Мазмұнға өту

Жаңа

Инстаграмдағы қазақ әншілері

Соңғы кезде смартфоны бар қазақстандықтардың басым бөлігі Instagram желісін пайдалануда. Заманауи студенттер, аналар, бизнесмендер, дизайнер, фотограф, журналист, әнші, маркетолог және т.б. мамандық иелері бұл mobile app арқылы суреттерімен бөлісіп, инстаграмсыз күн көре алмайды. Бүгінгі материалда қазақстандық әншілердің инстаграмына шолу жасайық. Дильназ Ахмадиева @dilnaz80 Танымал әнші Дильназ Ахмадиеваның инстаграмында 19 876 жазылушылары бар екен. Дильназ жеке өмірін, әртістік гримсыз күнделікті келбетін көрсетуден тартынбайды. Сондай-ақ достары және жақындарымен түскен суреттерін жиі іліп отырады. Аша Матай @asha_matai Алғашында әнші болып бастаған Аша Матайды қазір көбінесе актриса және тележүргізуші рөлінде көреміз. Алайда онымен қоса, оның танымалдылығы да артып келеді. 16 899 жа…

5
4
6163

Сағадат Нұрмағамбетов

Бүгін 90-ға қараған шағында Қазақстанның Халық Батыры, Кеңес Одағының Батыры,Тәуелсіз Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов қайтыс болды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Сағадат Нұрмағамбетовтің туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. – Бұл бүкіл Қазақстан үшін орны толмас қаза. Біз ұстазымыздан әрі сенімді досымыздан айырылдық. Сағадат Қожахметұлы Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихында аңызға айналған тұлға ретінде қалады,-деді Әділбек Жақсыбеков. Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы, ұлты-қазақ, 1924 жылы 25 мамырда Целиноград облысы Алексеев ауданында (қазіргі Ақмола облысы Ақкөл ауданында( дүниеге келген. 1942 жылы мектеп партасынан Қызыл Армия қатарына шақырылып, Түркіменстанның Кушка қаласындағы әскери училищ…

0
0
5737

Қаржы полициясы бұрынғы судьяны қамауға алды

Ағымдағы жылғы 19 қыркүйекте Алматы облысы бойынша қаржы полициясы департаменті Талдықорған қалалық сотының бұрынғы судьясы А.Нұрбосыновқа қатысты ірі көлемде пара алуға оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ол 2013 жылғы мамыра, Талдықорған қалалық сотының судьясы бола тұра, Г. деген азаматшадан азаматтық іс бойынша оның пайдасына шешім шығару үшін 3 млн.теңге көлемінде пара алуға оқталды деп айыпталуда.

2013 жылғы 19 қыркүйекте Нұрбосынов ұсталды, 21 қыркүйекте ол сот санкциясымен қамауға алынды.

Бұдан бұрын, 21 қыркүйекте ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты судья лауазымынан босатылған болатын.

Қылмыстық іс тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.

0
0
348