Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жалпыкомандалық есебінде 21-ші орынды иеленді


Кеше Венгрияның Будапешт қаласында аяқталған әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қола медальдарды жеңіп алды, хабарлайды Sports.kz.

Жүлделерді грек-рим күресіндегі балуан Нұрмахан Тінәлиев (120 келі) және әйелдер арасында Екатерина Ларионова (63 келі) жеңіп алды.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан Иранды жеңіп (4-1-2), 21 орынды (0-0-2) иеленді, одан кейін Ресей (3-4-4) және Жапония (3-0-1) келе жатыр.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
296

Қазақстандық паралимпиадалықтар Бүкіләлемдік спорт ойындарында 26 медаль жеңіп алды

Қазақстанның Ұлттық паралимпиадалық құрамасы IWAS-2013 Бүкіләлемдік ойындарында 26 медаль жеңіп алды. Жарыстар Голандияның Стадсканаал қаласында қыркүйектің 14-і мен 22 аралығында болып өтті. Өткен жарыстардың қорытындысы бойынша «алтын» алғандар: Михаил Еременко (жүзу: 50 м., еркін стиль; 50 м, батерфляй), Равиль Мансұрбаев (диск лақтыру, ядро лақтыру), Руслан Өтебалиев (жүзу, 100 м., арқамен жүзу), Владимир Эрман (жүзу, 100 м., еркін стиль), Оксана Митякова (жүзу, 50 м., баттерфляй), Зүлфия Ғабидуллина (жүзу: еркін стиль, 50 м. және 200 м.; 150 м., кешенді жүзу; 100 м., еркін стиль, 50 м брасс); «Күміс» алғандар Зүлфия Ғабидуллина (50 м., арқамен жүзу), Алина Михайлова (жүзу: 50 м., еркін стиль; 100 м., еркін стиль ), Руслан Өтебалиев (жүзу, 50 м., еркін стиль), Дмитрий Ли (жүзу, 100 м.…

0
0
324

Ұлттық паралимпиадалық комитетіне жаңа вице-президент тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиадалық комитетінің Президенті Қалетаев Дархан Аманұлының бұйрығымен Жұмабаев Айдар Әбілмәжінұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиадалық комитетінің вице-президенті болып тағайындалды Білімі жоғары, М.Горький атындағы Мәскеу әдебиет институтын аяқтаған. 2003 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың қаңтарына дейін Айдар Жұмабаев «Мир» МТРК Қазақстан орталық ұлттық филиалының директоры қызметін атқарды. Қазақ мемлекеттік телевидениясының әдеби-драматургиялық бағдарламалар Бас редакциясында еңбек етті, Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасының оқытушысы, тәуелсіз «Таң» телекомпаниясының Бас редакторы, республикалық «НТК» телекомпаниясының Президенті, Халықаралық журналистика орталығының президенті болып қызмет етті, сонымен қатар, Қазақст…

0
0
530

Серік Ахметов Сочи қаласының олимпиадалық спорт нысандарында болды

Ресей Федерациясына Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысуға келген ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Сочиде саммит басталар алдында бірқатар олимпиадалық спорт нысандарында болды. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады. С.Ахметов «Үлкен» мұз айдыны сарайын, «Адлер-Арена» жабық коньки тебу орталығын және «Айсберг» мұз айдыны спорт сарайын аралап көрді. Премьер-Министр спорт құрылыстарының сапасын және жобалардың ауқымын жоғары бағалады. «Біз Сочидің Олимпиадаға даярлығының ауқымынан зор әсер алдық. Ойындар жоғары деңгейде өтетініне күмән жоқ. Қысқы Олимпиадалық ойындарды өткізуде табыстар тілеймін» — деді ҚР Премьер-Министрі. Еске сала кетейік, ХХІІ қысқы Олимпиадалық ойындар Сочиде 2014 жылғы 7-23 ақпан аралығында өтеді. АСТАНА. ҚазАқп…

0
0
320

Әлемдік футбол жұлдыздары Семейде баспасөз мәжілісін өткізді

Жас футболшыларға жұмсалған инвестициялар әлемдік деңгейде мемлекет намысын қорғайтын елдің құрама командасын қалыптастыруда талантты ойыншыларды дайындауға көмектеседі. Бұл туралы Қазақстан футболының 100 жылдығына орай Семей қаласында әлемнің футбол жұлдыздарының қатысумен өткен баспасөз мәжілісінде танымал неміс жаттықтырушысы Хорст Хрубиш айтты. «Германияда футболды дамыту саясатында жас ойыншылардың тәрбиесіне баса назар аударылады. Олардың жақсы нәтижесін көргесін де бұл саладағы жұмысты одан әрі жандандыра түсуге ынталымыз», — деп атап өтті неміс футболының тарихындағы үздік шабуылшылардың бірі Х.Хрубиш. Ол сонымен қатар, Германия мен Қазақстан футбол федерацияларының арасында бекітілген меморандумның маңыздылығы мен осы ынтымақтастықтың мақсатты түрде дамитынына сенім білдірді. УЕ…

0
0
504