20-жылдық мерейтой
1993 жылы Елбасының шақыруымен елге оралған қандас бауырларымыз ата мекенге оралғандарына 20 жыл толуына орай мерекелі іс-шара ұйымдастырды. Жиын Қаскелең қаласының мәдениет үйнде өтіп, артынан мерекелі ас берілді. Салтанатты жиынға Қарасай ауданының басшылығы, Түркияның Қазақстандағы өкілетті елшісі және зиялы қауым өкілдері қатысты. Мерекелік жиынның ұйымдастырушысы Зейнал Рүстемоғлы.









































