Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстандық волейболшы қыздар Азия чемпионатының ширек финалында кореялықтарға есе жіберді


Қазақстандық волейболшы қыздар
Волейболдан Таиланд еліндегі Накхонратчасимада өтіп жатқан әйелдер арасындағы ХVII Азия чемпионатында Александр Гутор жаттықтыратын Қазақстан құрамасы бүгін ширек финалда Оңтүстік Корея спортшыларынан 0:3 (12:25 23:25 20:25) есебімен жеңіліс тапты.

Ал 1/8 финалдық сында Қазақстан құрамасынан 3:1 есебімен басым түскен жапондықтар ирандықтарды 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Бүгін сондай-ақ, австралиялықтар филипиндіктерді, моңғолиялықтар мьянмалықтарды гонконгтықтар шри-ланкалықтарды, тайландтықтар тайбэйліктерді дәл осындай есеппен жеңді.

21 қыркүйекке дейін созылатын бұл додада қазақстандықтардың өткен жылғы көрсеткішін жақсартуға мүмкіндігі бар. Атап айтқанда, былтыр 9-орынды қанағат тұтқан олар,биыл алдағы сында 4-8-орындарға таласатын болады.

АЛМАТЫ.  ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
 
0
0
825

Осы тақырып бойынша

Қазақстандық волейболшы қыздар Азия чемпионатының ширек финалында кореялықтарға есе жіберді - Yvision.kz