сүреді және  оларға iD Home  көмектеседі.

Қалай дейсіздер ғой?!

Әрбір отбасы iD Home  қызметтерін  қалай  пайдаланады, сонымен танысыңыздар!

Біздің инфографика:

1
1
1385

Әділбек Жақсыбеков Пәкістан Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысымен кездесті

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков пен Пәкістан Ислам Республикасы Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал Ашфак Каянимен кездесу өтті. – Пәкстан Оңтүстік Азия аймағындағы Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі болып табылады, және біздің ел де келешекте екіжақты қарым-қатынастың нығая түсуіне мүдделі. Қазақстан Президенті – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев біздің мемлекеттеріміздің арасындағы байланыстар достық пен өзара түсіністікке, ынтымақтастыққа негізделгендігіне әрқашан сенім білдіреді. – Екі ел Қарулы Күштерінің арасындағы тәжірибе алмасу әскери ынтымақтастықтағы басым бағыттардың бірі,-деп атап өтті Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Ашфак Каянимен екіжақты кездесу кезінде. Өз кезегінде генерал…

0
0
290